Сабақтың мақсаты: Білімділік : Фосфордың жалпы сипаттамасымен таныстыра отырып,табиғатта



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі2,47 Mb.
#30458
түріСабақ
  1   2
Қуанғанова Шынар Ибадуллақызы, химия пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Фосфор және оның қасиеттері

Қатысушылар: 9 «А» сынып оқушылары

Пәні: Химия

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Фосфордың жалпы сипаттамасымен таныстыра отырып,табиғатта

кездесуі мен алыну жолдарын меңгерту.



Тәрбиелік : Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып,оқушылардың химия

пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру.



Дамытушылық : Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы

оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және

сараптау,салыстыру қабілеттерін дамыту.Өзін-өзі бақылау мен

талдауды іске асыру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, Менделеев жасаған химиялық

элементтердің периодтық кестесі, медиобьектілер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру (1 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспармен таныстыру.

Ү. Сабақты бекіту

ҮІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІ. Бағалау.

І. Үй тапсырмасы. Азот және оның қосылыстары.

Сұрақтар: 1. Азоттың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы.

2. Азоттың сутекті қосылыстары. Алыну жолдары.

3. Азоттың оттекті қосылыстары.

4. Азот қышқылы. Алыну әдістері.

5. Азот қышқылының тұздары. Химиялық қасиеттері.

6. Нитраттардың химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Үй тапсырмасын бекіту: (Ой толғаныс)


  1. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады? (Аммиак)

  2. Азоттың металдармен қосылысында қандай тұз түзіледі, ол қалай аталады?

  3. Ауаның неше пайызын азот құрайды? (78)

  4. Азот қышқылының тұзы қалай аталады? (Нитраттар)

  5. Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады? (Мүсәтір спирті немесе аммоний гидроксиді)

  6. Отсыз түтін қалай түзіледі? (аммиак пен тұз қышқылы)

  7. «Түлкі құйрығы» деп қай газды атаған? (Азоттың (ІҮ) оксиді)

  8. «Патша сұйығы» деген не? (1 көлем HNO3 + 3көлем НСІ қоспасы)

  9. Азот табиғатта қандай түрде тараған? (газ күйінде)

  10. Азот қышқылы жарықтың әсерінен неге ыдырайды? (NO2 + H2O)

Сабағымызды әрі қарай мына әңгімемен бастағалы тұрмын.

Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд (1669 ж). Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын көрінеді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып, ақшаға кенелді. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?

Оқушы: -Фосфор


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Фосфор және оның қасиеттері».

Мақсаты: фосфордың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы, алыну әдістерін, қасиеттері мен қосылыстары туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру. Азотпен ұқсастығы мен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оның қосылыстарын жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеуін жазып, теңестіре білуге баулу.

«Мағынаны тану» кезеңі.

Қайталау – оқу анасы, дегендей алдағы тақырыптардан алған теориялық білімімізге сүйене отырып, фосфорға сипаттама берейік.



Оқушы: - Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор ІІІ периодта, Ү топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік нөмірі (ядро заряды) 15. Фосфор – азоттың аналогы, себебі оның валенттілік электрондарының электрондық конфигурациясы азоттікі тәрізді s2p3. Бірақ азот атомына қарағанда фосфор атомының иондану энергиясы төмендеу және оның радиусы үлкен. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық сипаттарының әлсіздеу екендігін көрсетеді.

Фосфор атомындағы электрондардың орналасуы: Р +15 )2е-)8е-)5е-

Электрондық формуласы: 1s22s22p63s23p3. Графиктік формуласы.

Фосфор қосылыстарында -3,+3,+5 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы фосфин мен аммиак молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанымен, фосфин молекуласы берік емес, улы, тұрақсыз газ, тез тотығып кетеді.

Фосфорды алғаш ашқан кім? - 1669 ж. неміс алхимигі Х.Бранд.

«Ой қозғау» кезеңі :


  • Фосфорды қайда кездестіруге болады ?

  • Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы фосфорит және апатитте кальций фосфаты түрінде болады. Олар Жамбыл облысындағы Қаратау маңында кездеседі.

Азот тәрізді фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүрек ұлпаларында кездеседі. Мысалы , ересек адамдардың сүйегінде 600 гр ет ұлпасында 56 гр, жүйке жүйесінде 5 гр- ға дейін фосфор болады.

Сүйек қрамындағы фосфор қаңқаға беріктік қасиет береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдіктен қабылдайды. Фосфор қосылыстары барлық зат алмасу процестеріне қатысады.



Физикалық қасиеттері. Азотқа қарағанда фосфор элементінің бейметалдық қасиетінің төмендеуі оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді. Мысалы, фосфордың азоттан өзгеше бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар: ақ (сары), қызыл және қара.

Ақ фосфор – тез тұтанатын, өте улы зат. Оның буымен дем алуға болмайды. От алғыш қауіптілігіне байланысты оны шыны ыдыста су астында сыртынан құм салынған металл банкада сақтайды. Суда ерімейді, бірақ күкірттікөміртекте ериді. Қараңғыда жарқырайды. Ауасыз кеңістікте қыздырсақ қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Молекуласының кеңістіктегі пішіні тераэдр тәрізді.

Қызыл фосфор – қызыл – қоңыр түсті ұнтақ зат, улы емес, полимерлі құрылысты болып келеді. Суда және күкірттікөміртекте ерімейді. Қараңғыда жарқырамайды. Қызыл фосфордың қасиеттері оның алыну жағдайына байланысты.

Қара фосфор – сыртқы түрі графитке ұқсайды, қолмен ұстағанда майлы жартылай өткізгіштік қасиеті бар. Қара фосфор аз кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет