Сабақтар топтамасынан «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»



Дата23.05.2017
өлшемі123,65 Kb.
#16685
түріСабақ


Кулмырзаева Мадина Кылышбековна Мұғалімнің порфолиосы А есебі

5-топ Үшінші негізгі(базалық) деңгей

Қызылорда қаласы 11.06.2013 жыл




А- Тізбектелген сабақтар топтамасынан «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін қалай және не үшін енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Ең алғаш елімізде жүріп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттырудың «ХХІ ғасыр жаңа практика» тақырыбындағы үш айлық оқу жайлы естіп, осы курстан өтуге құштар болдым. Осы курсты оқу арман болғандықтан «Сындарлы оқыту» тұжырымдамасы негізімен оқытатын курс жайлы Аллаберген ағайдың ұстаздарға жеткізген хабары өте орынды, арманымның орындалуына жолдамадай сезілді. Осы оқуға мені жібермеді, өзім сұранып келдім. Курс барысында біріншіден, өзімнің білім беруге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Бұрын соңды көкейімде жүрген сұрақтарға жауап алғандай болдым. Екіншіден, осы курсқа келгеніме қуаныштымын, себебі тренерім Гүлназ Спанбетқызымен танысып білімімді жетілдіруге мүмкіндік алдым деп ойлаймын.

Ең алғаш келгенде менде мынадай сұрақтар туындады: Біз не өтіп жатырмыз? Бізге бұл әдістердің не қажеті бар деп? Бұл әдістерді қалай қолданамын? Бірінші «Бетпе-бет» кезеңнің аяғында жауап алғандай болдым. Сұрағымның жауабына рефлексивтік есеп жазуды үйрендім.

Мен сабақтарымды бұрын сонды білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдермен өтіп жүрмін, бірақ оның қай модуль түрлеріне жататындығы жайында жетік білмейтінімді осы курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңіне келгенде түсіне бастағандай болдым, бірақ тәжірибе кезеңінде бұрын соңды мән бере бермейтін жайттарға, айтар болсам оқушымен әңгімелесе отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерден ойлауға жетелеуге болатындығына, қызығушылық артатындығына мән бере бастадым. Өз бетімше ізденіп, Гүлназ Ақбенбетқызы түсіндірген жеті модуль бойынша түсінік алуға тырыстым.

Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардыі түсінгенін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. (МАН,7 бет ).

Өзгерістер – бұл қашанда қарсылыққа және түсінбеушілікке тірелетін, шарықтауы мен құлдырауды басынан кешіретін, жаңа идеяларды, ал оның артынан жаңа мәселелерді туындататын ұзақ және драмалық үрдіс.

Біздің мақсатымыз – тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша орта мерзімді жоспар құрып, сол бойынша сабақ жүргізу. Сол жоспар құрғаннан кейін, мектептегі іс–тәжірибем басталды. Өз бетімше ізденіп, әр технологияны тәжірибемде пайдаланып жүрдім. Соның ішінде «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» көп пайдалансам да жетік түсіне алмағанымды білдім. Оқушы–мұғалім, оқушы-оқушы арасындағы өзара сұхбаттасуы, диалогтың оқушылардың сабақты меңгеру барысында өзіндік ой пікірлерін жүйелеу мен дамытуды меңзейтінін тәжірибе барысында көрінді. Оқушыға «Менің ойымша» деген ұғымның қалыптасуына ықпал етеді. Сенімділік бар жерде оқушыға да сеніммен білім бере аламын. Сенімділік қарым-қатынас (мұғалім мен оқушы, оқушы – оқушы, оқушының жанұясындағы қарым–қатынас, тұрмыс жағдайынан хабардар болуым, т.б.) орнатуға да, сапалы білім беру жолында оқушылардың сезімталдығын нығайтуына пайдасы мол. Өз сабағымда диалогтік оқытуды пайдаланудың маңызы зор екенін көрдім. Осы тәсілді қолдану барысында оқушылардың өздігінен білімді жинақтай отырып, бұрынғы және жаңа білімдерін ұштастыра отырып білім ала алатындықтарының олардың білім алудағы жауапкершіліктерін жетелейтінін көрдім.

Сабақ барысында түрлі модульдер стратегияларын қолдана отырып, бұрынғы және жаңа білімдерін ұштастыра отырып, білу, түсіну, қолдануға дағдылана бастағандаймын. Бірінші «Бетпе–бет» кезеңіне келгенде ең бірінші үйренгенім өз іс-әрекеттерімізді диалогтық арқылы оқыту. Ол үшін бізге тренерлеріміз күнделікті іс-әрекеттерімізді қағаз бетіне түсіріп отырсақ өзімізге талдау жасауға көмегі болатындығын түсіндірді. Сөйтіп мен өз-өзіме есеп беруді үйрене бастадым. Оның қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Есеп беру барысында өзімнің бүгінгі күнде алдыма қойған мақсатыма жете алдым ба, жоқ па? Жеткен болсам қандай іс-әрекеттер арқылы жеткенімді, іс-әрекеттерімнің тиімді, тиімсіз екеніне анализ жасау үшін керек екендігін ұғындым. Тапсырманы орындау кезінде ұмытып қалмаймын ба? деген оймен күнделікті сабақ барысында жазып отырайын десем жаза алмадым, уақыт тапшы болды.

Қашықтан оқытудағы кезеңінде 7 «В» сыныбын таңдадым. 7 «В» сыныбына бағдарлама бойынша түсініктер бердім. Сөйтіп орта мерзімді жасап алып тізбектелген сабақтар топтамасын қалай өткізетінімізді, әдіс-тәсілдер мен бағалау өлшемдерін, оқушы мен өз әрекеттерімізді қиыстыра пайдалану мүмкіндіктерімізді ықпалдастыру мәселесін табысты шешу үшін әрекет еттік. Сабақ барысындағы осы модуль қалай ықпалдасқаны жайлы айтар болсам;

Біріншіден, диалогтық оқытубойынша тәжірибемнен мысалдар келтіргім келеді, екіншіден, сабақтың тиімділігін арттыру үшін сұрақ қою мәселесін қолдану тәжірибем және үшіншісі, оқушылардың санасындағы өзгерістерді өздері басқаруға жетелейтін метатаным мәселесі қалай қозғалды деген сұрақтарға жауап іздегім келіп отыр.

Диалогтық оқытуды енгізу 1-сабақта кеңейтілген тапсырмасынан басталды. Әуелі жұптық формадағы талқылауда «Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері жайлы не білеміз?»сұрағы берілді. Осы сұраққа жауап беру үшін жұптағы оқушылар бір минуттай уақыт кеңесіп, бірімен-бірі ойларын диалогтық қатынаста өрбуі керек болатын. Ойларын, көзқарастарын, қабылдау мен меңгерудегі өз шешімдерін кезекпен-кезек әңгімелеу керек болатын. Әуелгі кезде балалар біраз жатырқады, әңгіме басталмады, кейде бір-екі сөйлеммен ғана шектеліп отырды. Осы орайда мен қайтадан қайта бағыттау сұрағын қою керектігін түсіндім. «Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері жайлы кім тағы қандай мағлұмат бере алады? Дыбыстарды ойнату бағдарламаларының қандай ерекшеліктері бар екен?» деген сұрақты қайта бағыттап қойдым. Сол кезде оқушылар әңгімелесуге еркіндеу кіріскен сияқты болды. Мен бұны әрі қарай өрбітсе топтық әңгімеге де ұластыру жолдарын байқағандай болдым. Бір-бірімен тіл табыспайтын оқушылар жұптық жұмыс барысында ашылып, сөйлесетін болды.

Келесі «Фонограф программасы» тақырыбында өткізген сабағымда кіріспе бөлімде, диалогтік әңгіме жүргізу үшін «Келесі» тапсырмасы берілді. Топтық жағдайда талқылау, сұрақтарға жауап беру және шешімге келе білу әрекеті ұсынылды. Топтық формада ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасауға жаттығу үшін, бірімен-бірі үйлесімділікке, тыңдауға, талқылауға, түйіндеуге дағдылану осындай тапсырмалардан бастау алуы керек. Өздеріне тапсырма бойынша сұрақтар құрастыру тапсырмасы берілді.

Сонда 1-топта пайда болған сұрақтар: - Лазерлік және әмбебап ойнатқыш бағдарламалары арасындағы байланыстары?

2-топта пайда болған сұрақтар: - Фонограф бағдарламасы өзінің файлдарына қандай кеңейтуді меншіктейді? Неліктен?

3-топта пайда болған сұрақтар: - Фонограф бағдарламасында құрылған дыбыс файлының дауыстау ұзақтығы қандай?

Осы әрекеттерден кейін оқушылардың сұрақ қоюға деген машықтары ның өскендігі байқалды, сонымен қатар сұрақ қоюдың маңыздылығы не үшін қажет екендігін түйсінулері үшін жағдай жасағым келді.

Бастама-жауап-кейінгі әрекет сұрақтары да арасында пайдаланылды, бұндай қарапайым сұрақтардың да тигізетін әсері болады. Бірақ жоғары деңгейлі сұрақтарды құрастыру дайындықты қажет ететіндігін байқадым.

Екінші сабағым «Сыныптың компьютерлің желісі» тақырыбында диалогтік оқыту көрініс тапты. Осы тақырыптағы балалардың негізгі меңгеретін ақпараттарына келер болсақ,?????. Диалогтық оқыту формасын жүзеге асыру үшін берілген тапсырма «?», орындау барысында оқушылар бірлесе топтық әңгімеге қатысуы керек болатын. Қажетті деректерді жүйелі жинақтауға үйрету үшін сұрақтар тізбесі қарастырылды:

1-сұрақ:


2-сұрақ:

3-сұрақ:


4-сұрақ:

Әрбір сұрақ бойынша диалогтық тәсілмен оқушылар өзара ақпарат алмасуға, табылған деректерді сыни тұрғыдан талдауға, реттілігі мен қажеттілігін негіздеуге, ақпараттардың маңыздылығын негіздеуге үйренуді мақсат еткен болатынмын. Осы сабақтағы оқушылардың диалогқа қатысуы бірінші сабақпен салыстырған сәль де болса белсендірек болғанын байқадым. Оқушылар айтып отырып, өз үйренгендерін практикада қолданып оймен де, тәжірибемен де бөліскенді қалады. Балаларды бұрынғы дәстүрлі жағдайда бірыңғай шектееп ұстайтынымызға тағы да бір көзім жеткендей болды.

Үй тапсырмасында «Айлақ есте сақтау», үндемей қалмау ойыны бойынша оқушыларға сұрақтар қойдым. Бұл жерде мұғалім мен оқушы арасындағы әңгіме болып табылады.

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптары жайында түсінігім, алғаш осы курсқа келген кезде тренер бізге бір сұрақ қойды. Біз ол сұраққа күрделі жауабын іздеп, таппай отырсақ, тренер жауабын өзі айтқанда оның жауабы оңай болып шықты. Сол секілді мен де сабақ барысында қоятын сұрақтарымның күрделі екенін байқадым. Осы курс барысында жеңіл сұрақтарды қоюға, сұрақтан сұрақ туындататындай (жеңілден күрделіге қарай) сұрақ қоюды үйрендім. Бұл сөйлеу қабілеті төмен, сөз қоры аз оқушыларды сөйлетуге және оның дамуына жағдай жасайды.

Сөйтіп, оқытудың диалогтік тәсілін қолдана отырып сұрақ қою арқылы оқушының сыни ойлануына да ықпал етуге тырыстым. Үй тапсырмасында жұптық жұмыс арқылы сұрау кезеңінде балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктерінің бірі, ең нақты түсініктемені табуға ұмтылатын оқушының ұтқырлығы және де дәлелдердің деңгейі маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін пайымдауға бағытталған ашық сұрақ беруді жөн санадым. ???? Осы сұраққа жауап беруде оқушылардың ұтқырлығы, пайымдылығы анық байқалғандай болды.

Менің сабақтарымда әңгімелесудің екі түрі, яғни топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме жүрді деп ойлаймын. Себебі, кейбір сұрақтарға айтылған пікірлермен топ келіссе, кейбір сұрақтарға айтылған жауаптарға дәлелдер айтылып жатты.

Үшінші сабағым «Жалпы желі ұғымы». Үй тапсырмасы бойынша «Кәдімгі керемет» ойыны арқылы сұрақ жауап стратегиясы бойынша өткіздім. Сұрақ–жауап беру арқылы үй тапсырмасына әр оқушының тиянақты дайындығы тексеріледі. Топтық жұмыс барысындада оқушы мен оқушының сұқбаттасуынан диалогтің дамуын көруге болады. Сабақта диалог маңызды рөл атқарады.

Осы сабақ барысында ашық сұрақ ??? тапсырма бойынша берілді. Жауап беру кезінде әуелі жұптық, содан кейін топтық талқылау тапсырылды. Нәтижесінде сұраққа оқушылар қиналыңқырап жауап берді, кей сұрақтардың жауабын білмеді. Сұрақтарға оқушылар жұқа ғана жауап беріп, толық жауап бере алмай қиналған тұстары да байқалды. Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, бекіту, бағалау, қорытынды рефлексия диалог арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырады, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады, сабақтың белсенді өтуіне әсер етеді. Балаларды диалог пен дәйектер, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және ой ұшқыр жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Баланың ойлау қабілетін жандандыру мақсатында осы тақырып төңірегінде сұрақтар қоя бастадым. Қандай компьютердің топтары жергілікті және дүниежүзілік желімен біріктірілген? Интернет тарихынан мағлұмат? Желі арқылы хабар алмасу жүйесі қалай аталады? Неліктен? Outlook Express программасы не үшін керек?

Келесі Жаңа сабақты ашу мақсатында «ғылыми зерттеу орталығы» ойыны арқылы оқушыларға топқа тапсырма бердім. Өздеріне тиесілі сұрақтарға оқушылар жауапкершілікпен жауап беруге тырысты. Бұл жұмыста орын алған диалогтік оқытудың нәтижесі: Бағалауды меңгерту жұмыстарын жүргізген кезде тапсырмаларды орындау барысында да диалог орын алды: берілген тақырыптар бойынша оқушылар суреттер салып, топта талдап, ортаға келіп жобаларын қорғады (постерлерін, фотосуреттер). Диалогтік оқытуға сәйкес сыныптағы барлық оқушылардың ой-пікірлері, көзбен көру, ауызша ақпарат жасау дағдылары қалыптасты. Байқағаным, диалогтік оқыту белсенді жүргізілген жағдайда оқушылардың білімі, сыни ойлауы жоғары және тиімді болады. Білім алуда сұрақ қою маңызды және қойылатын сұрақтар жоғары деңгейде болуы керек. Егер сұрақ төменгі деңгейде болса ол «жабық» сұрақ болып есептеледі. Бұл кезде жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Ал сұрақ жоғары деңгейде қойылғанда оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен талдайды. Оқушылар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізе отырып, бір- бірінің түсінулеріне көмектеседі.

Төртінші сабағым «Электронды пошта дегеніміз не? Хабарлар құру». Осы сабағымда да диалогтік оқытуды әрмен қарай жалғастырдым. Үй тапсырмасы бойынша «Сынақтан өткізу» әдісін пайдаландым. Сұраққа оқушылар анық, дұрыс жауап берді. Бұл жерден байқағаным оқушылар диалогтік оқудың дамыған байқадым. Қуанғаным оқушылардың өзіне деген жауапкершілігі, сабаққа деген ынтасы артқан. Жүйелі, нақты, мені ойландыратын жауаптар да айтылды. «Мен техника құрастырушымын» сайысында екі топқа тапсырма беріледі. Сөйтіп өзімнің жетекшілігіммен сұрақтар қойылды: Бірінші топқа «Компьютердің құрылғыларын жалғау», екінші топқа Дербес компьютерді жалғау». Мұнда оқушылар плакатка жазып, тақтағы шығып қорғайды. «Кім жылдам?» сайысында команды капитандары ортағы шығып, жасырылған бірнеше сөзді алады да қарсы команда мүшелері тез жауап беруі керек. Мұнда диалогтың сұхбат ретінде жүргізілді. «Компьютерлік фирма құру» өз ойларынан дербес компьютер шығарып, суретін салып, сатумен айналысады. Мұндағы екі топта өте жақсы орындап, таныстырып, аукционға шығарды.

4-сабақта диалогтық оқыту өз жалғасын табу үшін және кеңейтілген түрде жүзеге асырылуы үшін 3 топқа үш түрлі ашық сұрақ қойылды. Осы үш сұрақтың негізінде үш топта зерттеушілік әңгіме жүргізілуін сұрадым. Әңгіме жүруі үшін олар сұрақтардың дұрыс қойылуының керектігін жақсы түсінді.

Бұл жерде менің сабақтағы әрекетім төмендегіше болды:

Оқушылар жауап бере алмаған сұрақ болып жатса ситуацияға сәйкес, қайта бағыттау сұрағын қоямын немесе қажетті ақпараттардан кеңес беріп отырдым, бірақ «дұрыс емес» деп бағалауды қолданбадым, себебі, жауабың дұрыс емес деп баланың көңілін түсіруге тағы да болмайды. Бұдан кейінде жауапты мақтау, жауапты түзету, оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыру әрекеттері болды.

Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар оңай сұрақтарға жауап беруге қиналады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қоюда тақырыптан ауытқиды. Логикалық ойлау дағдыланбаған. Уақыттың тапшылығы да кедергі келтірді. Ойын бөлгім келмей, аяғына дейін тыңдайын деп, сұраққа жауап алар кезде уақыт көп кетіп қалады. Тәжірибе барысында оқушылардың бір- біріне қарапайым сұрақ қоюға дағдыландыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырдым.

Осындай диалогтар оқушылардың ойлау, сөйлеу және ойлауды дамытады, сөз қорын байытады. Келесі өтілген сабақтарда да оқушылардың бір-біріне сұрақ қою арқылы, яғни оқушылардың арасында диалог қалыптасуы үшін мен кеңейтілген тапсырмаларды бердім. Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі оқытып жатты. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан кезде материалды тез қабылдайтыны. Осыдан шығатын қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сүрақтарын қоя отырып, жауап алып, оқушылардың бір-біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екен. Оқушылар сабақты жақсы көңіл-күймен аяқтады. Жаңаша оқыту әдісін қолдану әріптестер тарапынан қызығушылыққа ие болды. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ үрдісінде пайдалана отырып, табиғатынан тұйық өз ойын жеткізуге шалағай, өздеріне сенімсіздеу оқушылардың білімділік, шығармашылық қасиеттерін дамыту.

«Жас шыбықты қалай исең, солай өседі демекші, оқушы-мектеп, ұстаз абыройы. Олардың жақсы біліммен қаруланып, жақсы тәрбие алып шығуы ұстаздан деп ойлаймын. Бір ғана бұл сабақ емес, алда түрлі жаңа типтегі сабақтарды өткізе отырып әдіс-тәсілдерімдіде жетілдіре отырып, мен оқушыларымды білім көкжиегінен көрем деген ойдамын.

Қорыта айтқанда мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтық әңгімелесу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға зор үлес қосатын өзара іс қимылдың тиімді түрі болып табылады.



Сәтсіз шыққан тұстарым:

Cөйлеу және ойлауды дамытады, сөз қорын байытады. Топ мүшелері басқа топқа сұрақтар қойғанда, кейбір жекелеген оқушылардың дұрыстап сұрақ қоя алмауы, жауабын табуды жаңылысулар, кейде өздері жауап берулері орын алып отырды. Топтағы көшбасшылардың менмендіктерге салынып, басқаларға сөз бермеуі көрініс тапты. Яғни, қалыпты жағдайдағы оқушыларға сөйлеуге мүмкіндіктер берілмеді. Мұндай қателіктердің қайталануына болашақта жол бермеуді ұйғардым. Уақыт тапшылығына байланысты кейбір оқушылардың диалогқа қатыспай, тыс қалып отырды.



Қиын болғаны: оқушылардың ережеге бағынбауы, кей оқушылардың топпен келіспей шешім қабылдауы, уақытпен санаспауы, топқа қосылмауы. Дегенмен оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білім көрсеткіштері өзге де жақсы нәтижелері бұл кемшіліктерін жойып, алдағы уақытта жақсы деңгейде болады деген үмітпен сабағымды жалғастырдым.

Сабақ барысында кеткен кемшіліктерге іштей қынжылсам да, оқушылардың жаңа технология негізінде ұйымдастырылған сабақ жатсынбай тез меңгергендеріне ризашылығымды білдірдім.



Сабақ барысында жеткен жетістіктерім:

  1. Оқушылардың қызуғушылығы оянды;

  2. Топ болып жұмыс істеуге төселді;

  3. Өз пікірлерін ашық жеткізе білді;

  4. Зерттеу, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттері дамыды.

Алдағы уақытта өзгерістер енгізу үшін төмендегі ұсынысты қабылдадым:

Болашақта да ашық сұрақтар қоюға, оған жүйелі негіздермен жауап беруге дағдыландыру, уақытты үнемді пайдалануға дағдыландыру үшін жұмыс жасау керек.



Болашақ оқушылардың білім деңгейін жоғарылату мақсатында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» диалогтік оқытуды сабақ беру жоспарына пайдаланамын. Оқушылардың өздігінен реттелуіне негіз бола алатын метатанымға жетелейтін жүйені меңгеруге ұмтылыста боламын деп ойлаймын. Диалогтік оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың ойлауына, сөйлеу мәнеріне, өз ойларын жинақтап, тиімді ұсыныс-пікір, емін-еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етсем бе деймін.

Шектеу болған факторлар:

  1. Бағдарлама тұжырымдарын әуелгіде дұрыс түсінбеуім, қолдану практикамның жетіспеушілігі;

  2. Уақыттың тапшылығы, жаңалықты қабылдаудағы белсенділігімді дамытуым керек;

  3. Сабақ кестесінде информатика пәнінің аптасын 1 реттен өтуі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет