Өндірістік оқу сабағының жоспары
Тақырыбы: «Қуырылған көкөністерден тағамдар мен гарнирлерді дайындау»
Сабақтың тақырыбы : Картоп массасынан қуырылған тағамдарды даярлау. Сабақтың мақсаты: Картоп массасынан қуырылған тағамдарды дайындау туралы теория сабақтарында алған білімдерін бекіту Білімділік: Оқушыларда көкөністерді өңдеу әдістері, турау форма туралы білік –дағдыларын бекіту, тереңдету Картоптан шалафабрикаттарды дайындау технология процессіне үйрету
Тәрбиелеу: Оқушыларды ұжым ішінде өмір сүріп, еңбек дағдысына үйрету, топ арасында бір бірін құрметтеу, тыңдау қабілеттерін тарбиелеу,
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеу дағдысын тарбиелеу Дамыту: Оқушыларды өз уақытын үнемді жұмсауға, еңбегін жоспарлауға, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға дағдыларын қалыптастыру Өндірістік жұмыс істеу кезінде ой танымдылықты дамыту Сабақтың көрнекілігі: «Картоп массасынан коттлет, зразы дайындау процессі», «Жылумен өңдеу кезінде болатын өзгерістер» аты слайдтар, тест-сұрақтар, техника қауіпсіздік ережелері, журнал,
Жабдықтары: компьютер, проектор, слайд, электр плита қуыру шкафымен, аспаздық ыдыстар (пышақтар, (ОС) тақтайлары, кастрөл, езгіш, тәрелке, үстел таразы), азық-түліктер, калькулятор; Рецепт жиынтығы, дайындайтын тағамдардың технология карталар, толтыратын калькуляция карталар
Пәнаралық байланыс: «Тағам дайындау технологиясы» «Жабдықтау», «Физиология , санитария және гигиена негіздері», «Калькуляция және есеп шығару», «Орыс тілі»
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин.) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа толықтай қатысуын қадағалау, арнайы киімдерін тексеру, дәптер, каламдары болу).
II. Кіріспе нұсқаулық (35-40 мин.)
Сабақтың тақырыбын мен мақсатарын айту
Оқушылардың өндірістік жұмыс істеу үшін білімдерін анықтау:
топта жұмыс (үш топқа бөлінеді, үшінші топта – оқу үлгерімі төмен оқушылар)
1 топқа арналған тапсырмалар:
Жылумен өңдеу әдістерінің топтастыруына қарай кесте құру (негізгі )
Картоп массасынан шалафабрикат дайындау алгоритім құрастыру (крокеттер)
Картоп массасынан дайындалатын зразаға сипаттама беріңіз
Жылумен өндеу кезінде картоп массасынан котлет, крокет, зразасын дайындағанда қандай әдістер қолданылады
2 топқа арналған тапсырмалар:
Жылумен өңдеу әдістерінің топтастыруына қарай кесте құру (құрамды )
Картоп массасынан шалафабрикат дайындау алгоритім құрастыру
( зразы)
Картоп массасынан дайындалатын крокеттерге сипаттама беріңіз
Картоп массасынан котлет, крокет, зразасын дайындаған кезде қандай жабдықтармен, аспаптармен қолданылады (тізімі)
3 топқа арналған тапсырмалар:
Жылумен өңдеу әдістерінің топтастыруына қарай кесте құру (қосымша)
Картоп массасынан шалафабрикат дайындау алгоритім құрастыру ( котлет)
Картоп массасынан дайындалатын котлетке сипаттама беріңіз
Дайын котлет, крокет, зразасын ұсынуға сипаттама беріңіз
Интерактивті тақта қолдану :
Тағам дайындау технология процессін белгілейтін етістіктер (глагол) берілді : іріктеу, мөлшеріне қарай іріктеу, тазалау, толық тазалау, салқын су құю, тұздау, пісіру, піспе суды құйып алу, салқындату, турау, сүзу, жұмыртқа қосу.
1 тапсырма: Аталған етістіктер қай тағамды дайындау бойынша технология процессін белгіліп көрсетеді 2 тапсырма: Картоп массасын дайындау технологиясы процесінде кезектесіп келетіндей етістіктерді қойындар
Есеп шығару:
Картоп зразасын дайындауға керек өнім мөлшерін өндірістік оқыту шеберімен оқушы бірігіп 2 сыбаға есептеп шығару. Есеп шығару картаны толтыру (қозғалмалы тақта)
Оқушылардың өзіндік жұмысы- 50 сыбаға картоп зразасын дайындау кезінде, пайдаланған өнімдердің өлшемдеріне есеп беру. Калькуляция картаны толтыру.
Кіріспе нұсқаулық бойынша білімдерін бекіту
1.Технология сұлбасында зразаны дайындау кезегін анықтау (флипчартпен жұмыс)
2. Тәжірибелік әдістерін өндірістік оқу шеберімен көрсетуі. (ө/о шебері тәжірибелік әдістерін көрсетіп жатқан кезінде, істеген іс туралы әнгімелеу және оқушыларға сұрақ қою: - Котлет массасын дайындау кезінде, өнімдердің қоректік заттардың мөлшерін жоғалтпау үшін, қандай ережелерді сақтау керек (картопты аз мөлшерде ыстық суда пісіреді, тұз салып, қақпағын жабады, пісіру уақытын қадағалау) -Картоп массасын дайындау кезінде неге ыстық күйінде езеді? (салқындатылған картопта жасушалар қабықшасы сынғыш болып, серпімділік болмайды, езгенде жасуша қабықшасы ыдырайды да одан клейстер ағып кетеді. Сондықтан пюре желімді, жабысқақ, созылмалы болып кетеді) - Неге жұмыртқа қосу үшін, пюре массасын 40-50 0С температураға дейін салқындатады. (ақуыз алдын ала қатпарлану процессіне ұшырамау үшін
3.Өндірістік оқыту шебері салқындатылған картоптан даярланған картоп езіндісін және жаңа дайындаған ыстық картоп езіндісінің арасындағы айырмашылығын көрсетіп салыстыру (түсі- қоңыр, қара, созылмалы)
4.Жұмыстың кезінде техника қауіпсіз шараларды қолдануын қайталау.
III. Ағымдағы нұсқау (5 сағ.)
1. Топтарға тапсырмаларды тарату. 2. Оқушылар өз жұмыс орындарын дайындап (керек аспаздық қурал - жабдықтарды таңдау) , өнімдерді аршылмаған салмағына карай өлшеу, өнімдерді аспаздық өндеу кезінде өздерін бақылау (картопты тазалау алдында, содан кейін өлшеп, рецепт жиынтығындағы нормалармен салыстыру ) , ө/о шеберінің тексерумен.
3. Тағам дайындау технология процессін бұзбау, шалафабрикаттарды дұрыс формалау; картоп шалафабрикаттарды дайындау кезінде, оқушылардың жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыруын, санитарлық және техника қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатымен, өндірістік оқу шебері оқушылардың жұмыс орындарын аралап бақылайды.
4.Ұсыну кезегінде тағамның әсемдеу элементтерін көрсету
5.Оқушылардың жұмыстарын қабылдау, сапасын тексеру, бағалау
IV. Қорытынды нұсқаулық (10-15 мин.)
Сабақтың мақсатының орындалуын хабарлау;
Оқушылардың жұмыстарын бағалау;
Өндірістік оқу жұмыс кезіндегі жіберген қателіктерін атап өту;
Жұмыс орындарын жинау.
Ұй жұмысы: «Картоп массасынан қуырылған тағамдарды даярлау» тақырыпты қайталау, «картоп крокеттерін» дайындау технология процессінің алгоритм құрастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |