Сабақтың мақсаты: Адамның яғни жеке тұлғаның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Жоспар



Дата14.04.2022
өлшемі39 Kb.
#139262
түріСабақ

Тақырыбы:

Эмоция мен сезім туралы


түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Адамның яғни жеке тұлғаның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.

Жоспар.

1.Кіріспе бөлім

Эмоция мен сезім ұғымдарына жалпы шолу.


.

2.Негізгі бөлім


1 Эмоция мен сезім ұғымдарының айырмашылықтары.
2.Сезім саласындағы дара айырмашылықтар.
3.Балада сезімнің адам үшін әсері және борыш сезіміне жеке тоқталу.



  1. Қорытынды бөлім.

Пікірталас сабағына сипаттама.
Эмоция мен сезім - адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.,олар іс-әрекет үстінде пайда болады.Және оның жүзеге асуына әсер етіп отырады.Заттар мен құбылыстар,организмде болып жатқан өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі.Шөлдегенде ішкен бір стакан су рахат сезімін туғызады....Шөлдемегенде адамға оны зорлап ішкізсек .онда наразылық сезімін туғызуы мүмкін.Музыканы тыңдау сүйсіндіреді.бірақ концерт тым ұзаққа созылса...адам жалығады.
Эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшелігі адамның қажет.талап.ниетімен оның еркімен мінезінің ерекшеліктерімен анықталады.
Түрткілердің өзгеруіне қарай қажеттер,затына қарай оған қатынас да өзгереді.Бұдан адамның сыртқы дүниеге жеке бастық қарым-қатынасы көрінеді.Сезім мен эмоциялар әлемі өте күрделі де алуан түрлі.

Эмоция мен сезім айырмашылықтары:


Эмоция: адамның түрлі органикалық қажеттріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан, көзіне жас алса, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.


Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар / адамның сырт пішінінен байқалатын ым-шаралар/ көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм түрғысынан көрсете алады.
Эмоцияның қызметін атқаратын : лимби жүйесімен /ми бағанасының үлкен ми сыңарларына жақын жері / гипоталамус бөлігі / дененің зат алмасуын, температурасын реттестіретін нерв орталығы/ басқарып отырады.
Сезім - адамдардың бір-бірімен қарым – қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адлдық сезімдері адамда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең, әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі, сезімді атқаратын организім мүшелері: - ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда, динамикалық стереотиптердің жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінің басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімінің ролі күшейеді,өрісі кеңиді.
Мәселен ,сөзаадамның интеллектік,эстетикалық,моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді,соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуде кең жол ашылады.

Балаға эмоция мен сезімдердің айырмашылықтарын сабақ барысында тренинг сабақтарда дамытуға болады . Бұл жерде сезімнің адам бойында тұлғалық қасиеттерін дамытатынын айта кеткен жөн.


Мысалы: Адамның жоғарғы сезімдерінің оның тыныс-тіршілігінен елеулі орын алатыны- борыш сезімі.
Бұл адамның өзіне,басқаларға,ата-анасына ,халқына,мектебіне,қызмет істеітін ұжымына ,өз үй-ішіне,отбасына қатынасын білдіретін терең көңіл-күй.Борыш сезімінің негізіне адам өзі қоғамдық топқа жататын болса,сол топтың мүддесін аңғарып,сол топтың алдындағыы міндеттерін санамен түсінуі жатады.Бірақ бұл тек мүдде мен міндеттерді білу ғана жеткіліксіз.Тек жалаң түрді ғана білу - бұл адамның борышының дамуына негіз бола алмайды.
Оның терең және күшті көңіл күйі болып бекуі шарт.
Борышты түсінуіне қарап адамның қылықтарын жақсы,жаманг деп бағалауға болады.Мұндай бағалау қылықтардың әлеуметтік мәнін еске алады,өйткені әркімнің амалға ұнамды, деген бағасы өз басынан аспайды.
Әркім өзінің жақсы ,жаман қылықтарын мейлі ақыл тұрғысынан .мейлі әмоциялық тұрғыдан ашып бағалауын намыс деп атайды.
Өзінің қылығына дұрыс деп сенген “кіршіксіз арлы” яғни ар-ұятты адамда үлкен қуаныш және қанағаттану пайда болады.,одан өзіне ырза болып ,өзіне орынсыз тағылған жала,өсек-өтіріктің бекерлігіне сенімі артады.
Бір жаман іс істеп тастаса ,ол адамға батады,оған күйзеледі өкініш ойдан кетпейді.Егер адам жаман қылығынан қайтпаса,қатесін ішінен өз мойынына алып түземесе,”ары таза емес” деген ұғыммен білдіретін тынышсыздық пайда болады.
Борыш сезімі.осы сезіммен туатын ұждан адамның саналылығына сүйенеді.Оның бер жағында ,терең сезімі де дамыған болуы тиіс:Отанына сүйіспеншілік,өз коллективімен тығыз байланыстылық сезімі.Осы қалыпты сезім қуаты өскен адамға борышын өтеу ауыр міндет болмайды.Өмірдің бвқыты,шаттығы осылар болады.
Осы борыш сезімін оқушылармен пікірсайыс сабағы ретінде өткізуге қолайлы.
Бұл пікірсайысты жоғарғы сынып оқушыларымен өткізген өте қолайлы.Әрине төменгі сынып оқушыларымен де өткізуге болады.
Мен бұл пкірсайысты сынып оқушыларымен өткіздім. 10 “а”,10”б” сынып оқушылары борыш сезімін қалай аңдайтындығы.өз ойларын ортаға салда.Әрине әрқайсысының ойы әртүрлі.
Мысалы:
Бір оқушы : -Менің ата-анам алдындағы борышым: -ата-анамды өз адал еңбегіммен бағып-қағу,-дер өте қысқа-нұсқа пікір айтты.
Енді бір оқушы:- Менің ата-анам алдындағы қазіргі борышым жақсы оқу,үйде үй жұмысына көмектесу,мектепті бітіргенде бірыңғай ұлттық тестіні,өте жақсы тапсырып,жоғаы оқу орнына грантқа түсу.
Әрине әркімнгің пікірі әртүрлі.Пікірсайысты әртүрлі сезім тұрғысында да өткізуге болады.
Сезім туралы айтқанда,сезімнің саласындағы дара айырмашылықтарды атап өту керек.
...Адамды толық білу үшін оның тек қалай ойлайтындығын.-,қалай әрекет ететіндігін ғана білу жеткіліксіз,оның қалай тебіріне сезінетіндігін де білуіміз қажет.
1.Сезімнің бағыттылығы:
Адамның сезімдері не нәрсеге бағытталған ,бұл сепзімдердің мазмұны қандай- міне осының бәрі әмоция саласындағы ең маңызды айырмашылықтар.Орыстың жазушысы Лермонтов “Ой” деген өлеңінде былай деп жазады:
“Сүйеміз,жек көреміз өзіндікпен”, демекші .
Егер сезім кездейсоқ обьекетілірге паршаланып.не кез келсе,соның ауанымен ықса,адамның творчестволық ісіне де ,тіршілік күресіне де ол мықты тиянақ бола алмайды.Бір ол ғана емес .сезімнің бұл халге ұшырап адамдды өмірінің негізгі міндетінен басқа жаққа аударып,тиянақты байлау таптырмай,негізгі міндетінен,тура жолынан адастырып жібереді.Адамның эмоциялық өмірін талдап білу үшін,ең алдымен оның өмірінде ең үл\кен орын алатын сезімінің,оның дүниеге көзқарасымен және негізгі мақсаттарымен қаншалықты қабсып жатқатын ұғыну керек.Оның махаббаты -жек көруі,рухтануы, қуануы,қамығуы сияқты сезімдері.
2Сезімнің тереңдігі:
Адамның әмоциялық өмірін сипаттауда оның сезімдерінің тереңдігі де маңызда орын алады.Терең сезім деп,әр адамның тіршілігінің ең түйінді жақтарын қозғайтын сезім айтылады.Ол адамның ойы,талаптары,тілектері мен жан-жақты байланысты болып.барлық рухани тұрмысына әсерін тигізеді.


№44 «Жаңа дала» ЖОМ педагог-психологы: Тукибаева Б.А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет