Сабақтың мақсаты: Қазақстан телеарналарындағы бағдарламалар туралы ақпарат беру



Дата23.08.2017
өлшемі77,05 Kb.
#25467
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 8

Мерзімі:

Мұғалімі: Тулегенова Сания Батырбековна

Тақырыбы: Сүйікті бағдарламам

Сабақтың мақсаты: Қазақстан телеарналарындағы бағдарламалар туралы ақпарат беру (телеарналар, тележүргізушілер).

Білімділік: Оқушылардың білімін тіл-танымдық, мәдени-танымдық, ұлттық-әлеуметтік тұрғыдан тереңдетіп, қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру.

Мәтінді оқып мазмұндау, тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен сөз тіркесі және сөйлемдер құрастыру, сауатты жазуға үйрету, етістіктің өткен шағы туралы түсінік беру.



Дамытушылық: Оқушылардыңлогикалық ойлау, ғылыми ізденушілік қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Жазба тілін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Отанын, елін, туған жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, ата-ана алдындағы парызын білуге, қоғамдық ортада өзін-өзі игере алуға тәрбиелеу. Дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, жаттығу жұмыстары, қимақағаздармен жұмыс, сұрақ - жауап, әңгімелеу, монолог.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бейне фильм, бейне сұрақ, интербелсенді тақта, презентация.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

* сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

* сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

* оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

* оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Қазақстан телеарналары тақырыбын қысқаша мазмұндау.

а) Берілген тапсырманы тексеру.

ә) Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгергендігін анықтау (қимақағазбен жұмыс жүргізу).

б) Кемшіліктермен қателіктерін пысықтап анықтау, жіберген қателерімен жұмыс жасау (тақтамен жұмыс).

в)Үй тапсырмасын бағалау.

3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Сүйікті бағдарламам.



Сабақтың мақсаты: Қазақстан телеарналарындағы бағдарламалар туралы ақпарат беру (телеарналар, тележүргізушілер).

4. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру.

а) өткен тақырыптарға шолу жасау;

ә) өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру;

в) жаңа сабақтың мақсатын айту.



5. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.

Оқылым, тыңдалым, тілдесім, жазылым әрекеттері.

Грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.



  • Оқушыларға бағдарламасы бар газеттер таратылады.

  • Сол газеттен сүйікті бағдарламасы бойынша монолог.

  • Оқушы монологындағы айтылған сөйлемдердің ішінен етістікті табу.

Жаңа сөздермен жұмыс:

а) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.

ә) сөздердің грамматикалық жасалу жолдарын анықтау.

б) сөздермен сөз тіркестерін жасау және сөйлемдер құрастыру.

в) жаңа сөздерді суреттер арқылы таныстыру.

телеарна – телеканал

телеведущий – тележүргізуші

бағдарлама – программа

етістің шақтары – времена глагола

өткен шақ – прошедшее время
Сөз тіркестері: көрікті тележүргізушілер, еңбек еткен, байқауларға қатысқан, жобалар жасаған.
Өткен шақ. Презентация.

Етістік дегеніміз не? Етістік – заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

Өткен шақ дегеніміз – сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған іс-қимылды білдіреді.


р/с

Шақ түрі

Ереже

Жасалу жолы

Мысал

1

Жедел өткен шақ

Іс – қимылдың жуық арада болғанын білдіреді.

Етістік+(-ды, -ді, -ты, -ті) + жіктік жалғауы

Мен бардым.

Сен келдің.



2

Бұрынғы өткен шақ

Негізінен болғанына көп уақыт өткен іс-қимылды білдіреді.

Етістік + (-ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п) + жіктік жалғауы

Мен барғанмын.

Мен барыппын.



3

Ауыспалы өткен шақ

Сөйлеп тұрған уақытқа дейін болып тұрған іс-қимылды білдіреді.

Етістік + (-атын, -етін, -йтын, -йтін) + жікті жалғауы

Мен баратынмын.



Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру(өткен шақ) : Мадина Балғабаева 31 арнада тілшілік қызметтен бастаған.

Тәуекел Мүсілім Қазақстан ұлттық телеарнасында корреспондент қызметінен бастаған.

Майя Веронская қазақ тілін терең меңгерген.

Ринат Сафаргулов мансабын Бішкек қаласында бастаған.

Жанат Бақыт «Ана тілі» аруы байқауының жеңімпазы атанған.

Айтылым, тыңдалым, жазылым әрекеттері.

Газетпен жұмыс. (оқушыларға бағдарламасы бар газеттер таратылады)

а) газеттегі бағдарлама мазмұнын түсіндіру.

ә) сүйікті арнасының бағдарламасын оқу.

б) жалпылай, жекелей айту.

в)монолог.

6. Сергіту сәті. Би

7. Жаңа материалды меңгерту дәрежесін тексеру кезеңі.

Бейнефильм. 23:30 - «Түнгі студия» бағдарламасы бойынша етістіктерді өткен шаққа айналдыру.

Мысалы: көрді-көрдім, қатысу-қатысты, сөйлеу-сөйледі..т.б.



7. Жаңа материалды бекіту кезеңі.

Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктігін қалыптастыру.



Сәйкестендіру.

р/с

Тележүргізуші

Бағдарламасы

Телеарна

1

Мадина Балғабаева

Жаңалықтар

КТК

2

Тәуекел Мүсілім

Жаңалықтар

Қазақстан

3

Ринат Сафаргулов

«Қалайсың?»

Жетінші арна

4

Жанат Бақыт

«Алтыбақан»

Хабар

5

Денис Бобылев

«IQ Action»

Алматы

6

Мая Веронская

«Информбюро»

31 арна

7

Арыстан Балтин

«Қайырлы кеш!»

Жетінші арна

9. Жаңа сабақты қорытындылау:(жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру).

10.Бақылау кезеңі және өзін-өзі бақылау кезеңі.

  • Оқушылардың материалды меңгеру сапасын анықтау. Өзін-өзі және өзара бақылаушылық мүмкіншілігін дамыту.

11. Сабақты бағалау кезеңі. Өзара бағалау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру. Оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.

12. Рефлексия: Оқушының көңіл-күйін,іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі жән ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.



13. Үй тапсырмасы:Тақырыпқа байланысты мәтін құрастыру.

Мұғалімнің қолы________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет