Мектепке даярлық топтарындагы сөйлеу тілін дамыту сабақтарында «мнемотехника »әдісін пайдалану.
№48 «Ақ көгершін» шағын орталығының
тәрбиешісі Ерман А.С.
Мақсаттары мен міндеттері:
- Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу,грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыру. Тапқырлықтарын шыңдау.
Күтілетін нәтижесі: Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын қысқарту.
Кіріспе
Жалпы алғанда біртұтастық жұмыс, балалардың сөздік қорын, түсінігін, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, тілге тән дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретеді.
Тілді меңгеру сабақтарында пәнаралық байланыс үлкен роль атқарады.
Әсіресе қазіргі бастауышта білім беру бағдарламасының мазмұны өзгерген шақта бірінші сыныпқа баратын балалардан алдын –ала сауатты, ауызша сөйлеу мәнері дамыған, сөйлемдерді дұрыс құра білу, сөздерді буынға бөлу, қарындашты ұстай білу және дәптердің жолын айыра білу сияқты үлкен талап койылып отырғандықтан казіргі таңда балабақшадағы мектепке даярлық топтары мен мекемелерінде жүзеге асырылуда. Осындай дайындықты меңгерген балалар ғана жаңартылған бағдарлама бойынша мектепте оңай және жеңіл оқу мен жазу процесін меңгереді.
Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету - мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған.
Тілді үйрену - оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ. Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.
Мнемотехника - балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды.
Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Бірақ, жалғыз мнемотехникамен шектеуге болмайды.
Мнемотехника - оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.
Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:
- Сөздік қорын байыту үшін
- Әңгіме құруға ұйретуге
- Көркем әдебиетті мазмұндауда
- Жұмбақ жасыру және шешуде
- Өлең жаттауда
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Мнемокестені қолдану 3 кезеңнен тұрады:
- Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
- Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
- Қолдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болады,айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр,басқасы ұйықтап жатыр/,қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден құрылады.
Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз ,сосын мнеможолға көшеміз . Мнемокестеде не бейнелеуге болады?
Негізі, мнемокесте - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.
Кіші және орта топ жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, себебі балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана қалады:қар-ақ, шырша-жасыл. Ары қарай суреттерді кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Ересектер топ балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.
Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз.
Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар шағын мәтін, ертегі, өлең-тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.
Осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім немесе тәрбиеші өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасауына да болады.
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
Мектепалды даярлық бағдарламаның базалық минимумда 6-7 жастағы балаларды оқытуда мынадай талаптар қойылған. Балабақша, балабақша қызметкерлер туралы әңгіме құрастыру білу. Сенің атың кім? Кім? Не істеді? сұрақтарына жауап беруді білу. Ойыншықтардың атауын, түсін, пішінін айта білу. Адамның дене мүшелерін атау және таныс сөздерді сөйлемде қолдану. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Тілді дамытуда өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше. Осындай мақсатпен жұмыс атқарып жүрген педагог мамандарға мнемотехника әдісін қолдану өз нәтижелерін де береді деген ой түйіндеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |