Семинар №15 Мәслихаттың құқықтық актілері. 2- мәслихат өкілеттіктерін тоқтатудың негіздемелері



бет1/18
Дата29.12.2021
өлшемі16 Kb.
#106332
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Семинар 15.docx


Семинар №15

1-.Мәслихаттың құқықтық актілері.

2- Мәслихат өкілеттіктерін тоқтатудың негіздемелері.

 3-Мәслихат депутатының құқықтық мәртебесі.

Семинар №15

Жауабы

1-.Мәслихаттың құқықтық актілері.



Мәслихат Актілері

Мәслихат шешім қабылдайды. Сессия төрағасы Мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды. Мәслихат хатшысы-өкімдер. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары-қаулылар мен қорытындылар. Мәслихаттың тексеру комиссиясы-тексеру актілерін жасайды.

Мәслихаттың өз құзыреті шегінде қабылдаған актілері меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар тиісті аумақта орындауға міндетті.

Мәслихаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін қаулысын мәслихаттың өзі немесе сот тәртібімен жоюы мүмкін.

Мәслихат өз құзыретін сессияда тұрақты және уақытша комиссиялар арқылы, депутаттар арқылы жүзеге асырады. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады. Мәслихат жұмысының сессиялық нысанында оның мемлекеттік биліктің өкілді органы ретіндегі қасиеті толық көлемде көрінеді. Сондықтан Конституциямен және заңдармен мәслихат қарауына жатқызылған аса маңызды мәселелерді сессияларда шешеді.

Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап кемінде 30 күн мерзімнен кешіктірмей осы мас-лихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде 3/4 құрамында шақырады. Сессиялар кезекті және кезектен тыс болады.

Мәслихаттың кезекті сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жылына кемінде төрт рет шақырады. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы өз бастамасы бойынша немесе осы мас-лихатқа сайланған депутаттар санының кемінде 1/3-нің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша кезектен тыс сессияны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей шақырады. Кезектен тыс сессияда оларды шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет