Сабақтың тақырыбы: К. Ахметова «Қазағым менің»



Дата31.12.2019
өлшемі17,61 Kb.
#54717
түріСабақ
Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІV

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: К.Ахметова «Қазағым менің»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

2. Тәрбиелік:

3. Дамытушылық:

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Ерте келген тырналар» хикаятындағы Сұлтанмұрат бейнесіне шағын шығарма жазу .

ІІІ. Білім тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Төраға Тіналиев балаларды не үшін жұмысқа салды?

  • Шығармадағы бригадирдің аты кім?

  • Сұлтанмұрат өмірдегі кімнің бейнесі деп ойлайсың?

  • Шығармадағы 12 -13 жасар балалар неге жұмыс істеді деп ойлайсыңдар?

  • Тырна қандай құс?


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру


  1. Қ. Ахметова өмірбаянына қысқаша мағлұмат беру.

  2. Шығармаларына шолу жасау.

  3. «Менің қазағым» өлеңінің мән –мағынасын ашып мәнерлеп оқу.

Тақтаға ұйқасы жағынан бір біріне ұқсамайтын өлең шумағы жазылған плакаттар кезек ілініп, ұйқас түрлерін оқушыларға анықтатамыз.

1 плакат

Бір жерде тұрлау таппаған, а

Қосылмай малы қаптаған, а

Бөлініп қонған қазақты ә

Кімдер де кімдер шаппаған?! а



  1. Мәнерлеп оқылады.

  2. Шумақ ішінде қандай тармақтар өзара ұйқасып тұрғанын анықтайды.

  3. Бір – бірімен ұйқасып тұрған тармақтар бірыңғай әріппен шартты түрде белгіленеді, ұйқастан бос тұрған тармақ басқа әріппен белгіленеді: а,а,ә,а –қара өлең ұйқасы деп аталатынын еске түсіреді.

2 плакат

Толқимын – дағы тоқталам, а

Тоқталмай кімдер өтті аман? ә

Ардағын қимай қазақтар б

Қай жерде күмбез соқпаған?! ә

Жоғарыда жүргізілген тәртіппен Күләштің бұл өлеңі кезекті ұйқасқа жататынын оқушылар еске түсіреді.

3 плакат

Аударып жұрттың назарын, а

Бардың да көрген базарын, а

Жоқтың да көрген азабын а

Даладай дана қазағым. ә

а,а,а,ә – шұбыртпалы ұйқас

Оқушыларға Күләштің өлеңінде кездесетін осы ұйқастар бар екенін түсіндіре отырып, шұбыртпалы өлең ұйқасы, кезекті ұйқас, қара өлең ұйқасы жалпы қазақ ақындары қолданатын дәстүрлі ұйқас екенін айта кетуіміз керек.

Сонымен қатар Күләш өлеңдерінде қазақ өлеңдерінің дағдылы түрінен басқарақ кездесетін ұйқас түрлерінің бар екенін, ол ақынның өзіндік ерекшелігі болып табылатындығын айта кетуіміз керек.

Сол сияқты экранға ұйқасқа мысал ретінде кадоскоппен қалған өлең шумақтары түсіріліп, оқушыларды шығармашылық ізденіске түсіреміз. Балалар назарына «Ұйқас түрлері» деген ұсынылып, дәптерлеріне түсіріледі. Міне, Күләш өлеңдерінің құрылысын меңгеру оның ұйқас түрлерін білуден басталады. Жаңа материалдың негізгі мәселесін екі қайтара дәлелдеме арқылы игеріп болған соң, енді өлеңнің шумақ және буын өлшемі туралы ұғымдар өз алдына бөлек ұсынылады. Сонда бала тақырыпты жеңіл қабылдап, сабақтың айқындылығы артады.
VІ. Түсінік тексеру:

Күләш – шумақ көлемінде өзіндік ерекшелігі бар ақын. Дәстүрлі төрт тармақтан басқа саны әр түрлі аралас шумақтар өлеңдерінде қолданыс тапқан. Енді пікірді оқушыларға өлең үлгісімен түсіндіреміз.

Жауына қатты қасарған,

Қасарған сайын жасарған,

Найзамен

Нағыз қазақтың

Намысын кімдер баса алған?!

(бес тармақты шумақ)

Осы сияқты үлгілер тағы да басқа өлеңдерінде кездесетінін атап көрсетіп кету жөн.

Өлең шығару өнерінде буын санының да мәні үлкен екенін айта отырып, тармақтағы буын заңдылықтарын ашып көрсетеміз. Күләш өзіне дейінгі дәстүрлі буын санын өлеңдерінде өте шеберлікпен қолданыс тапқыза білген.

Өшпеген қанша қамалдан 8

Қамалдар шыққан тағы алдан 9

Несібі жомарт қазақтың 8

Есігін кімдер жаба алған?! 9

Өлеңдегі буын еркіндігіне батыл бой ұру ерекшелігі Күләш ақынның өзіндік қалам қабы екендігін атап көрсетеміз.
IV. Жаңа сабақты бекіту

Осы сабақта басты мақсат не десек, ол – көркем шығарманы жалаң мазмұндап, оқушыларды ығыр етуден сақтандыру, өлеңнің көркемдік сипатына үңілту. Оқытудың әр түрлі әдіс-амалдарын қолдана отырып, бүгінгі ұрпаққа ақын мұрасының идеялық – эстетикалық сипатынан хабар беріп әдеби теориялық таным аясын кеңейту алдымызға қойған үлкен міндеттемелеріміздің бірі деп санағанымыз жөн.


VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру.

  1. Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылығы

  2. «Қазағым менің» өлеңін жаттау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет