Cабақтың тақырыбы: Электронды пошта Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Электронды пошта» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушыларға сабақтың барысында электронды пошта қызметімен таныстыру, пайдалануды үйрету.
Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, іскерлікке баулу.
Тәрбиелік: жаңа заманға сай білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа білім беру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, смайликтер, тест
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. Оқушылардың зейінің сабаққа аударамын.
- Қазір қай сабақ?
- Нешінші сабақ?
- Қай жыл мезгілі?