Тақырыбы : « Менің құлыншағым».
Мақсаты : Балаларға құмшекердің қасиеттерін айтуға, одан түйін шығарып, қорытындылауға үйрету.
Міндеті : Көргендерін сұрақтар арқылы жауап беруге үйрету, сөздік қорын, тілін дамыту.
Көрнекілік : Үй, әженің киімі, телефон, ойыншық ат, құмшекер, су, қасық.
Сабақтың барысы.
Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады.
Тәрбиеші : Әже, сәлеметсіздер ме! Қалыңыз қалай? Әлде бір жағдай болды ма? Жақсы, біз балалармен саған келеміз.
Тәрбиеші : Балалар, ауылдағы әжеміздің құлынмен бір жағдай болыпты. Барып, әжемізге көмектесейік! Көмектесеміз бе?
Балалар : Иә, барайық.
Тәрбиеші : Немен барамыз?
Балалар : Поездбен.
Тәрбиеші : Міне, біз ауылға келдік. Әжеміз қайда екен?
Әже шығады.
Әже: Амансындар ма, балалар? Мен сендерді көргеніме құаныштымын. Маған көмектесуге келдіндер ме?
Балалар : Иә.
Әже : Мынау менің құлыншағым. Оның аты- Жұлдызша. Оған не болғанын білмеймін, ол шөп жемейді, су ішпейді.
Тәрбиеші : Әже, біз қазір сізге көмектесуге тырысамыз. Балалар, қане Жұлдызшаға жақындап, неге ол көңілсіз екенін білейік.
Олар құлынға келіп, тәрбиеші онымен «сөйлеседі».
Тәрбиеші : Балалар, оның көңілсіз екенін, ол ойнағысы келіп тұр екен. Қане, онымен бірге ойын ойнап көрейік !
Ойын: «Құлыншақтар».
Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы, құыршақ көңілденді, оған ойын ұнады. Енді, құлыншақ не жақсы көреді екен, соны сұрайықшы.
Әже: Балалар, менің құлыншағым шөп, жем және қантты жақсы көреді.
Тәрбиеші : Құмшекерді ме?
Әже : Иә, балалар, құмшекерді. Енді орнымызға отырамыз.
- Мынау не? (Құмшекер).
- Оның түсі қандай? (Ақ).
- Қолдарына алындаршы, ол қандай? (Қатты).
- Дәмін көріндерші ! (Тәтті).
Енді, құмшекерді суға салып, оны қасықпен араластырамыз.
Балалар орындайды.
Балалар : еріп кетті.
Тәрбиеші : Дұрыс, балалар, қант суда ериді.
Қанттың қандай қасиеттері бар екен?
Оның түсі қандай?(Ақ).
Дәмі қандай? (тәтті).
Қолмен ұстасақ?(қатты).
Суға салсақ қантпен не болады?(ериді).
Балалар құлынды тамақтандырады.
Әже: Балалар, қарандаршы, Жұлдызша сендерге ризашылық білдіріп жатыр. Оның көңілі көтеріліпті, ол енді оның жақсы қөретінін құмшекерді жейді.
Қорытынды : Әже, бізге сенде өте ұнады. Бірақ қоштасатын кезі келді. Біз балабақшаға ораламыз. Балалар әже мен Жұлдызшамен қоштасады. Тәрбиеші балалармен поездге отырып, кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |