Астана қаласы
№48 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Омаршаева Нағима Таласбекқызы
Сыныбы: 2 сынып
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту» тақырыбында қарастырылған негізгі мәселелерді пысықтау. Өрнектерді салыстыру, баған түрінде есептеу, геометриялық фигуралардың периметрін табу, теңдеу шешу, есептерді түрлендіру.
Дамытушылық:Қазақтың ұлттық ойындарына оқушының қызығушылығын арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық ойындар арқылы ата-баба дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, дәлдікке баулу, тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша, жазбаша ессептеу, ойын
Сабақтың көрнекілігі: әр оқушыға берілетін деңгейлік тапсырмалар, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа қажетті оқу құралдарын түгендеулерін қадағалап, назарларын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбынмен,мақсатынмен таныстыру.
ІІ. Өткенді қайталау: үй тапсырмасын оқушылар дәптерлерін өз ара алмасып екеу ара тексереді. Тақтада жазылған дұрыс жауабымен салыстырады:
39+а
а=61 39+61=100
а=0 39+0=39
а 39
а=100 100-39=61
а=39 39-39=0
Тапсырманы өздері бағалайды. «5» алған, «4» алған оқушылар бағаларын кеспе цифрларды көтеру арқылы көрсетеді. Айдың, күннің ретін, тақырыпты,көркем жазуды дәптерлеріне жазады..
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ұлттық ойындарды атату. Бүгінгі сабақта екі топқа бөлініп, ұлттық ойындар ойнап, тапсырмаларды орындау керектігі жайлы айту. Әр ойыннан жеңіп шыққан топқа жалауша беру. Олай болса, екі топқа бөлінеміз.
І топ «Тапқырлар» тобы:
Топтың ұраны: Ұқыпты – ұтар,
Іздеген – табар.
Оқыған – озар,
Еріншек – тозар. (Хормен айтылады)
ІІ топ «Алғырлар» тобы:
Топтың ұраны: Ұранымыз өрге жүзу бар жерде,
Мақсатымыз алғыр болу өмірде.(Хормен айтылады)
Балалар сендер үйлеріңе қонақ келгенде не істейсіңдер?
Сәлемдесеміз, төрге шығарып, қошеметтейміз,қал жағдайын сұрап, шәй береміз.
Дұрыс. Біздің қазақ халқы – қонақжай халық. Бүгінгі біздің жарысымызды тамашалауға қонақтар келіпті. Сол қонақтармен амандастық, төрімізден орын бердік. Енді ол кісілерге шай берейік. Ол үшін біз қазір кеселерге құйылған шәйды береміз. Кеселердің ішіндегі қағазға жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы шәй беріледі.(Әр топтан оқушылар кеседегі сұрақтарды оқып жауап береді)
«Шәй ішу» ойыны. Кеселердегі қағазға жазылған сұрақтар:
Қандай сандарды екі таңбалы сандар дейміз?
Бірлігі екі болатын екі таңбалы сандарды ата және жікте.
Ең үлкен екі таңбалы санды ата,жікте.
Толық ондықтарды ата. Бұл сандарды тағы қалай атаймыз?
Берілген сандарды ата. 6.9 бірлік.,3 онд.,8 бірл.,1 жүз. 0 онд.
Бірлігі ең үлкен екі таңбалы сандарды ата.
Ойыннан кейін қорытынды шығарылып, жеңген топқа жалауша беріледі.
«Орамал тастамақ» ойыны. Ойын шарты түсіндіріледі. Оқушылар кезекпен түйілген орамалды бір-біріне бере отырып, берілген өрнектердің мәнін тауып жазу арқылы, таудың шыңына қай топтың оқушылары бірінші шығып, шыңға өз туларын тігеді.
Шың
І-ші топ ІІ-ші топ
Дәптерлеріне әр топ тек өздеріне берілген өрнектерді ғана жазады. Ойын соңында қорытынды жасалып, жеңіске жеткен топқа ту беріледі.
«Қазақша күрес» ойыны. Топ басшыларының сайысы. Бұл ойынға тек топ басшылары ғана қатысып, күштерімен емес білімімен күреседі. Ал қалған оқушылар осы оқушылардың берген жауаптарын жазып отырады.
І-ші топ басшысы: 1. Үш мүшелге толған адам нешеде болады?
2. Қабырғаларының ұзындығы 4 сантиметр болатын шаршының
периметрін тап.
3. 100 – 25=75 (өрнектің мәнін тап)
ІІ-ші топ басшысы: 1. Ең кіші бір, екі және үш таңбалы сандарды қосса, қанша
шығады?
2. Мен бір сан ойладым одан 10-ды азайтып едім, 47 қалды.
Менің ойлаған санымды тап.
3. 36+36=72 (өрнектің мәнін тап)
Қорытынды шығарылып, жеңіске жеткен топқа ту беріледі.
«Ат жарысы» ойыны. Бұл ойында жарысқа екі топтың оқушылары түгел қатысады. Әр оқушыға жеке параққа жазылған І, ІІ, ІІІ деңгейге бөлінген деңгейлік тапсырмалар түсіндіріліп таратылып беріледі, орындалады. Әр деңгейдегі тапсырмаларды орындап болаған оқушы қабырғаға ілінген қалтадағы өз фамилиясының тұсына + (қосу ) таңбасын салады. Өзін-өзі бағалайды. Қай топ оқушылары үш деңгейдегі тапсырмаларды тез орындап болса, сол топ жеңіске жетеді. Ол үшін барлық тапсырманың дұрыс орындалғанының айғағы ретінде ілулі тұрған қалталардың барлығында дерлік +(қосу) таңбасы тұруы керек.Ту беріледі.
Қорытындылау: Қорытынды жасалып, көп ту жинаған топ жеңіске жетеді
Үйге тапсырма:Оқулықтың 145 бетіндегі №3 мәселе есеп І топқа, 145 беттегі №4 мәселе есеп ІІ топқа беріледі.
Бағалау: Топтың жұмысы және жеке оқушылардың жұмыстары бағаланады.
Астана қаласы
№48 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Омаршаева Нағима Таласбекқызы
Пәні: математика
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:
4 санының қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайын тиянақтай түсу, қарапайым әріпті өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан іс-әрекет барысында кестелі қосу мен азайтуды орындауға машықтандыра түсу; екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді салыстыру.
Қоршаған ортаға аңдарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Достықты қадірлеуге, қиындыққа шыдау, қол ұшын беріп көмектесуге тәрбиелеу.
Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйрету, ойлау, тез есептеу қабілеттерін арттыру, дамыту
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу, ойлау, ойнату
Сабақтың көрнекілігі: сандар, жеке суреттер, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. Қазір бізде математика сабағы бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес ертегі сабақ. Сабағымыздың тақырыбы 4-ті қосу және азайту тақырыбы бойынша алған білімді тиянақтау. Мақсатын айту. Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІ Өткенді қайталау
Үйге қандай тапсырма берілген еді?
Үйге 59 беттегі 6 тапсырма орындауға берілген. Үй жұмысын тексеремін, тақтаға жауаптарын жазып қоямын.
11, 21, 31, 41, 51, 61, 71, 81, 91
Оқушылар өздерінің дәптерлеріндегі жауаптармен салыстырып тексереді, өздерін-өздері бағалайды. Бағаларын саусақтарының санын көрсету арқылы тексеремін.
ІІІ Жаңа сабақ
Дәптерге ай-күнді жазу.
Үй жануарларының суреттері көрсетіледі. Сұрақтар қою арқылы олардың үй жануарлары және төрт түлік мал екендігі анықталады.
Олай болса бүгінгі біздің ертегіміздің негізгі кейпкерлері осы төрт түлік мал екен. Төрт түліктің пайдасы туралы айтылады. Егер осы малдардың басына қиыншылық түссе көмектесер ме едіңдер? Иә.
Ертегі мазмұны айтылады.
Дос іздеп келген түйеге адам тапсырма береді.
Түйеге берілген тапсырма:
1.Қосу амалының компоненттерін ата
2.Санға 4-тің қосу және азайту кестесіне өрнек құрастыру
4+4=8 4+8=12 10-4=6
5+4=9 4+9=13 20-4=16
6+4=10 4+10=14 30-4=26
7+4=11 4+11=15 40-4=36
Оқулықтаңы тапсырма орындалады
8+4=12 12-4=8
8+2+2=12 12-2-2=8
2+2=4
Берген тапсырмасын дұрыс орындаған түйемен адам достасып, бірге тұрып жатады. Менде сендермен дос болып тұрайын, деп бие келеді.
Биеге берілген тапсырмалар:
1 м = 10 дм 1м = 100 см 1 ғас = 100 ж 1 апта = 7 тәулік
4 м = 40 дм 4 м = 400 см 4 ғас = 400 ж 4 апта = 28 тәулік
3-жаттығу жазбаша орындалады:
а + 4 а – 4
а=50 50+4=54 а=54 54-4=50
а=53 53+4=57 а=57 57-4=53
а=9 9+4=13 а=13 13-4=9
Қорытынды жасалады.
Адам, түйе, бие үшеуі тату өмір сүріп жатады. Бір күні сиыр келеді.
Сергіту сәті: төлдер әні:
Адам сиырға тапсырма береді.
4-тапсырма
Жүк м. – 9 Жүк м. – 9
Жеңіл м. – 4 Жеңіл м. – 4
Жөнделді – 5 9 + 4 = 13 (м)
Ж. тиіс - ? Жауабы: 13 машина әкелінді.
(9+4) – 5 = 8 (м)
Жауабы: 8 машына жөндеу керек.
9
4
5
?
9
4
?
Санды 4-ке арттыру. Екі санды нұсқамамен қосу арқылы көрсету.
36 4
14
0 40
10 7
Адам, түйе, бие, сиыр төртеуі тату тәтті өмір сүріп жатқанда бұларға өзіне дос іздеп жүрген қой келеді. Қойға берілген тапсырма:
Математикалық диктант:
7 мен 1 сандарының қосындысынан 4-ті азайт. 7+1-4=4
16 мен 3 сандарының қосындысынан 3-ті азайт. 16+3-4=15
20 мен 10 сандарының айырмасына 4-ті қос. 20-10+4=14
Барлығы дәптерлеріне жазады. Жауабын 2-3 оқушы оқиды.
Есептегіш машина тапсырмасына бір-бір оқушыдан шығып орындайды.
+ 20 50
10
5
- 4 8
4
26
Қалған оқушылар екі нұсқаға бөлініп, қима қағазбен жұмыс жасайды.
І – нұсқа ІІ – нұсқа
10, 12, 2 11, 4, 7
Сандарын пайдаланып өрнек құрастыр:
10+2=12 4+7=11
2+10=12 7+4=11
12-2=10 11-4=7
12-10=2 11-7=4
Қима қағаз жиналып алынады:
Төрт түліктің оқушыларға берген тапсырмасы. Жоқ сандарды орнына қойып, жасырынған сөзді табу.
24 76 12 0 90 30
р а х м е т
+4=12 х
-4=30 т
20+ =24 р
4 - =0 м
-6=76 а
81+ =90 е
Қандай сөз шықты? Малдар сендерге адаммен достасу үшін тапсырмаларды орындауға көмектескендерің үшін ризашылығын білдіріп, рахметтерін айтты.
Қорытындылау: сабақта 4 санын қосу және 4 санын азайтуға байланысты алған білімдері тиянақталады.
Үйге тапсырма: бірлігі бар екі таңбалы сандарға төртті қосу және төртті азайту кестесін құру беріледі
Бағалау: оқушылардың білімдері төрт түлік малдың суретін жинағандарына сандарына қарай бағаланады (әр тапсырманы орындаған оқушыға төрт түліктің суреті беріліп отырды)
Достарыңызбен бөлісу: |