Сабақтың мақсаты : Білімділік



Дата27.12.2016
өлшемі127,5 Kb.
#5936
түріСабақ
Сабақтың  тақырыбыҚазақ шешендерінің көрнекті өкілдері.

Төле  би Әлібекұлы (1663-1756)

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға қазақ шешендерінің көрнекті өкілдерінің бірі- Төле би өмірі жайлы мәлімет беру, оның көркем сөзден «сарай салған» шешендігімен бірге қазақтың әйгілі де айбарлы биі екендігін таныту, ділмар шешендігіне байланысты әңгіме, аңыздарды талдата оқыту, мазмұнын меңгерту, құрылысын таныту. 
Дамытушылығы: Оқушылардың шешендік сөздердегі оралымды өткір ойды танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, шығармашылық ізденіске бағыттау, мәнерлеп оқу шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту. 
Тәрбиелігі: Ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету, халықтық мұра - шешендік сөздерді және халықтық салт - дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. 
Сабақтың  көрнектілігі: Интерактивті тақта, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің суреттері,

кеспе бетшелер, оқулық, хрестоматия.



Сабақтың  әдісі: топтық жұмыс,түсіндіру,сұрақ-жауап, бейне жазба,

талдау, топтастыру,екі жақты күнделік, бес жол өлең



Сабақтың  байланысы:тарихпен

Сабақтың  түрі:Білімді  дамыту  сабағы.

Сабақтың  барысы: І.Ұйымдастыру

  ІІ.Үй  тапсырмасын тексеру: 

                1.Шешендік  сөз  дегеніміз  не?

                2.Шешендік  сөздің тарихы қай ғасырлардан бастау алды?

                3.Шешендік  сөзге  тән   ерекшеліктерді кім атап береді?

4.Шешендік сөздер мазмұнына қарай неше түрге бөлінеді?            



ІІІ. Жаңа  сабақҚазақ шешендерінің көрнекті өкілдері.

Төле  би Әлібекұлы (1663-1756)

1.Қызығушылықты ояту.
1. Қазақтың шешендерінің көрнекті өкілдері кімдер?Төле, Қазыбек, Әйтеке билер туралы не білесіңдер?

Төле би Әлібекұлы Қазыбек би Келдібекұлы Әйтеке би Байбекұлы


І топ -Төле би туралы

ІІ топ- Қазыбек би туралы

ІІІ топ -Әйтеке би туралы білетін мәліметтерін қағаз бетіне түсіреді.



2. Мағынаны тану.

Төле  бидің өмірі, қызметі, шешендігі туралы қосымша түсінік беру.

-1663-1756 жж. өмір сүрген,

-Ұлы жүздің төбе биі.

-Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

-Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан;

-Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер;

-Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі;

-"Жеті Жарғы" заңын  жасаушылардың көрнекті өкіл;

1.Бейнежазбадан Төле би туралы өздерің білетін мәліметтерге қосымша Төле би, оның кесенесі, «Қарлығаш би» аталуы туралы мәліметтерді тыңдайық.

2. Бейнежазбадан Төле бидің шешендігі туралы мәліметтерді тыңдайық.

3. Бейнежазбадан Төле бидің бірлік, ынтымақ тақырыбындағы шешендік сөзі.



3.Ой толғаныс

1. Төле бидің шешендік сөздерін оқып, мағынасын түсіндіру. «Бір айналым сөйлесу»

І топ


Бейбіт жатқан ауылға жоңғарлар шауып, мал-мүлікті тонап кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерлерге қашып жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төлемен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі:

-Мына бишараның көрпе-жастығын тастап,бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай,-дейді.

-Баланың бесігі-кең дүниненің есігі!-депті сонда Төле би.
ІІ топ

Жаугершілік ойраны тыныс алған күндері ел-жұрт малын, бала-шағасын іздестіре бастайды. Жұртта қалып кеткен бір кемпір екі-үш айлық нәрестені бауырына басып, көш ізімен пана тапқан ауылға келіп жетеді. Жап- жалаңаш балаға екі әйел таласып қалады. Ұрыс-жанжал шығады.Кемпір бөбекті ешқайсысына бермейді.

Төле кемпір құшағында шырқырап жылап жатқан баланы екі әйелдің ақ құбасына береді. Ол нәрестенің бетінен сүйіп, арқасынан қағады. Бірақ бала жылағанын қоймайды.Енді би баланы қара торы келіншекке ұстатады. Екінші келіншек нәрестені бауырына басып, құйрығынан шөпілдетіп сүйген кезде ол жылағанын бірден қояды.

-Бауырыңның жылуы кетпесін,-дейді би сонда қара торы келіншекке.


ІІІ топ

Жорықтан оралған жігіт Төле үйіне келіп, жол үстінде көрген -білгенін әңгімелеп отырады.

-Ауыл іргесіне жақындай бергенде екі-үш жасар баласын мойнына мінгізіп, бір арқа шеңгелді арқалап келе жатқан әйелді кездестірдім.Тікенек шөптің үстінде отырған баланы ерге отырғызып, алдыма алайын десем, шешесінің мойнынан айрылмай қойды.

Сонда Төле би:

-Кірпікшешен баласын арқалап жүріп өсіреді емес пе?-дейді.

-Бұл не дегеніңіз, биеке?-таң қалады жігіт.

-Ананың тікенекті арқасы балаға мамықтай жұмсақ тиеді,-депті Төле би.
1.Шешендік сөздерде айтылған ортақ ой қандай?

2. Не жұмсақ?

Не тәтті?

Не қатты? (Жиреншенің шешендік сөзі)

2.Төле бидің толғауларын мәнерлеп оқу. «Екі түрлі түсіндірме күнделік» кестесімен жұмыс жүргізу.
Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол.

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала,

Өзегің талса, өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол.


******

Наданға көзіңді салма,сағың сынар,
Досыңа өтірік айтпа,сенімің кетер.
Дұшпанға сырыңды айтпа,түбіңе жетер.
******
Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Қызың жақсы болса,

Жайқалып өскен құрағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші-иманың,

Екінші-жиғаның,

Үшінші-ырысыңның тұрағы.



«Екі түрлі түсіндірме күнделік»


Өлең жолдары

Менің ойым



















3. Мына шешендік нақылдағы дос пен жолдасты дұрыс орналастыр.

--Әйеліңмен----------------- дос бол- берекең кіреді,

--Азаматпен--------------- дос бол –қадіріңді біледі,

--Білімдімен----------------- дос бол –ақыл-кеңес береді.

--Бармен----------------- жолдас болсаң, ерінің майланады.

--Жоқпен----------------- жолдас болсаң, есің айналады.

--Ұрымен----------------- жолдас болсаң,

Алдыңнан дау шығады,

Артыңнан жау шығады,

Одан ілуде біреу ғана сау шығады.

Керекті сөздер: Жоқпен, Азаматпен, Әйеліңмен, Ұрымен, Бармен, Білімдімен.

ІY. Сабақты қорытындылау

«Бес жол өлең»



1. Зат есім. / Төле би /
2.Сын ісім / ақылды, әділ, шешен, тапқыр, кемеңгер, ойшыл, парасатты. /
3.Етістік / ойлайды, болжайды, шешеді, билейді,жауап береді, аянбай еңбек етті /
4.Сөйлем / Төле би- Ұлы жүздің атақты биі. /

5. Төбе би. Қарлығаш би.



Y. Үйге тапсырма. Төле бидің шешендік сөздерін оқу, толғауларынан үзінді жаттау.

YІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет