Сабақтың жоспары: Психика мен психология туралы жалпы ұғым Психологияның салалары мен тармақтары



бет1/8
Дата03.11.2023
өлшемі4,54 Mb.
#189201
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ñàáà?òû? æîñïàðû Ïñèõèêà ìåí ïñèõîëîãèÿ òóðàëû æàëïû ??ûì Ïñèõî


Психологияға кіріспе
Сабақтың жоспары:
  • Психика мен психология туралы жалпы ұғым
  • Психологияның салалары мен тармақтары
  • Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері

Психика мен психология туралы жалпы ұғым
Психология нені зерттейтін ғылым?
Кез-келген адам, өз тәжірибесіне сүйене отырып, қалай болғанда да қоршаған дүниені, әр түрлі заттар мен құылыстарды қабылдауға, тануға қабілетті екендігіне есеп береді.
Біздер құстардың сайрауын, музыкалық аспаптардың дыбыстарын, адамның дауысын, ұшып бара жатқан самолеттың шуын естиміз.
Біздер әр түрлі заттарды, ағаштарды, басқа адамдарды және жануарларды, машиналар мен ғимараттарды көреміз, заттардың түсі мен пішінін ажыратамыз. Біздер гүлдердің хош иісі мен бензиннің иісін сеземіз және қант пен тұздан алынған дәм түйсіктерін ешқашан шатастырмаймыз.
Әрбір адам, оқылған кітап туралы ойланудың, қиын есептің шешімін табудың, ертеңге өз іс-әрекетін жоспарлау дегеннің не екендігін біледі
Біздер таныс адамның бейнесін, оқу материалын есімізге түсіре аламыз. Өмірде қабылдамаған, мысалы тропикалық орманды немесе ертеде жойылған мамонтты елестетуге қабілеттіміз, тіпті өмірде жоқ нәрсені де қиялдай аламыз мысалы ертегі кейіпкерін, фантастикалық машинаны т.б.
Адам тек қоршаған дүниені танып қана қоймай, өзі де осы қоршаған заттар мен құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол қоршағанды бейтарап, салқынқанды қабылдамай, белгілі сезімдерді сезінеді: кейбір заттар мен құбылыстар оны қуантады, кейбіреулеріне селқос қарайды, үшіншілері оны қынжылтады, ал кей-кезде қорқыныш пен өшпенділік тудыртады. Жақсы кітап біздерде ләззат сезімін, адамның қасиетсіз мінез-құлқы - наразылық, ашу, жанкешті қылық – таңданыс туыртады.
Адам тек қоршаған дүниені қабылдап, оған қандайда бір қатынас білдіріп қана қоймай, бұл дүниеде әрекет етеді, өзінің белсенділігін танытады, шешім қабылдайды, мақсатқа ұмтылады, қиындықтарды жеңуде, кедергілерді жоюда ынта мен табандылық танытады, яғни ерік іс-әрекетін жүзеге асырады.
Ақыры, әрбір адам басқалардан ерекшеленеді: біреуі муыкаға қызығушылық танытса, екіншісі – спортқа; біреу математика саласында қабілеттер танытса, басқасы әдеби шығармашылық саласында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет