СЫНЫБЫ: 1
ТАҚЫРЫБЫ: ЖОЛ ТӘРТІБІН БІЛЕЙІК, АМАН-ЕСЕН ЖҮРЕЙІК
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
· Көрнекілігі: Жол ережесіне арналған суретттер, плакаттар, бүктемелер
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Кріспе әңгіме.
Бүкіл әлемдегі жолдарда, қала көшелерінде жүйткіген автомобильдер, троллейбустер, трамвайлар, мотоциклдер. Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін, жол ережелерін бұзбайды. Жол қозғалысын көшеде реттейтін, сенің көшеден өтуіңе көмектесетін сиқырлы үш көзді бағдаршам. Ол машиналарға қызыл көзімен қараса: «Тұр! Жүруге рұқсат жоқ!»-дегені. Саған жасыл көзімен қараса: «Жүруге рұқсат, жол ашық! » -дегені.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын жолда жүру ертеңгілік.
Достарыңызбен бөлісу: |