Сабақтың мақсаты: Білімділік: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолын шығармашылығын біледі



Дата31.12.2019
өлшемі14,72 Kb.
#54728
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Қазақ халқының ұлы жазушысы -Мұхтар Әуезов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолын шығармашылығын біледі.

Дамытушылық: Тілдері дамып, өз ойларын дәлелдеуге, ізденуге үйренеді. Тәрбиелік:Оқушы бойына азаматтық гуманистік қасиеттерді дарыту, сөз тереңдігін түсініп бағалай білуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:слайд, М.Әуезовтың кітаптары, видео, кесте, журнал

Сабақтың барысы.



І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Шаттық шеңбері «Гүлге қонған көбелек».Көбелектерге тілек жазып жабыстыру.



Жаңа тақырыппен таныстыру

Абайды Абай еткен мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.

Қазақтың қос арысы, қос данасы,

Қалайша бас иемссің оған , сірә.

Өлең кім туралы? Тақтадан М.Ә. портретін көрсетемін.



Сабағымыздың мақсаты не? Әлемдік әдебиетке қосқан үлесі туралы айтып, шығармаларымен танысамыз. Қай тақырыпта қалам тартқанына тоқталамыз.

І І .Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа тақырыбымызды бастамай тұрып, өткен тақырыпқа тоқталайық. Кім туралы өттік? Мағжан жұмабаев кім?

Өлеңін жатқа оқыту . Тест тапсырмасын орындату.



Мағжан Жұмабаев.Тест.

Қай облыста дүниеге келген?

А)Солтүстік Қазақсан облысында

Б)Көкшетауда

В) Шымкентте

2.Қандай отбасыдан шыққан?

А) кедей

Б)дәулетті

В) шаруа

3.Алғашқы өлең жинағы қалай аталады?

А) «Шолпан »

Б) «Жұлдыз»

В) « Қазақстан»

4.Махаббат тақырыбына жазылған өлеңін тап

А) «Жаз келеді»

Б) «Оқу білім қайтсе табылар?»

В) «Сүйгенім анық»

5.Поэмасын көрсет

А) «Жаз келеді»

Б) « Мен кім?»

В) « Батыр Баян»

6.Қандай жаламен түрмеге қамалып, атылды?

А) халық жауы

Б) жемқор

В) адам өлтірді

7. Қай жылы қайтыс болды?

А) 1937 ж

Б) 1938 ж

В) 1936

Бір- бірін тексереді. Жауабы тақтада ілулі тұрады.



І І І .Жаңа тақырып.Енді бүгінгі тақырыбымызға оралайық. Мен тақырыпты "Қазақ халқының ұлы жазушысы –Мұхтар Әуезов" деп алдым.Бүгін біздің сабағымыз ерекше түрде, конференция сабағы түрінде өтеді.Көңіл күйлерің қалай? Үш тілде жауап береді.

Енді конференцияға қатысушылар өздерінің үйден дайындап келген материалдарымен таныстырады.

1.Өмірі туралы-Амергалиев Амир.

2. Аудармалары- Ерсалиева Сымбат

3.Драматургиясы- Закиров Алмат

4. «Абай жолы» кітабының шыққан жылдары- Кульшманов Серик

5. «Абай жолы» романы туралы Шуйкебаев Диас.

Енді Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан көрініс көрсетейік.

-Балалар, осы көріністе қазақтың қандай салт- дәстүрі бар?

Осы «Абай жолы» романында тек қана Абайдың басынан өткен оқиғаларды жазбай өмірмен байланыстырып, сол кездің ащы шындығын, салт- дәстүрін көрсеткен.

Сергіту сәті. «Мәреден асыру»ойыны.

Қазақ радиосының алтын қорында сақталған Мұхтар Әуезовтің дауысын тыңдату. Әуезов не туралы айтты?



Оқулықпен жұмыс.261 бет. Диалогті оқытқызу.

Абай мен әкесі Құнанбай арасындағы әңгімеден үзінді оқыту.Диалог не туралы?.Мұнда ескі мен жаңа арасындағы теке тірес кезі суреттелген. Екеуінің көзқарасы әртүрлі.Біреуі ақсүйектерді, екіншісі кедей- кепшіктерді қолдайды. Әкесі екуінің арасындағы келіспеушілік суреттелген.


Мұхтар Әуезов туралы айтқан ұлылардың сөзімен таныстыру.

Әуезов туралы қызықты деректер.(слайд қарау)

4.Бекіту. Топтастыру. Мұхтар Әуезов кім болған?Дәлелде.

Драматург

Аудармашы

Жазушы


Зерттеуші

Ұстаз


Профессор

5.Үй тапсырмасы:268 бет Үзіндіні оқу.

6.Бағалау.

7. Қорыту. Не білдің?Сабақ ұнады ма? Өзіңе не алдың?
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет