Алғы сөз
Қазіргі күні білім беру саласында мектеп оқушыларын оқытуда жаңаша оқыту технологиялар енгізілуде. Бастауыш сыныпта оқушыларды сабақтарда функционалдық сауаттылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, әртүрлі формада сабақтар өткізіледі.
Сабақтарда оқушылардың өздігінен ізденіп, әр деңгейде тапсырмалар орындап, тіл байлығын, сауатты қаллиграфиялық талаптарға жазуын, өзіндік ой-пікірін айта білуге, үйретуге тапсырмалар беріледі.
Сабақтар топтамасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтар топтамасы-бастауыш сынып ұстаздарына қажетті, көмекші құрал болып табылады.
Байдулина Баян Омархановна
Сынып:2
Пән: Дүниетану
Тақырыбы: Сақтандырғыш рең
Мақсаты: 1. Оқушыларға жануарлардың байқатпайтын, қорғанатын және сақтан-дырғыш реңдері жайлы мағлұмат беру. 2. Жануарлар әлемінің ерекшеліктерін, тобын еске түсіре отырып, жануарлар туралы алған білімдерін дамыту.
3. Жануарлар өміріне терең бойлай білуге, қыр-сырын сезінуге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Дәстүрлі емес, саяхат сабағы
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ.-Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге не берілді?
-Жануарлар туралы қайталау, «Жануарлар жемін қалай аулайды?» оқу.
-Балалар, бүгін жануарлар туралы, олардың өмірі, олардың жемін қалай аулайтынын еске түсіре отырып, жануарлар әлеміне саяхат жасайық.
Баратын жерімізге тез жете алмайтындықтан көп жүруге тура келеді. Жолда үнсіз жүрмей жануарлар туралы еске түсіре жүрейік.
Жануарларға не жатады? Олар қандай топтарға бөлінеді?
ІІ-тапсырма. Сызба сызу, топтастыру (Слайд1)
Жануарлар
Шөпқоректі жыртқыш
Қасқыр арқар арыстан
Бұғы түлкі аю
Жолбарыс қоян
І-тапсырма. Мына сөзжұмбақты шешейік. ( Слайд арқылы сөзжұмбақ шешкізу) (Слайд 2-10)
1 1. Бұлар балаларын емізіп қоректендіреді.
2. Тек суда ғана тіршілік ететін жануарлар.
2 3. Бауырымен жорғалайтын жануарлар.
5 3 4. Біздің қанатты достарымыз.
4 5. Суда да, құрылықта да тіршілік ететін
жануарлар.
–О, балалар, мұнда жануарлар көп екен. Қайда келдік, балалар?
- Бұл дала.
-Далада қандай жануар болады екен?
-Ақбөкен, түлкі, қарақұйрық, борсық, қасқыр, кірпі, қоян, суыр.
-Бұлар қандай жануарлар?
-Сүтқоректі.
-Ал осы жануарлар өз жемдерін қалай аулап жейді?
( Үй тапсырмасын айту.)
- Балалар, осы жем болған жануарлар да өмір сүргісі келеді емес пе? Ал олар жауларынан құтылу үшін не істеуі мүмкін?
( Керік қауіпті сезіп қалса, жүйтки жөнеледі. Жыртқыштың оған жетуі қиын. Ал жете қалса да бәрібір керік құтылып кете алады. Оған тегеурінді тұяғы тигенде жыртқыш жанымен әлек болып қала береді.т.б)
Ой шақыру.
-Ал басқа жануарлар не істеуі мүмкін?
(Оқушылардың ойларын білу)
- Онда бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыздың аты «Байқатпайтын және қорғанатын реңдер. Сақтандырғыш реңдер»
Дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
3.Түсіндіру.
Әр жануардың өзінің жауынан қорғанатын реңдері болады, яғни түстері болады. Жаулары келіп қалғанда, өздеріне қауіп төнгенде өзі тұрған жердің түсіне енеді.(Мысалы: көбелек) Не маусымның өзгеруіне қарай түстерін өзгертіп отырады. (Мысалы: қоян). Сақтандырғыш рең жырқыштарға қажет. Мысалы, орман іші ағаштардың жіңішке бұтақтарының көлеңкесі мен күннің сәулесімен жолақ-жолақ болатындықтан жолбарыстың да түсі жолақ-жолақ болады. Басқа жануарлар оны байқамайды.
Мәтінмен жұмыс.
4. Ары қарай жылжиық.
Сен білесің бе? Бұл қызық!! (Слайд 15-21)
Керіктің тілі қап-қара, ұзын екен. Оның ұзындығы 50 см.
1кг бал жинау үшін ара 2 миллион гүлге қонады екен.
1 тәулікте шымшық балапандарын 1000 рет тамақтандырады.
Денесіне қарағанда миы үлкен жануар –құмырсқа.
Қолтырауын терең су түбіне жүзу үшін үлкен тас жұтады екен.
-Қызық па, балалар? Естеріңде сақтап жүріңдер.
-Біз қайда келдік?
-Орманға. (Слайд 22)
Сергіту сәті.
Кішкене демалып алайық.
Таңғажайып тамаша,
Орманға әсем қараса.
Оң жағыңда ақ қайың
Майысады жай ғана
Сол жағыңда шырша тұр
Құстар ұшты аспанға.
Қорқақ қоян қашады
Секіреді ордан орға
Сұр қасқырлар жем іздеп
Орман кезер тынбастан
Бізді көріп қалмасын
Тығылайық таласа.
-Нелердің дауысы шығады?
-Құстардың.
-Иә, орманда құстар көп. Олар- тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ,мысықторғай, жамансары. Ал қандай жануарлар тіршілік етеді екен?
-Сілеусін, бұлан, аю, тиін, жабайы тышқан.
5.Ары қарай жылжиық.
(Шалғынға саяхат.) (Слайд 23)
-Қайда келдік? Мұны, балалар, шалғын дейді. Қандай жануарлар бар екен?
-Бөдене, шыбын, көбелек,қоңыз, шегіртке.
-Қазір осы жәндіктердің «әңгімесін» оқиық.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу.
Дәптермен жұмыс.(Берілген жануарларды реңдеріне қарай бөліп жазу)
Байқатпайтын және қорғанатын рең Сақтандырғыш рең
Көбелек жолбарыс
Шыбын ұшар
Шегіртке шегірткеші
Ойын ойнау.
-Балалар, қазір біз ойын ойнайық! Ойынның аты «Мені тап!» (Слайд 25-30)
(Слайдтан суреттер көрсету арқылы байқатпайтын және қорғанатын реңдер, сақтандырғыш реңдерді пайдаланатын жануарларды табайық)
ІІІ. Қорытынды.
Сұрақ-жауап
Ойын «Көбелек жасырайық!»Көбелек жасап,әр берілген суреттегі гүлге түсіне қарай жабыстыру. (Слайд 31)
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Байдулина Баян Омархановна
Сынып:3
Пән: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Жазғытұры. Абай Құнанбаев.
Сабақтың мақсаты:Білімділік:өлеңдерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,
дүниета нымын кеңейту, елестету, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік:табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Абай өлеңдерін оқуға сүйіспеншіліктерін арттырту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі. «топтастыру», сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Абай Құнанбаев суреті, көктем суреттері, тірек сызбалар, кесте.
Сабаққа психологиялық дайындық. Тренинг «Бойтұмар»
Қызығушылыған ояту, жасырын сурет, топтастыру.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазір сендерге адамның бас сұлбасын таратамын. Ол сендердің достарың. Достарыңның бас сұлбасына бүгінгі сабағымыздың қалай өтетінін қалайсыңдар, сол тілектеріңді жазыңдар (белсенді, қызықты, көңілді, пайдалы, мағыналы, жақсы т.б). Осындай тілектерің бүгінгі сабақта көрініс тапсын деп сабағымызды бастаймыз. Ал өздерің қиып алған достарыңды «бойтұмар» ретінде партаның шетіне қойыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексер
1. Біздің өткен тарауымыз «Жақсыдан үйрен» деп аталған. Неге олай аталады? Дәлелдеңдер.
2. Осы бөлімнен оқыған мәтіндерді осы түйін сөздер төңірегіне топтастырыңдар.
3. Тарауда кездескен мақал-мәтел, нақыл сөздерді айтыңдар?
Жаңа тақырыпта меңгертуге дайындық.
І. Жаңа тарау: Масатыдай құлпырар жердің жүзі
- Бұл тарауда көктемгі тіршілік туралы әңгіме болады. Осы тараудың атын қалай түсінесіңдер?
Масаты - түкті мата.(кілем)
Жердің бетіне шыққан шөпті соған теңеп тұр, - дай, - дей жұрнақтары теңеу мағынасын береді (2 - 3 матаның кесіндісін көрсету.)
- Ендеше, табиғаттың төрт мезгілін сөзбен айтып шығайық: көктем, жаз, күз, қыс.
Ал қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді? (Көктем)
Көктем айларын кім атап береді?
2. Көктем мезгілі туралы қандай өлең шумағын білесіңдер? Егер көктем туралы өлең шумағын айтып берсеңдер, жасырын сурет көрсетемін. (Абай Қ.суреті)
-Рахмет, балалар сендер көктем мезгіліне байланысты өлең шумағын біледі екен сіңдер. Сендердің білімдеріңнің арқасында бүгін біз жаңа сабағымыздың тақырыбын айқындадық.
Сонымен бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы кім туралы екен? (Абай атаның жыл мезгілі көктем туралы).
Енді жазғытұры, яғни көктем мезгілі, туралы не білетінімізді сызбаға түсіреміз.
-Ал балалар, Абай атамыз туралы біз сендермен 2-сыныпта өткеміз. Есімізге түсіріп көрейікші. Абай атамыз кім болған?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Әрбір өлеңнің шығу тарихы бар.
Абайдың заманында «көктем» cөзi болмаған. Сондықтан «Жазғытұры» деген сөзді пайдаланған. Ал «көктем» деген сөз жыл мезгілі ретінде XX ғасырдың 40-50 жылдарында пайда болған. «Көктем» — «көктеу», «көктеме» деген сөзден шыққан. яғни «көгеру», «өсіп шығу» дегенді білдіреді. Бұған дәлел: XX ғасыр басындағы ақындардьң осы жыл мезгіліне арналған өлеңдері «Жазғытұрым» деп атаған.
2. Өлеңді оқып беру (түсініксіз сөз, сөз тіркестерін белгілеп отыру)
3. Сөздікпен жұмыс.
Мастыдай-түкті; елжірер – мейірлену
3. Балалар кезектесіп оқиды.
4. Сергіту сәті.
5. Жазғытұрым /өлеңді талдау/ қара өлең ұйқасы
ІҮ. Бекіту.Сұрақ-жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
-Автор көктемді қалай суреттеген? (Көктемде жер бетінің құлпыратын, мал төлдеп, құстар туған жерге оралып, ағаштар бүршік жарып, жер бетінің әдемі түске енетінін айтады)
-Күннің шуағын кімге теңейді? (Мейірімді ата-анамызға)
Ү. Шағармашылық тапсырма.
1-топ. Абай туралы шағын әңгіме жазу.
2-топ. «Көктем» сурет бойынша әңгіме жазу.
ҮІ. Қорытынды.
-Балалар, бүгін біз Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен таныстық, енді осы өлеңге талдау жасау үшін «Әңгіме кестесі» парағын толтырайық.
(үлестірмелі кесте таратылады)
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
1.Өлеңнің аты
|
|
2.Өлеңнің авторы
|
|
3. Көктемгі табиғат туралы не дейді?
|
|
4.Өлеңде жан-жануар, құстар, өсімдіктер туралы не айтады?
|
|
5.Өзің тұрған жердің көктемі қандай?
|
|
1.Абай Құнанбаев алғаш кімнен дәріс алған? /ауыл молдасынан/.
2.Ол Семей қаласындағы қандай медреседе оқиды? /Ахмет Риза/.
3. Елімізде ұлы ақынға қандай құрмет жасалған? /Ақын атымен аталған қала, мұражай, театр, ескерткіш, көше атаулары, ауыл және аудан атаулары
4.Абайдың өлеңдерін ата.
5.Неше жасында өлең жазуды бастаған? /10-12 жасында/.
6. М. Әуезовтың бас кітабы кімге арналған? / «Абай жолы» ақынға арналған/
7. Неше қара сөзі бар? /45/.
-Балалар, сабақтың басында жасаған бойтұмарларыңды қолдарыңа алыңдар. Бойтұмарда не деп жазған екенсіңдер? (оқиды). Осы тілектерің барлығы бүгінгі сабақта орындалды ма? Ендеше болашақтағы өмірлерің қызықты, пайдалы, әрі мағыналы болсын.
ҮІІ. Бағалау парағы.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.Өлеңді жаттау.
2. Өлеңінің мазмұны бойынша сурет салу.
3. Көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын
біліп келу.
Байдулина Баян Омархановна
Сынып: 4
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу.708*347 және 245676:708
Сабақтың мақсаты:Білімділік: үш таңбалы сандарды көп таңбалы сандарға көбейту және бөлуге машықтыру. Дамытушылық:Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлауын есте сақтау. Тәрбиелік:Адамгершілікке еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздық қа тәрбиелеу. Қазіргі өмірге бейімдеп оқыту.
Сабақ түрі: «Білім биржасы» Ойын түрінде.
Көрнекілік: таблица, сары, жасыл, қызыл түсті акциялар кеспе сызық
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, дәлелдеу
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастырукезеңі:
Психологиялықдайындық.
ІІ. Үйтапсырмасынтексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз «Білім биржасы» деп аталады. Бұл заманға сай жаңадан енген сөз. Биржа дейтініміз не? Латын сөзінен енген сөз. Орыс тілінде аударғанда «Кашелек» деген мағынаны білдіреді. Қазақшаға аударғанда «қапшық». Биржа – құнды қағаздарды сатып алатын, сататын нарықтық ұйымдасқан формасы. Биржаның түрлері: қою биржасы, өнімдер биржасы, еңбек биржасы. Сол сияқты біз бүгін «білім биржасы» ойыны арқылы біліміміздің қаншалықты құнды екенін анықтаймыз.
Сыныпты екі топқа бөлеміз.
1 – биржа. 2 – биржа.
Оқушылардың тапсырма орындағанда жауаптары акциялармен бағаланады.
Оқушы жауабының толықтығына қарай әр түсті акциялар алады. Толық емес жауап – сары түсті акция, дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап – жасыл түсті акция , дұрыс негізделген жауап – қызыл түсті акция алады. Әр түсті акцияның құны бар. Оны банк бекітеді. Сары түсті акция -3000 теңге, жасыл түсті акция – 4000 теңге, қызыл түсті акция – 5000 теңге. Алған акцияларынды есептеп, отыратын «акционер» оқушы таңдаймыз. Қай биржа көп акция жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Түсіндіру. Көбейіткіш неше таңбалы сан?
Неше толымсыз көбейтіндінің мәні шықты?
Әр толымсз көбейтіндінің мәні қандай ретпен жазылған?
Бірінші толымсыз бөлінгіші қай разрядтың
Бірлігін көрсетеді.
2 – толымсыз бөлінгіш ше?
3 – толымсыз бөлінгіш ше?
Қалай бөлдік?
Тақтамен жұмыс: әр топтан 1 оқушыдан шығып карточкадағы тапсырманы орындау. №3
5.Ойланайық, ойнайық. Есеп шығару.
Жүк м V1= 60 км/ сағ Ш: 480км : 80 км/сағ = 6сағ
Жеңіл м V1 = 80км/сағ 480км : 60км/сағ =8 сағ
S2 – 480 км 8 – 6 =2сағ
S1 — ? 2 * 60км = 120км
Ж: жүкмашинасыжеңілмашинасыкелгенде120 км жүрген.
6.Өздікжұмыс:
Түскедейін – 7а
Түстенкейін 5 а
әравтобуста 150 Ш: 7 * 15 + 5 * = 180 б
Барлығы — ? б Ж: Барлығы:180 б.
7.Сергітусәттері:
Бір акциорнеріміз, акционерміз,
«Биржа» сөзін қазақша қашық дейміз.
Акциямыз көбейтіп, қапшығымыз толу үшін,
Көп оқып, білімімізді толықтырамыз.
8.Тез шешейік. Бөліндінің кампониенттерін еске түсіру.
Бөліндінің мәні. 234 604 49
Бөлгіш 23 39 65
Қалдық 21 31 64
Бөлінгіш х х х
9. Фигураларды дұрыс сыз.
11.Қорытындылау:
- Бүгінгі сабақта көбейтудің қандай жаңа тәсілдерін кездестірдіңдер? (Ортасында нөлі бар үш таңбалы санға көбейту)
- Қандай тапсырмаларды орындауға қиналдыңдар?
- Нені қайталау керек?
Әрбір топтың жинаған акциясының құнын шығару. Алға шыққан қай топ екенін айту.
12.Үйге тапсырма. №8 №9
13.Өз-өздерін бағалайды.
Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна
Пәні:
|
Математика
|
Сыныбы: 4 «а» сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көбейту және бөлу
|
Жалпы мақсат:
|
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін меңгереді, мысалдар-да, есептерде, математикалық тапсырмаларда қолдана алу дағдыларын жетілдіру
|
Сілтеме:
|
Математика оқулығы 47-48 - бет. "Атамұра" 2015. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 35- бет
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алады. Жеке, жұппен, топпен жұ-мыс істеу арқылы бірін-бірі үйретеді. Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін пысықтай түседі. Өзін-өзі реттейді, топтық талқылау-ға қатысады. Өзін, өзгені бағалай біледі.
|
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:
|
Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақы-рыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, күлегештер.
|
Әдіс тәсілдер:
|
Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. Диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау, Оқудағы көшбашшылық, АКТ.
|
Дереккөздері:
|
Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |