Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен танысу және оны практика жүзінде орындау



Дата04.07.2018
өлшемі29 Kb.
#47030
түріСабақ
1 СЫНЫП

КОМПОЗИЦИЯ
2 ТАПСЫРМА.

Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрлары. «Достармен тауда», «Естелікке фото», «Спорттық жетістіктер», «Жаңбырлы көңілкүй».

Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен танысу және оны практика жүзінде орындау.

Қолданылатын көрнекіліктер: Оқу көрнекіліктері, репродукциялар, суреттер.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақ жоспары: 1. Жаңа тақырып.

2. Көрнекіліктерді көрсету

3. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы әңгіме.

4. Методикалық тапсырма.

5. Өзіндік жұмыс.

6.Қателерін жөндеу.

7.Жұмыстарын талдау.

8.Баға қою.
Сабақ барысы: 1 САБАҚ.

-Жаңа сабақты түсіндіру. Бейнелеу өнерінің түрлері: кескіндеме, графика, мүсін, архитектура, сәндік қолданбалы өнер. Бейнелеу өнерінің жанрлары: портрет, пейзаж, натюрморт, интерьер, тұрмыстық жанр, баталдық, тарихи, мифологиялық, анималистік т.с.с. жанрлық картина туралы түсінікті айтып өтемін. Композиция салу кезеңдері.

-Көрнекіліктерді көрсете отырып өз ойларын таңдаған жанрларында салуға қалыптастыру.

-Нобайын ізденіп салу. Оқушының өзі таңдаған жанырында екі үш планды композиция

-Композициялық шешімін табу. Қағазға дұрыс орналастыру.

-Өзіндік жұмыс. Ойлаған композицияларын тез және нақты салу керек.

-Кеңес беру.

-Композициялық қателерін жөндеу.

-Боялудың алғашқы кезеңі. Жұмыстың көңіл күйін бояумен көрсету.

-Кеңістікті көрсету. Әуе перспективасы туралы айтып өтемін.

-Қателерін айтып, оларды жөндеу.

-Оқушыларға кеңес беру.

-Жұмысты аяқтау.

-Оқушылармен бірге отырып аяқтаған жұмыстарын композициялық шешімін және қойылған талаптарды кімнің қалай орындағандарын талдаймыз.



-Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет