Сабақтың барысы



Дата27.12.2016
өлшемі103,14 Kb.
#5633
түріСабақ
Тақырыбы: Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы.

Мақсаты: Оқушыны Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Ыстық орындық» әдісі . Оқушыларды бір-бірден орындыққа отырғызып сұрақ қою.

  • Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?

  • Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру.

Ұнатары баланың –

Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын. ( бал-мұз-дақ)



Ү. Жаңа сабақ: Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар.

Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені іштей, тізбектей жалғастырып оқу.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Балалар не тауып алды? Мирас не істеді? Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты? Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты? Әңгімені өз ойыңмен аяқта.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Тақырыбы: Шиден композиция (Аққала) құрастыру технологиясы

Мақсаты: Оқушыларға «Аққала» жасауды үйрету.Ой-өрісін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік Көрнекілігі: шиден жасалған мүсіндер. Қажетті материалдар мен құралдар: барқыт мата, қатты қағаз, ши немесе пенопласт (ұсақталған), ПВА желімі.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Аққала – қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы шиден жасап көрейік.



Сергіту сәті.

Қане балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық

Оң аяқ, сол аяқ

Шынығып алайық.

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шиді аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алып, тазалаймыз да, суда жібітеміз.

2. Судан алып, оларды кеңсе пышағымен бойлай жарамыз.

3. Жарылған шилерді астына және бетіне қағаз төсеп, үтіктейміз. Одан кейін шилерді ұсақтап бөлеміз.

4. Барқыт матасын қатты қағазға желімдеп аламыз. Содан соң бормен аққаланың мүсінін бейнелейміз.

5. Аққалаға ұсақталған шилерді, ал сыпыртқысының сабы мен басына ұзын жіңішке шилерді желімдейміз.

6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын да шимен жапсырмалаймыз.

7. Ұсақ шимен аққаланы тұтас толтырып шығамыз.



V.Бекіту кезеңі.

Қорытындылау. Ши қайда өседі? Шиден кілем тоқуға бола ма? Шиден тағы қандай мүсіндер жасауға болады?

Кері байланыс жүргізу.

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

1. Сабақтың тақырыбы: Шұбат. Сөз мағынасы.

Сабақтың мақсаты:

1. Сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін одан әрі кеңейту, мәтіндегі сөз мағыналарын дұрыс түсінуге дағдыландыру.

2 .Сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушылардың төрттүлікке деген сүйіспеншілігін ояту және еңбекқорлыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сызба

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме,ойын, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабақка дайындығы. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайыңдығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтінді мәнерлеп оқыту, мазмұнын талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі : Сабақтың тақырыбы хабарланып, мақсатымен таныстырылады.

V. Бағдарлау- мотивация кезеңі: Ертегідегі қазға көмектесу. Жұмбақ шешу.

Сырт- сырт соғады, уақыт озады. (Сағат)

Шидиген ұзын сирағы. Матрос көйлек киген.

Тастай керең құлағы. Африкада жүрген.

Сөйтіп жүрып, көп жерге Құлан емес, жылқы емес

Аспалы тор құрады. (Өрмекші) Айтшы тез, кім білген? (Зебра)

- Жұмбақтың шешуі бойынша сөз деген шықты.

VІ. Операционалдық- орындаушылық кезеңі: Оқулықпен жұмыс.

185- жаттығу:



  1. Мұғалімнің мәтіндіді мәнерлеп оқуы.

  2. Оқушылардың оқуы.

  3. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар:

- Шұбат неден жасалады? - Бір өркешті түйе қалай аталады? - Үлкен сөзіне қарсы мағыналы сөзді тап.

186- жаттығу. 187- жаттығу. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп- кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.



VIІ. Рефлексиялық- бағалау кезеңі :

Шығармашылық диктант.

Бақ еңбек ана

өнер дәптер шаң

мұғалім жылқы жалқау

балық нан ит

- Мына сөздерден сөйлем құрастыр.

VIІ. Үйге тапсырма. Бағалау

Тақырыбы: Қыстырма сөздер

Мақсаты: Қыстырма сөздер туралы түсінік беру, олардың сөйлемге үстейтін мағанасымен және тыныс балгісімен таныстыру; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, үлестірмелі текшелер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Психлолгиялық дайындық. Шаттық шеңберіне шығып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.Осы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру 58-жаттығуды тексеру. Үлестірмелі текшелер арқылы білімдерін пысықтау.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс .Жаттығуларды орындау ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу.

Төмендегі кесте арқылы қыстырма сөз туралы түсінік беруге болады:



Мағынасы

Мысалдар:

Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіреді.

Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы.

Сенуді немесе жорамалдауды білдіреді

Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді

Мүмкін, ол бүгін келіп қалар.

Айтылған ойға айтушының көзқарасын білдіреді т.б.

Меніңше, ол - өте жақсы адам.

Қарттардың айтуына қарағанда, биыл қыс қатты болады.

Оқулықтағы 59- жаттығуда жаңа сабақты түсіндіру мақсатында пайдалануға болады.

Оқулықпен жұмыс: а) Сөйлемдерді көшіріп жазып, қыстырма сөздің астын сызу, олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын түсіндіру. /60/ 61 – жаттығуда сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздердің астын сызу және олардың тыныс белгісі туралы тұжырым жасау. 62-жаттығу сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу.



Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар

Бір,екі,үш,төрт,бес

Саусақтармен ойнаңдар

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын

ҮІ Қорытындылау . Қағаз адам әдісі. Окушыларға адам макеті беріледі. Адамның басына білдім. Адам қолына білгім келеді. Адам аяғына білемін. Осы бойынша бүгінгі сабақ бойынша қорытында жасайды.

ҮІІ Үйге тапсырма: 64 –жаттығу.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Адасқан бала. Қабдеш Жұмаділов.

Мақсаты: Оқушының Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Жасырынбақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Көзім, көзім, көз Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді, Көзіңді жұм, абайла.

Ойын шарты бойынша оқушылар көзін жұмады. Бір оқушы ақырын барып, балалардың кітабының арасына қима қағазды жасырады. Қима қағазға қайықтың, ақсүйектің, машинаның суретін салуға болады. Қағазға үй тапсырмасы бойынша оқып келген шығарма негізіндегі сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы қағазды тауып, тапсырманы орындайды.

Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге? Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің? Оның әрекетін дұрыс деп санайсың ба?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің ата-аналарыңнан адасып қалған кездерің болды ма? Ондай жағдайда не істедіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: Балалар, Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесіндегі жоғалып кеткен бала кім болды екен? Әңгімеден оқып біліп, табуға көмектесейік. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, түсініп оқу. Әңгіме кім туралы? Жаконың шын аты кім еді? Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? Олар қандай ойын ойнады? Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? (3 топқа, 3 бөлімге бөліп сұрау..)

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жаконың өзіндік ерекшелігін айт. «Ат» болып ойнаған, «жем жеген» тұстарын тауып оқы. (Біраз уақыт Бедел деген балаға «ат» болып ойнады. ... Үй мен бассейіннің арасы арасы едәуір... « Аттар» шаршады. Бұларға енді жем ...).

ҮІІ. Қорыту. Бағдаршам әдісі.

Қызыл – түсінбедім.

Сары- мен толық түсіндім

Жасыл- мен енді келесі сабаққа дайынмын.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет