Семинар №15 Мәслихаттың құқықтық актілері. 2- мәслихат өкілеттіктерін тоқтатудың негіздемелері


Депутаттың міндеттеріне мыналар жатады



бет5/18
Дата29.12.2021
өлшемі16 Kb.
#106332
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Семинар 15.docx
работа, Ч4 Маятник Обербека каз
Депутаттың міндеттеріне мыналар жатады: мәслихаттың және оның құрамына сайланған органының жұмысына қатысу; өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыста болу, оларды мәслихаттың жұмысы туралы тұрақты ( жылына кемінде 1 рет) хабардар ету, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысу; өзіне келіп түскен сайлаушылардың өтініштерін қарау, азаматтарды тұрақты жеке қабылдау.

Мәслихат сессияларын, мәслихат органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде депутат қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады, оған жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы, бірақ көрсетілген қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппарат басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өткізу мерзіміне іссапар шығыстары өтеледі.

Мәслихат депутатына өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық этика қағидаларын бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін: Жазалар тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен, тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында олардың қолданылуы туралы ақпарат жарияланып, мәслихат сессиясында қолданылады. Жазалар бір теріс қылық үшін қайтадан қолдануға болмайды.

Мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттар (мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы) мемлекеттің басқа органдарында немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде ақы төленетін лауазымдарды атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.



Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет