Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты



Дата17.02.2018
өлшемі58,92 Kb.
#37769
түріСабақ
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
ИЛЯСОВА АЛМА ИМАМЕДИНОВНА

Дүниетану.



Сабақтың атауы

Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар.

Мақсаты

Мақсаты:

1. Білімділік: Пайдалы қазбалар туралы білімдерін жетілдіре отырып оларды өндіру әдістерімен және қорғау адам өміріне пайдалы қазбалардың маңызы ,олардың түрлері туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірбие жасау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: Табиғи ресурстар туралы ұтымды ой – пікірлер қалыптастыруға өз елінің байлығын қорғауға, үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: пайдалы қазбалар түрлері, контур картасы

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау бақылау, тәжірбие жасау.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер

Дүниетану сабағы.


  • Балалар сіздер еліміздің осынау байлығын игеретін болашақ иесісіңдер. Болашақта дамыған елдердің қатарында болу үшін сіздер білімді ой – өрісі жан-жақты дамыған азамат болуыңыз керек. Ендеше дүниетану сабағында алған білімімізді көрсете білейік.

Қызығушылығын ояту

Оқушыларды пайдалы қазбаның шартты белгілерін алу арқылы топқа бөлу.
1-топ мұнай
2-топ  тас қөмір
3- топ темір

I-топтың сұрақтары:
1.Тау жынысы дегеніміз не?
2.Тау жынысы түріне қарай неше топқа бөлінеді?
3.Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
4.Бос тау жыныстарына нелер жатады?
5.Құм мен саз неге қолданылады?

II-топтың сұрақтары:
1.Пайдалы қазба дегеніміз не?
2.Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?
3.Жанатын пайдалы қазбаларға нелер жатады?
4.Кенді пайдалы қазбаларға нелер жатады?
5.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар нелер?

III-топтың сұрақтары:
1.Гранит сөзінің қазақша мағынасы қандай?
2.Тұз қайдан өндіріледі?
3.Мұнайдан не алынады?
4.Фосфориттен не алынады?
5.Көмірден не алынады?

Үй жұмысын тексеру. 

Топтық жұмыс.
1-топ. Жанғыш пайдалы қазбалар туралы әңгіме.
2-топ. Кенді пайдалы қазбалар.
3-топ . Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Жанғыш пайдалы қазбалар : тас көмір , қоңыр көмір, мұнай, газ


Кенді пайдалы қазбалар: алюминий, мыс, қорғасын, күміс , мырыш.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент..

Проблемалық сұрақ.
-Адам пайдалы қазбаларды қолданбай өмір сүру мүмкін бе?
- Пайдалы қазбаларды қалай өндіретінін білесің бе?
- Біздің облсымызда қандай пайдалы қазба түрі алынады?
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?

Мағынаны тану

Тақырыпты хабарлау және мақсатын түсіндіру.
Мәтінді оқу. Оқығанды талқылау. Сызба құрастыру.
Пайдалы қазбаларды өндірудің неше түрге бөле аламыз.
Өндіру: Карьер, бұрғылау, шахта

Пайдалы қазбаларды өндіру әдістерін анықтау.


Біздің жерімізде бұрғылау әдіспен мұнай өндіріледі. Мұнай жердің терең қабатында тау жыныстарының қуысында іркіліп жиналады. Оны өндіру үшін мұнай қабатына дейін бұрғылайды. Бұрғылаудың пайда болған жеңішке құдыққа құбыр салынады. Жоғарғы қабаттың қысымымен мұнай жылжып құбырға келеді. Бұл жерде оны қуатты сораппен (насоспен )тартып алады.
Өндірілген мұнай құбыр арқылы мұнай өңдейтін зауытқа жіберіледі. Ол жерде мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде одан бензин, жермай, және басқа бағалы шикізаттар алынады. Мұнайдан ең алдымен алынатын газ, бензин, жермай. Ең таза бензин ұшаққа пайдаланады.

Ашық карьерден қалай өндіріледі?


Егер кен жер бетіне ашық жатса оны қарапайым ашық карьер әдіспен өндіреді. Темір кені көбінесе қатты болады.оны шауып қазып алу көмірдей емес қиын. Сондықтан кен қабатына ең алдымен қопарғыш дәрі қойып бұзады. Қопарылып қопсыған кенді экскаватормен машинаға немесе вагонға тиейді. Өндірілген кен металл қорытытын зауыттарға жөнелтіледі. Онда домна пешіне қорытылады.

Шахталық әдіспен жердің терең қойнауындағы жатқан кенді қазуға тура келеді. Таскөмір шахталық әдіспе өндіріледі. Шазта терең қазылған құдық тәріздес. Жан-жаққа бөлмелер тарайды. Жер астына таза ауа жіберіледі. Электр жарығы жүргізіледі. Көмір комбайындар мен вагондарға тиеп темір жолды лифтпен жер бетіне шығарылады екен. Онда шахтерлер жұмыс жасайды.



Картамен жұмыс.
қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету. 
Мұнай- Ақтау, Атырау, Орал өңірінде
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Газ –Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий – Арқалықта
Мыс кені- Жезқазғанда
Ас тұзы – Қызылорда, Повлодар , Алматы өңірінде
Темір кені – Қостанай өңірінде
Фосфорит – Ақтөбе , Тараз өңірлерінде өндіріледі.

Біз осындай пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз.


Жаңа білімді бекіту
1.Қандай пайдалы қазбалар қалпына келмейді? (көмір, металл, мұнай, газ)
2.Пайдалы қазбаларды қорғау үшін не істеуіміз керек?

Дәптермен жұмыс
Қазба байлықтарды геология мамандары іздейді.Оларды геологтар деп атайды. Қазақтың тұңғыш геологі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев



Сергіту сәті


Видеоролик

Топтық жұмыс.


  1-топ.   Пайдалы қазбаларды адамдар не үшін игереді?

 2-топ.  Венн диаграммасы. Мұнай, газ



 3- топ Металл бұйымдардың орнына пласмассаларды пайдалануға байланысты бірнеше мысалдар келтір және пайдасын айт.

Қорытындылау


Тест жұмысы
1 Пайдалы қазбаларға  ..... жатады?
А) темір кенінен алынған металл
Ә) тау жынысы
Б) Жер қыртысының қатты бөлігі
2. Құмтас деп ....
А) құм аралас тас
Ә) құрылыс материалдары
Б) қатты тас
3. Бос жынысқа ...... жатады
А) құм және саз
В) құм және цемент
С) мұнай, газ
4. Пайдалы қазбалар 3  негізгі топқа бөлінеді
А) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз
Ә) жанғыш, кенді, кен емес
Б) бағалы, құмсыз, жанатын
5. Кен орны деп .... айтады
А) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін
Ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

Кері байланыс

  Не білдім? Не үйрендім?  

Бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет