Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету



Дата01.04.2017
өлшемі75,21 Kb.
#12869
түріСабақ
Cабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және

біріктіруге үйрету.



Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге

деген қызығушылығын арттыру.



Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (түйін).

Қорытындылау
ІІІ. Жаңа тақырып.

ІҮ. Практикалық жұмыс.

Ү. Сабақты бекіту

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.



  1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер.

  2. Үй тапсырмасы Беттің өлшемдері. Құжатты басып шығару. (Түйін жаттау)

Сонымен, бастаймыз.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

Жауап жоспарының үлгісі:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.

  2. Тағайындалған орынға отыру керек.

  3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.

  4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен

  5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.

  6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.

  7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т.с.с.

  • Жарайсыңдар!

  • Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.


ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (Түйін)

ІҮ. Жаңа сабақ

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді үйренулеріңіз керек.

Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.



Кесте құрудың әдістері:

Аспаптар панелінен «Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.



Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
Аспаптар панелінен шекаралар белгісін пайдалана отырып, өзгертуге болады.

Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, безендіру және жиектеу алгоритмдерін жазып алайық.



Кесте құрудың алгоритмі

  1. Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.

  2. «Добавить таблицу» батырмасын шерту.

  3. «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.

  4. «ОК» батырмасын шерту.


Сергіту сәті

Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте)

Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі. (Жол)

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды. (Ұяшық)

Сонымен, біз сіздермен кесте құру, алгоритмін жаздық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.



  • Мен қазір сіздерге бірнеше мысал көрсетемін, сендерде қандай кесте құрылуы мүмкін.

  • Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып

келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады.

Барлығымыз кесте құрайық.



Ү. Практикалық жұмыс

1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.

2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.

3. 5 баған, 3 жолдан тұратын кесте құр.



















































  1. Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.

  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.

Оқушы туралы мәлімет


Р/с

Оқушының аты-жөні

Туған жылы

Мекен-жайы

Телефоны

1













2













3














ҮІ. Сабақты бекіту үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)


  1. Кестені даярлау үшін.... Кесте > Кесте қосу

  2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте > Біріктіру

  3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты

  4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы

  5. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab

7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу

8. Жолдарды кірістіру...............Кесте > Кірістіру > Жол қосу

ҮІІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс.

(Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру)

ҮІІІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет