Сабақтың атауы Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»



Дата29.06.2017
өлшемі49,17 Kb.
#20578
түріСабақ
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі бойынша тізбектелген сабақ жоспары







Сабақтың атауы

Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»







Сілтеме

Оқулық ; М. Мағауин шығармалары;

Слайдтан тапсырма көздері;









Жалпы мақсаттар

Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мазмұнымен танысу, тақырыбы мен идеясын ашу;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;    өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау;







Оқыту  нәтижесі

Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.







Негізгі идея

«Жетім көрсең, жебей жүр»

Тапсырмаар

І. Топқа бөліну: Достық, Татулық, Ынтымақ, Бірлік.

Психологиялық дайындық:

Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы бейнеролик көрсетіледі.

–          Балалар, бейнероликтен не көріп отырсыңдар?

–          Соғыс жылдарындағы өмір.

–          Дұрыс айтасыңдар, ендеше біздің бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

–          Соғыс жылдарындағы өмір, балалар туралы.

–          Дұрыс, балалар, бүгінгі сабағымызда Ұлы Отан соғысы

жылдарындағы ауыл өмірі, жетім балалар тағдыры туралы жазылған шығармамен танысамыз. (ҰОС туралы қысқаша тоқталу).

Тақтада слайд көрсетіледі.

–          Тақтадан кімнің суретін көріп отырсыңдар?

–          Мұхтар Мағауин- жазушы.

–          Қандай шығармаларын білесіңдер?

(Слайд көрсетіледі: Мұхтар Мұқанұлы Мағауин- тарихшы, жазушы, драматург, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі,  ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты , Қазақстанның халық жазушысы )



1-тапсырма: Оқушылар берілген парақшалардан дұрыс жауапты алып, топтастыру құрастырады.

жазушы           драматург

































 
   тарихшы                       зерттеуші

         ғалым              қоғам қайраткері



2-тапсырма: Мәтін мазмұнымен танысу

І топқа – «Бастау» бөлімі

ІІ топқа – «Зигфрид Ахметұлы» бөлімінің басынан бастап, «…Көкем айтқан»…сөйлеміне дейін

ІІІ топқа – осы әңгімеден «…Ауыл балаларымен кездесу…»деген сөйлемнен бастап, аяғына дейін.

ІҮ топқа – мәтін түгел беріледі. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, өздеріне берілген бөліктің мазмұнын айтып береді. «Толықтыру» тобындағылар әрбір топтан кейін сөз алады.

Сөздік жұмысы: Сыр сандық. Слайд.

Зәузатынан-баласынан деген мағынада

Сұлбасы-бейнесі

Раса-нәсіл. Жер бетінде адамдар өң-түсіне байланысты, ақ, қара, сары нәсіл деп бөлінеді.Қазақтар сары,немістер ақ нәсілді деп есептеледі.

Лобогрейка-егін шабатын техника.

Детдом- жетім балаларды тәрбиелейтін үй.

Бастама-жауап-кейінгі әрекет (Мерсер 1995ж.)

Бастама(мұғалім): Қазіргі таңда біздің елімізде жетім балалар үйі бар ма?

Жауап(оқушы): Ия, еліміздің әр түкпірінде жетім балалар үйі бар.

Кейінгі әрекет(мұғалім): Дұрыс айтасыңдар.

Бастама(мұғалім): Балалардың жетім атануына не себепті деп ойлайсыңдар?

Жауап(оқушы): Ата-аналарының өмірден өтуі, отбасындағы түсініспеушілік, тұрмыс-жағдайының қиындығы, ата-аналарының ішкілікке, нашақорлыққа салынуы, т.б.

Кейінгі әрекет(мұғалім): дұрыс

Бастама(мұғалім): Осындай өмірде тағдыр тауқыметін көрген балаларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіледі?

Жауап(оқушы): Мемлекет ол балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелейді, білім береді, жақсы демалуына, балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайларды жасайды. Бірақ қанша жағдай жасалса да, өз ата-анасы болғанға не жетсін?

Кейінгі әрекет(мұғалім): дұрыс, қай уақытта да өз ата-анасындай болмаса да, мемлекет жетім балаларды қараусыз қалдырмаған, өз қамқорлығына алған. Өздерің мәтіннен оқығандай, ҰОС жылдарында да мемлекет жетім балаларды әр отбасына бөліп беріп, олардың отбасында өсуіне жағдай жасаған. Тіпті ұлтына, нәсіліне де қарамай, адам баласының  барлығын бірдей көрген.

3-тапсырма:

Қазақстан Республикасының Халықтары Ассамблеясы туралы бейнеролик көрсетіліп, сол бойынша оқушылардың пікірлері тыңдалады (постер қорғау-10 минут)



4-тапсырма:

 «Әңгіме кестесі» интерактив тақта арқылы орындау

 

Сатылай кешенді талдау:



1.Әңгіменің аты, авторы.

М.Мағауин «Бір атаның балалары»

2.Тақырыбы:

Ұлы отан соғысы жылдарындағы

қазақ ауылының өмірі, жетім

балалар тағдыры, бауырмалдық,

адамгершілік

3.Идеясы:

Қазақ халқының бауырмалдық,

адамгершілік қасиеттерін дәріптеу

4.Тәрбиелік мәні:

Бауырмалдыққа, қайырымдылыққа,

адамгершілікке, ынтымаққа

тәрбиелейді

5.Жанры:










  Проза, повесть

 






Үй тапсырмасы

 «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет