№58 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінінің мұғалімі Турганбаева Баян Оразалиевна
Жүсіпбек Аймауытұлы «Әнші» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: -Жүсіпбек Аймауытов өмірін шығармасына негіздей отырып талдау, сөйтіп оның қайталанбас суреткер екеніне көңіл бөлу, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, әнші бейнесін тереңірек талдап ашу.
Тәрбиелік:- өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету,ұлтжандылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.
Дамытушылық:- «Әдебиет пен өнер егіз» деген ұғымды ашу, жеке және топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сөзбен түсіндіру, талдау, өзара талқылау, ізденушілік.
Сабақтың түрі: жаңа білім-білік, дағды қалыптастыру, жаңа материалды өздігінен игерту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар мен оқу құралдары, тақырыпқа арналған кесте, тапсырма парақтары, суреттер, бүктемелер, «Әміре – ән асқары» альбомы.
Қосымша әдебиет:
Әміре Қашаубаев туралы кітаптар («Ән сапары» Б.Балабекова, 1975ж., «Ән асқары-Әміре»; «Замана бұлбұлдары» А.Жұбанов шығармалар
жинағы); Жарқын Шәкерім «Әміре Қашаубайұлы»; Жүсіпбек Аймауытов «Шығармалары»;
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды топқа бөлу: I топ «Болашақ», II топ «Ұлан», IIIтоп «Өнерпаз».
Әр топтың топ басшысын сайлау.
Әр топқа бағалау парақтарын үлестіріп беремін.
Үй жұмысын тексеру
Жүсіпбек Аймауытұлы туралы оқушыларға өздері ізденіп, «Әнші» әңгімесін алдын ала үйде оқып келуге бергенмін.
«Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұнын «Зымыран сұрақтар» әдісімен сұраймын. Тақтаға барлығы 15 сұрақ жасырылған. Әр топқа 5 сұрақтан бөлінген. Сұраққа қысқа уақыт беріледі, сол уақыт аралығында әр топтан шыққан оқушының жауабы тез, қысқа әрі түсінікті болуы керек.
I топ.
Жүсіпбек Аймауытұлы кім?
Әңгіме қалай басталады?
Шығарманың негізгі идеясы не?
Әңгімедегі әнші есімі.
Әнші ән айтуды кімнен үйренді?
II топ.
Әмірқан қандай әнші?
Әмірқанның тұрмыс-тіршілігі қандай?
Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.
Жастар не ұйымдастырды?
Әмірқан әнді қалай орындайды?
IIIтоп.
Әмірқан кім?
Жүсіпбек Аймауытұлының қандай шығармасын білесің?
Әмірқанның өнерге сүйіспеншілігі.
Автор Әмірқанның түр-түсін қалай суреттейді?
Шығарманың негізгі идеясы не?
III. Жаңа сабаққа көшу
Түсіндіру жоспары
Жүсіпбек Аймауытұлы өмірі, шығармашылық мұрасына қысқаша шолу.
«Әнші» әңгімесі.
Әншімен алғаш таныстық.
Ән құдіреті.
Наурыздағы сауық той.
Әруақты әнші.
Әмірқанның үйінде.(Азаматтық тұлғасы, ән салу шеберлігі)
Әншінің жүдеу тұрмысы.
Ән салу—үлкен өнер.
Әнші де жылайды екен.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, " Абай" журналын шығаруға ат салысады.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. «Елес», «Баушы мен бала», «Жол үстінде», «Көк өгіз», «Жидебайдың баяндамасы» т.б. әңгімелері бар.
Жазушының "Әнші" әңгімесі де дәл осындай нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған.
...Жетішатыр — жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы—қымыз, ойын-сауық— "кататься". Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса— пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.
Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі осындай қысқа-қысқа образды ұғымдармен берілген. Адам туралы бір ауыз сөз болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр.
Одан әрі қымыз дастарқаны. Қымыз құюшы қыз Шекет, қымызға құмартқан қалалықтар. Осындай бір сәтте дастарқанға әңгіменің бас кейіпкері әнші жігіт Әмірқан келеді. Ән салады. Кейін Әмірқан қала жастары дайындаған спектакль-концертке қатысып, көпшіліктің қошеметіне бөленеді.
Оқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірқанның арасындағы достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы, жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған сәті баяндалады.
Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы — Семей, ал әнші Әмірқан — қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан — Әміренің әншілік кұдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. ...Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды, Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, аз да болса бірегей болды.
Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.
Бұл — ән айтып отырған әншінің бейнесі. Жазушы қаз-қалпындағы әсем сурет жасайды. Әншіні асыра мақтамайды, дәл бағасын береді. Ж. Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.
Тұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінің көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды.
Әр топқа конверт таратып беремін. Әр конвертте «Әнші» әңгімесінің бөлімдері жасырылған. Берілген бөлімге әр топ тақырып қоюы шарт. ( I , II ,III бөлім ) Оны дәлелдеп көрсетуі керек.
I топ
II топ
III топ
3) Мәтінмен жұмыс
Бұл кезеңде хикаяның тілдік ерекшелігі талданады. Әр топ хикаяның толық мәтінімен жұмыс жүргізеді.
Теориялық ұғымды еске түсіріп аламыз. /Жалқы есім/
Талдау жұмысын жүргіземіз.
(Тақтаға ұяшықтарды жасырып қоямын. Әр топтан бір оқушы шығып ұяшық таңдайды. Соған сәйкес жауап береді)
Тапсырмалар:
1. Жалқы есімдерді түр-түріне ажырату.
2.Әмірқан бейнесіне байланыс құру.
3. Ақтамақ бейнесіне байланыс құру.
\
1.
Жер, су аттары
|
Адам есімдері
|
Тау аттары
|
|
|
|
Кейіпкер бейнесін талдау. Әңгімедегі басты тұлға Әмірхан бейнесін кестеге талдау. 1) Мінезі 2) Қарым-қатынасы 3) Кәсібі
Әртіс, сері, әнші, сезімтал, ақкөңіл, бірбеткей, сенгіш, бауырмал, көпшіл, қонақжай.
Әңгімедегі Ақтамақ бейнесіне байланыс құру.
Тақырыпты бекіту кезеңі.
Шығарманы сатылай кешенді талдау арқылы тақырыпты пысықтап бекіту.
«Әнші» әңгімесі
Авторы: Жүсіпбек Аймауытұлы.
Тақырыбы: әншілік өнер.
Әдеби жанры: проза (әңгіме).
Шығарманың негізгі идеясы: өнерді жоғары бағалауға, әншілік шеберлікті терең ұғынып қадірлей білуге, өнердің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінуге үндеу.
Шығарманың композициялық құрылысы
А) Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық.
Ә) Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті.
Б) Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық-той.
В) Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы.
Г) Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті.
Ғ) Оқиғаның шешімі: Әнші де жылайды екен.
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі
А) Басты кейіпкері: Әмірқан
(Прообразы: Әміре Қашаубаев.)
Ә) Ақтамақ: Әмірқанның сүйіктісі.
Б) Лирикалық кейіпкері: Жүсіпбек.
В) Жұмабек (прообразы: Жарылғапберді).
7. Әдеби теориялық ұғымдар
А) Эпитет: ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер т.б.
Ә) Теңеу: үйректей, қаздай қалқып т.б.
Б) Метафора: бұлбұлмын, тұлпармын.
Үй тапсырмасы: Хикаяттағы мағынасы түсініксіздеу сөздерді тауып,түсіндірме күнделігін орындау. Бұл тапсырма «Сөз төркінін тану» мақсатымен жүргізіледі.
Түсіндірме күнделігі
Мәтіндегі сөз
|
Оқушы түсінігі
|
1.жөпшеңді
|
анау-мынау,жай
|
1. Жүсіпбек Аймауытұлы—қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан. Ол әнді сүйіп өсті, өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес. Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы—жазушы шығармашылығының өзегі. «Әнші» әңгімесі жазушы ұлылығының айғағы десек те болады.
2. Әміре Қашаубаев—ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымаз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті. Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.
Түйін жасау.
1. «Әміре – ән асқары» альбомымен таныстыру.
2. Тақтаға қазақтың кең даласы мен сұлу табиғаты бейнеленген. Оған 5 жұлдызды орналастырдым, әр жұлдызда Әміре бейнесін айқындайтын «Дала бұлбұлы», «Ғажайып әнші», «Ұлт мақтанышы», «Дара тұлға», «Алтын мұра» секілді эпитет сөздер жазылған. Осы сөздер арқылы әңгіме түйінін ашып, сабақты аяқтаймын.
Оқушыларды бағалау.
Бағалау парағы
р/с
|
Топтың аты
|
I топ «Болашақ»
|
Тапсырмалар
|
1
|
Үй жұмысын тексеру
«Зымыран сұрақтар»
5 ұпай
|
|
2
|
Мәтінге ат қою
10 ұпай
|
|
3
|
Мәтінмен жұмыс
15 ұпай
|
|
4
|
Жеке оқушылармен жұмыс
10 ұпай
|
|
Бағалау парағы
р/с
|
Топтың аты
|
II топ «Ұлан»
|
Тапсырмалар
|
1
|
Үй жұмысын тексеру
«Зымыран сұрақтар»
5 ұпай
|
|
2
|
Мәтінге ат қою
10 ұпай
|
|
3
|
Мәтінмен жұмыс
15 ұпай
|
|
4
|
Жеке оқушылармен жұмыс
10 ұпай
|
|
Бағалау парағы
р/с
|
Топтың аты
|
III топ «Өнерпаз»
|
Тапсырмалар
|
1
|
Үй жұмысын тексеру
«Зымыран сұрақтар»
5 ұпай
|
|
2
|
Мәтінге ат қою
10 ұпай
|
|
3
|
Мәтінмен жұмыс
15 ұпай
|
|
4
|
Жеке оқушылармен жұмыс
10 ұпай
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |