Семинар №15 Мәслихаттың құқықтық актілері. 2- мәслихат өкілеттіктерін тоқтатудың негіздемелері


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II



бет2/18
Дата29.12.2021
өлшемі16 Kb.
#106332
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Семинар 15.docx

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына сәйкес.

7-бап. Мәслихат актілері

1. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын мәслихат актілері мәслихат шешімдері болып табылады.

2. Жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін мәслихаттар шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

3. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануға тиіс және тиісті аумақта орындауға міндетті.

4. Мәслихаттың жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет Министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.

Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдер қабылдауы "Құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзі не сот тәртібімен жояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет