Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Тартыс-айқас ойыны туралы презентация көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру.
(Ф,Тәж,Б)Тартыс-айқас ойыны.
Міндеттері: Жерге арасы 4-5 метр болаты екі бірдей сызық сызылады. Оқушылар екі командаға бөлінеді, мүмкіндігінше күштілігі бірдей болуы керек. Яғни екі командада ұлдар мен қыздар саны бірдей. Командалар сызыққа тұрады. Қай команда бірінші бастайтынын анықтау үшін жреби тартуға болады. Команда бірінші болып бастайты ойыншыны таңдайды және ол ойыншы «Мен тартамын» деп ортаға шығады. Қарсы командадағы барлық ойыншы бір қолдарын алға созады бірақ сызықтан шықпайды. Ортаға шыққан ойыншы қарсы командадағы бір ойыншыны таңдап өзіне тартады. Ортаға шыққан ойыншы қарсы тұрған ойыншыны тартып алса өзінің командасының қатарына тұтқыншы ретінде қояды, ал егер ортадағы ойыншыны сызықта тұрған ойыншы тартып алса ол ойыншы өзінің командасының қатарына қояды. Командалар кезекпен кезек тартады. Әр команда кімнің ортаға шығып тартатынын өздері анықтайды.
Бағалау дескрипторлары: - Оқушылар дұрыс қалыпты ұстанады және қолдарын дұрыс ұстайды.
Басқа оқушымен тартыста тек бір қолымен тартады.
Ойын ережесін сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау:
А3 форматынғы қағазға 3 смайлик суретін салу және қысқаша анықтамасын жазу. кімде барлығы орындалды
Құрал-жабдықтар: Ойынға арналған ұзын жіп немесе бор, ысқырық.
А3 форматындағы қағаз, маркерлер мен фломастерлер
Сабақтың соңы
5 мин.
Сабақ қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады, әрқайсысы сабақтың мақсаттарына жетудегі өз үлестерін, өзінің белсенділігін, сынып жұмысының тиімділігін, таңдалған жұмыс формаларының қызықтылығын және пайдалылығын бағалайды. «Үлкен және кіші жұлдыз» рефлексиясы. Оқушылар плакатта сабақтың екі сәтін жазады. Үлкен жұлдызға сәтті шыққандарын, ұнаған сәттерді, ал кіші жұлдызға әлі де жұмыстануды талап ететін сәттерді жазады. Киім ауыстыру орнына кету.
Плакат, маркерлер мен фломастерлер, стикерлер
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.
Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: арқан тартыс. Қабілетті оқушыларға: көп оқушыны өз қатарына тартып шығару
Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?
Сабақ кезінде қалыптастырушы бағалау өзін-өзі бағалау ретінде жүреді.
А3 форматынғы қағазға 3 смайлик суретін салу және қысқаша анықтамасын жазу.
1. кімде барлығы орындалды
2. кімде кейбір сәттер орындалған жоқ
3. кімде ештеңе орындалған жоқ
Оқушылар осы смайликтердің тұсына қысқаша өз пікірлерін жазады.