Сабақтың тақырыбы: Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау;
2) оқушыларды сүйіспеншілікке, сыйластыққа, ата-аналарын қадрлей білуге тәрбиелеу;
3) Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы дұрыс сөйлеу қабілеттерін арттыру, өз ойларын айқын және түсінікті жеткізуге үйрету, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы,түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: слайд.
I.Ұйымдастыру бөлімі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Стикерлар тарату арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
1- топ. Ақылдылар
2- топ. Ардақтылар
3 -топ. Мейірімділер
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Отбасы жайында мақал -мәтел жаттауға берілген болатын.
Фонетикалық шынықтыру
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
III.Жаңа сабақ. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Дұрыс, «Анама қандай сыйлық сыйлаймын?»
1.Ой қозғау.
Сыйлық алуды ұнатасыңдар ма?
Сыйлық беру ненің белгісі?
Сыйлықты қалай ұсыну керек?
Сыйлықтың құнын айту керек пе?
Сыйлық берудің маңызы қандай?
Сыйлықты қалай қабылдау керек?
Сыйлық ұнамаса не істеу керек?
2. Ассоциация.
Анама
гүл хош жүрекжарды ыдыс-аяқ әшекей қолдан
иісті өлең жиынтығы бұйымдар жасаған
иісмай туынды
Сіздер аналарыңызға қандай сыйлық сыйлар едіңдер?
Мысалы: жақында анаңның туған күні. «Не сыйласам болады екен?» деген сауал төңірегінде ойланып, берілген сөз тіркесінен сөйлемдер құрайық.
3. 2-тапсырма «Ананың сүюі» өлеңін оқып, түсіндіру.
Аналарыңның сіздердің өмірлерінде қандай орын алатынын айтып беріңдер. (оқушылар өз сөздерімен әңгімелеп береді.)
4. 3-тапсырма «Ана» туралы мәтінді оқып, аудару. Мәтін бойынша класстер құрастыру
- Аналар мерекесі қай күн?
- Аналар мерекесі 8 наурыз .
5. Мерекелер мен олардың болатын күнін жұптастыру. (слайд)
1.1қыркүйек а.Мұғалімдер күні 1-...
2.1 қаңтар ә.Ұлттық валюта күні 2-...
3.Қазанның бірінші жексенбісі б.Жаңа жыл 3-...
4.16 желтоқсан в.Жеңіс күні 4-...
5.15 қараша г.Білім күні 5-...
6.9 мамыр ғ.Тәуелсіздік күні 6-...
Мерекелерде адамдар бір-біріне сыйлықтар сыйлайды, жақсы тілектер айтады.
6. Ой толғау.
Ашық хаттарынды алып, осы мерекелердің біреуімен немесе туған күнмен кез-келген адамды құттықтап тілек сөздер жазайық. (әр оқушы ашық хаттарына тілек жазады)
7. - Ал,балалар өздерің сыйлық алғанды ұнатасыңдар ма?
- Ұнатамыз.
- Сыйлық алған кезде қандай сезімде боласыңдар?
- Қуанамыз.
-Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемдерді не дейміз?
- Лепті сөйлем дейміз.
- Сөйлемнің неше түрі бар? Мысалдар келтіріңдер. (оқушылар ережесін
айтып, мысалдар келтіреді.)
8. 4-тапсырма (слайдта берілген тапсырманы дәптерлеріне
орындайды)
Мейірімділік праздник
Мүмкіндік подарок
сыйлық возможность
мерейтой добрата
мереке юбилей
көрсету выучить
жаттау показать
5- тапсырма. Мәтін бойынша постер құрастыру
6- тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрастырыңдар
Сабақты бекіту. Үш топ бір-бірін бағалайды.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды айтып, мадақтау.
Үйге тапсырма. Мен жазғы демалыста не істедім. шағын эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |