Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (шаттық шеңбері)
2.Топқа бөлу (Елтаңба,әнұран,байрақ сурреттері арқылы 3 топқа бөлінеді).
Сабақтың табыс критерийлері
1. «Менің Республикам» өлеңінің авторы кім екенін білемін.
2. «Менің Республикам» өлеңінің идеясын түсіндіре аламын.
3. Өлеңдегі көріністерді сипаттап,өлең құрылысына талдай аламын.
1-қадам.Ой шақыру.(3минут)
Үнтаспадан Б.Тілеухановтың орындауындағы «Менің елім» әнін балаларға тыңдату.
Балалар қандай ән тыңдадық?
Бұл ән не туралы?
Ал, «Отан» дегеніміз не ?
Ал,біздің Отанымыз қалай аталады?
Бүгін қандай шығармамен танысамыз деп ойлайсыңдар?
. - Олай болса ,балалар біздің көптеген ақын ағаларымыз туған жер,Отан ,Республика туралы өлеңдер шығарған.Соның бірі Сырбай Мәуленов ағамыз.
Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады .(2минут)
2-қадам.Топтық жұмыс (Мәтін талқылайды) (10минут)
Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды.
Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.
1 топқа – АКТ-ны пайдаланып,С.Мәуленов туралы ақпарат жинау.
2 топқа – Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
3 топқа – Өлең мазмұны бойынша сурет салу
Мадақтау сэндвичі арқылы бағаланады.(3минут)
Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тапсырманың орындалуы
|
|
|
|
|
2
|
Өз міндетін атқаруы
|
|
|
|
|
3
|
Құнды идеяның айтылуы
|
|
|
|
|
3-қадам. Жұптық жұмыс (Өлеңді құрылысына талдау) (9 минут)
Дайын үлгі жауап арқылы бағаланады(3минут)
Тау/ды көр/сең //күн кө/зі/мен //та/ лас/ қан 11б а
Ас/пан көр/сең // Ай мен Күн/ге//жол/аш/қан 11б а
Ме/нің бай/тақ //Рес/пуб/ли/кам //тау/ла/ры 11б б
Ме//нің кө/гім//-мөл/ді/ре/ген//сол ас/пан 11б а
3шумақты,3бунақты,11тармақты қара өлең ұйқасы
4 – қадам.
Жеке жұмыс.Блум таксономиясы (10минут)
Ойлау деңгейлері
|
Тапсырмалар
|
Оқушының жауаптары
|
Білу
|
Отан дегеніміз не?
|
|
Түсіну
|
Біздің отанымыз қай ел?
|
|
Қолдану
|
Азамат үшін не құнды деп ойлайсың?
|
|
Талдау
|
Өлеңнің әр шумағындағы көріністер мен суреттерді талдаңыз?
|
|
Жинақтау
|
«Отаным менің» эссе жызыңыз?
|
|
Бағалау
|
Өлеңдегі әрбір көрініс пен суреттің негізгі түйіні Республика үшін мақтаныш сезімін тудырады деп бағалаймыз
|
|
|
Оқушылардың жұмыстары екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады
|