Пәннің аты: ана тілі
|
Уақыты:
|
1-сынып
|
Мұғалім: Мырзакулова Г
|
Сабақтың атауы
|
Не деу керек? Буын
|
Мақсаты
|
Оқушыларға буын туралы түсініктерді қалыптастыру , сабақ барысында есте сақтауын, сөздікқорын, логикалық ойлауын дамыту.Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу.
Оқушыларға буын туралы түсініктері қалыптасады, сөздік қоры, логикалық ойлауы дамиды.Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке үйренеді.
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге қандай тапсырма берілді?Біз бір-бірімізбен қалай
амандасамыз, қане көрсетейік.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты, дауыссыз
дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау
IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Буын » туралы болмақ. Буын
дегеніміз не?- Қане кім айтады?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Ереже. Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады: от, ба-ла.
58-жаттығу. 1. Сөздерді буынға бөліп оқу.
Апа, әже, ата,көке, шеше, нағашы,жиен.
Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау.
Суретке қарап әңгіме құрап көрейік? -Ата және әже.Бала әжеге қалай көмектесіп жатыр?-Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр.
59-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқыңдар.
1.Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал
2.Күнніңшуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар?
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
Не деу керек?
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып , жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу, айқай
Сен де шықтың ,көршіңді
Қағып кеттің байқамай
Әжең сенің түскі асқа
Қант-кәмпит салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол
VII.Бекіту кезеңі:-Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Мақалдар
«Сіз» деген- әдеп,
«Біз» деген- көмек.
Әдепті бала
Ата –анасын мақтатар
Әдепсіз бала
Ата-анасын қақсатар
|
Үйге тапсырма
|
Мәнерлеп оқу 69-70 бет
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |