Программаның негізгі мүмкіндіктері мен қағидалары. Дербес ЭЕМ-нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін автоматтандыру 90-жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді. Содан бері бухгаптерлік есеп, қазіргі экономика жағдайында кәсіпорындардың барлық меншік формалары мен мөлшерлерінің қаржы-шаруашылык, қызметі жайлы ақпараттарын тіркеудегі, өңдеудегі және сақтаудағы кәделі экономикалық пән болып отыр. Бухгалтерлік программалардың құрылымы икемді және ашық жүйелі болуы керек. Икемді түрге келтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйедегі пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктері мен құрамын, қызмет көрсету барысында технологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар бухгалтерлік технологияның өзгеруін қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: - мини –жүйелер; - шағын және орта кәсіпорындарға арналған әр жақты (әмбебап) жүйелер; - ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С:БУХГАЛТЕРИЯ және тағы басқалар жатады.
Программаны жұмысқа дайындау. Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып табылады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде көп деңгейлі анықтамалықтар (5 деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады. Бұл шоттар бойынша көп деңгейлі талдамалы есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйеде бағынышты анықтамалықтар механизмі қарастырылған. Мұндай механизм әр түрлі анықтамалықтардың элементтерін бір-бірімен, мысалы, кәсіпорынмен жасалған шартты, тауарлар мен олардың өлшем бірлігін, тағы басқаларын байланыстыруға мүмкіндік береді. Бағынышты анықтамалықтардағы әрбір элементі негізгі (иемденуші) анықтамалықтың нақгы бір элементімен байланысты. Жұмыс барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы негізгі иеленуші анықтамалықтың ағымдағы элементі болып табылады.
Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыруАнықтамалықпен жұмыс екі режимде жүреді: => анықтамалықтан элементті таңдау; => анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу. Аныктамалықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін: анықтамалықтың элементі және акықтамалық тобының атауы. Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалықтағы топтың атауынан тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін, екіншіден, 26 анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін ыңғайлы. Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оны коды, элементтердің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге болады.
Субконто, меню, мұрағат, айды жабу, кезеңді жабу, типтік операция режимі, журнал, проводкаларды тексеру анықтамалығын т.б. қалай түсініктеме бересіз?Субконто 1,..,Субкоито 5 - Субконто түрінің мәні, бағанада көрсетілген берілген шоттың талдамалы есебін анықтайды. Мысалы, кестеде көрсетілгендей Субконто1 бағанасындағы Негізгі құралдар бірінші деңгейдегі субконто түрі - "Негізгі құрал", ал Субконто2 бағанасындағы екінші деңгейдегі субконто түрі — "Бөлімшелер" екенін, яғни осы шот бойынша талдамалы есеп жүргізіетінін білдіреді. Егер жүйеде бірнеше шот қолданылатын болса, онда терезенің жоғарғы жағына шоттар жоспарының атауы көрсетілген кескін (закладка) шығады. Керекті шоттар жоспарын тандау үшін сол кескіннің бірін таңдаған жеткілікті немесе басты менюдегі "Әрекет (Действия)" пунктінен "Шоттар жоспарын тандау (Выбрать план счетов)" командасын таңдау керек.
Мини –жүйелер, шағын және әр жақты (әмбебап) жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.