Сабақтың тақырыбы: Іске асырылған өнім бойынша шот фактура толтыру мен бухгалтерлік проводка құру



Дата06.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#80230
түріСабақ
Байланысты:
Шот фактураны рәсімдеу


Күні

03.09.20













Тобы

ЭЕА-0918













Бөлімше меңгерушісінің қолы


















Пәні: 1С Бухгалтерия
Сабақтың тақырыбы: Іске асырылған өнім бойынша шот фактура толтыру мен бухгалтерлік проводка құру
Сабақтың мақсаты:___________________________________________________

  1. Білімділік: «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасында шот фактураны рәсімдеу бойынша білімділікті қалыптастыру




  1. Дамытушылық: «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасында шот фактураны рәсімдеу бойынша белсенділікті дамыту




  1. Тәрбиелілік: «1С:Бухгалтериядағы 8» бағдарламасында шот фактураны сауатты толтыруға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, бухгалтерлік бланкілер
Сабақтың түрі: теория
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу,

  • түгелдеу,

  • үй тапсырмасына даярлық;




  1. Үй тапсырмасын тексеру: ТҚМ есебі бойынша жалпы құжаттар.

Бензин АИ-92 - 1200, 93-1400,96-800, Дизельное топливо-600 келіп түсті.
Қажетті құжаты толтыру.




  1. Жаңа сабақ:

Жоспар:

  1. Тауарларды қайтару

  2. Қызмет көрсету

  1. ҚР Салық Кодексіне сәйкес кәсіпорын ҚҚС төлеуші болып табылса, тауарларды өткізу кезінде шот-фактура өткізуге міндетті. Бұл операцияны бухгалтерден басқа өнімдерді сату жөніндегі менеджер де жүргізе алады.

«Реализация ТМЗ и услуг» құжат журналында операция жазылған жазуды тауып, тышқанды екі рет баса отырып, форманы ашамыз.
Ашылған «Реализация ТМЗ иуслуг» құжатының формасында «Ввести Счет-фактура» құжатының жаңа формасы ашылады.

Ашылған «Счет – фактура» құжатының формасында «Платежно – расчетный документ» графасын «Приходной кассовый ордер» құжатының мәліметтерімен толтырамыз. Құжаттың баспа формасын алу үшін «Записать» және «Печать» (немесе «Счет-фактура») кнопкасына басамыз.

Тауарларды қайтару. Сатып алушыдан алдында сатып алынған тауарларды қайтарып алу «Возврат ТМЗ от покупателя» (меню «Продажа» - «Возврат ТМЗ покупателю») құжатымен рәсімделеді.

Тауарларды қайтарып алу сатып алушы үшін де рәсімделуі мүмкін.
Сатып алушыдан қайтарып алуды сатып алушыға тауарларды өткізу құжатының негізінде жасауға болады. Бұл құжатты толтырған кезде құжаттың құрамы көшіріледі. Тауарларды қайтару кезінде құжатсыз да рәсімдеуге болады. Сонда «Заполнить» кнопкасы арқылы жүкті түсіру құжатының негізінде құжаттың кестелік бөлімін толтыруға мүмкіндік бар.
Егер құжатта «Покупка» операциясы таңдалса «Услуги» бөлімінде қайтарылатын қызметтер бөлімінде көрсетіледі.
«Счета учета возвратов» закладкасында «Счета учета возвратов» белгілемеуге де болады, бұл жағдайда қайтарып алу есебі шоты ретінде құжат шотсыз проводкаларды қалыптастырады (мысалы, 3391 шоты «өткізілген дайын өнім, тауар, жұмыс және қызметтерді қайтарып алу бойынша қарыздар»). Көп жағдайда тауарларды жеткізушілерден қайтарған кезде кестелік бөліктегі тауардың өзіндік құнына сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жағдайда, кіріс/шығыс айырмасы өзіндік құнын шығындау шотына енгізіледі.
Басқа да ұйымдардың қызметі. Кәсіпорыннан көрсетілген қызметттерді рәсімдеу үшін бірнеше құжат қажет:

  • «Покупка» операциясымен бірге «Поступление ТМЗ и услуг» құжаты. Бұл құжатта «Услуги» бөлімі толтырылады. Құжат өткізілген кезде бухгалтерлік жазу жазылады, яғни, дебетте «Услуги» сілтемесінде көрсетілген шығындар шоты, ал кредитте – жеткізушілермен есеп айырысу шоты көрсетіледі.

  • «Поступление доп.расходов» құжаты. Бұл құжат арқылы қызметтердің келіп түсуі, алдын-ала келіп түскен ТМҚ-дың құнына кіретін шығындар сомасы көрсетіледі. Бұл құжаттың өткізілу барысында дебетінде – келіп түскен ТМҚ есебі, кредитінде – жеткізушілермен есептесуі көрсетілетін бухгалтерлік жазу жазылады.

  • «Авансовый отчет» құжаты. Бұл құжатта «Прочее» сілтемесін толтыру қажет.Мынадай бухгалтерлік жазу жазылады: кредитінде – есепті тұлғалармен есептесу шоты, дебетінде – осы сілтемеде көрсетілген пайдаланушылардың шоты. Мұнда ТМҚ-ң құнынна енгізілген шығындарды да көрсетуге болады. Егер құжатта «Оплата» сілтемесі толтырылған болса, онда «Авансовый отчет» құжаты есепті тұлғалардың алған қызметтері үшін төлемдерін рәсімдейді.

2. Қызмет көрсету. 8110 «Основное производство» және 8310 «Вспомогательное производство» шоты арқылы көрсетілген өндірістік қызметке кеткен шығындарды рәсімдеу үшін «Акт об оказании производственных услуг» құжаты қолданылады.(меню «Продажа» - «Акт об оказании производственных услуг»).
Басқа да қызметтер көрсету , мысалы, сауда ұйымдарына көрсетілген қызметтер «Реализация ТМЗ и услуг» құжаты арқылы рәсімделеді.(меню «Продажа» - «Реализация ТМЗ и услуг»). Сонымен қатар, бұл құжатта «Услуги» сілтемесінің кестелік бөлімі толтырылады.
Аяқталмаған өндірісті түгендеу. Әрбір айдың соңында кәсіпорында аяқталмаған өндірісті түгендеп отыру қажет. Түгендеу нәтижесі аяқталмаған өндіріске қатысты шығындар ағымдағы айда өндірілген өнімнің (жартылай фабрикат, қызметтің) өзіндік құнына есепкеалынғандығын көрсетеді.
Аяқталмаған өндіріс қалдықтарын мәлімдеу үшін «Инвентаризация незавершенного производства» құжаты арналған. (меню «Производство» - «Инвентаризация незавершенного производство»).
Бұл құжат ай соңында аяқталмаған өндіріс қалдықтары бар әрбір өндірістік бөлімшелерде қолданылады. 8110 «Основное производство» шоты, 8210 «Полуфабрикаты собственного производство» шоты немесе 8310 «Вспомогательное производство» шоттары көрсетілетін «Счет затрат» реквизитінде бұл өндірістің негізгі немесе қосымша екендігін осы құжат көрсетеді.
Басқа да тапсырыс берушілерге қызмет көрсету. Өндірістік қызмет көрсету бойынша операциялар «Акт об оказании производственных услуг» құжатымен рәсімделеді. (меню«Продажа» - «Акт об оказании производственных услуг»).
Құжаттың жоғарғы жағына қызмет көрсететін контрагентті,контрагентпен келісімшарт және қызмет көрсетілетін өндірістік бөлімшелерді көрсету қажет. «Услуги» сілтемесінде әрбір қызмет үшін мыналар көрсетілу қажет:

  • Көрсетілген қызмет түріне сәйкес номенклатуралық позиция – сөздік элементі – «номенклатура».(«Услуга» флагы көрсетілген);

  • Көрсетілген қызмет мөлшері;

  • Көрсетілген қызметтен түскен түсім;

  • Жоспарлы құны;

  • Кіріс шоты – көрсетілген қызметтен түскен түсім көрсетілетін шот;

  • Шығыс шоты – көрсетілген қызметке байланысты ай соңында шығарылатын шығын сомалары көрсетілетін шот.

Бір ай көлемінде қызметтер жоспарлы құны бойынша есептеледі. Көрсетілген қызметтің нақты құны өнімнің өзіндік құнына кеткен шығындарды бөле отырып, айдың соңында жоспарлы құнға пропорционалды түрде есептеледі. Егер құжатта көрсетілген қызметтің жоспарлы құны қарастырылмаса, онда ай соңында қызметтің нақты құны шықпайды. Егер көрсетілген қызметтің өндірістік қызметпенбайланысы жоқ болса және олардың өзіндік құнын есептен шығарып немесе есепке алуға негіз жоқ болса, онда «Реализация ТМЗ и услуг» құжаты рәсімделеді.

  1. Бекіту:






Номенклатураға тауарлар түрін енгізді.



Тауарлы-материалдық қорлар бойынша түсуін рәсімдеді.

  1. Үйге тапсырма:

Жабдықтаушылардан тауарлар сатып алынды. 21.02.2014ж.
Контрагент ИП ГОВОРОВ А.С.
Договор: Основной договор
Склад:Основной склад
Тауар түрлері:
«Цесна» ұны 3 кг, 150 тг
Дрожжи 0,5 кг, 1400тг
Жұмыртқа 10 шт 21 тг
«Вешенки» саңырауқұлақ 3 кг 700 тг

  1. Бағалау: Сұрақ-жауап арқылы бағалау, журналға қою, оқушыларға естірту.

VII. Пайдаланылған әдебиеттер: 1С:Предприятие 8 (Руководство по ведению учета), Москва, Фирма «1С», 2011ж, 209 бет
2. Әбдіманапов Ә.Ә «Бухгалтерлік есептің теориясы мен принциптері» Алматы 2001


Оқытушының қолы:__________Ж.Тұрғанбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет