Сабақтың мақсаты: Логикалық есептерді, әзіл есептер мен жұмбақ есептерді шешу, топпен жұмыс істеу



Дата20.11.2016
өлшемі15,42 Kb.
#2189
түріСабақ
  • Тақырыбы:
  • Мықты болсаң
  • жеңіп көр!

Сабақтың мақсаты:

Уа, жарандар, жарандар! Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар Ғылымдардың ғылымы Математика жайында Сайысымызды бастаймыз.

  • Уа, жарандар, жарандар! Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар Ғылымдардың ғылымы Математика жайында Сайысымызды бастаймыз.
  • Математика ермек емес балалық, Математика – көрегендік даналық. Математика құрметтеуге лайық Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!

Жоспар

  • 1.  Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/
  • 2.  Мықты болсаң жеңіп көр!
  • 3.  «Кім жылдам?»
  • 4.  «Сен маған, мен саған» сайысы
  • 5.  «Білімдіге – биіктен орын»
  • 6.  «Математика  өмірде» атты қабырға газеті сайысы.
  • 7.  Әділқазыларға  сөз береміз.

1. Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/ 2.Мықты болсаң жеңіп көр!

  •  І-топ
  • .
  • 4. Параллелограмм деп қандай геометриялық фигураны айтады?
  • 3. 30 минутты сағатқа айналдыр.
  • /екеуі қалды/
  • / 0,5сағат/
  • 5.Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1,5  кірпіштің салмағын тап.
  • /6кг/

6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады.

  • 6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады.
  • /1 сағат/
  • 7. Трапецияның орта сызығы неге тең
  • 8. 1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик
  • /Карл Гаусс/
  • 9.  Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
  • / мүмкін емес/
  • 10. Рене Декарт қай елдің математигі
  • / Француз/
  • .

ІІ топ

  • 1. Алғашқы математик әйел.
  • /С.Ковалевская/
  • 2Үшбұрыштың орта сызығы неге тең? .
  • 3. Геометрия деген сөз қай тілден шыққан, қандай мағынаны береді?
  • /Грек/
  • 4. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай?
  • /3 орамал. Әжей,  шешей, қыз/
  • 5. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
  • /түйе құс ұшпайды./

6. 6. Алгебра  оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім?

  • 6. 6. Алгебра  оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім?
  • /Қ.Сатпаев/
  • 7.Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе?
  • /қосындысы/
  • 8. Пифагордың туған жері
  • /Самос  аралы/
  • 9. Қандай көпмүше квадрат үшмүше деп аталады?
  • 10. α сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы?
  • / сүйір бұрыштың синусы/

1. «Жүз өгіз есебі» қалай айтылады?

  • 1. «Жүз өгіз есебі» қалай айтылады?
  • /Пифагор теоремесы/
  •  2. Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы.
  • /1879ж. Ы.Алтынсарин/
  • «Геометрия» пәнінің негізін салушы. 
  • /Евклид/
  • 4. Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін?
  • 5. Түйе құс  екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?
  • /1пұт/
  • ІІІ топ

6. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?

  • 6. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?
  • /»Әл жебр деген араб сөзі»/
  • 7. Шеңбердің үлкен хордасы
  • /диаметр/
  • 8. Жүзден бір бөлік
  • /процент/
  • 9. Математика ғылымының докторы. Дүниежүзілік математика конгресінде ғылыми баяндама жасаған тұңғыш қазақ.
  • /Төлеубай Ыдырысұлы Аманов/
  • 10. 8 класс Алгебра оқулығының авторы кім?

Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Қай топ жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

  • Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Қай топ жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
  • Асып әсте саспайық, Батыл қадам бастайық. Еркіңді билер барынша, Жарыста, сірә қалыспа.
  • 3. Кім жылдам?

1.Болгар халықтарының есебі:

  • 1.Болгар халықтарының есебі:
  • Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?
  • 2.Греция халықтарының есебі:
  • Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» – деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы,1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?
  • 3.Египет есебі
  • Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?

Шешуі:

  • 1. Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.
  • 2. Шешуі:   х/2+х/4+х/7+3= х 14х+7х+4х+84= 28х 3х=84 Х= 28
  • Жауабы: 28 оқушы
  • 3. Шешуі:7*7*7*7*7=16807
  • 4.  «Сен маған, мен саған» сайысы. Әр топ өздері үйден бір сұрақ дайындап келеді.  Сұрақ қалған екі топқа қойылады. Жауап бере алмаса, өздері жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
  • 5.  «Білімдіге – биіктен орын» . Әр топтың басшылары келіп, тапсырмалар алады. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Олар дайындалып болғанша, топтың қалған мүшелері арасында мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылады. Мақал-мәтелдер тек математикалық терминдер туралы болмақ.

1.     Сәуледе 6 сақина бар оның біреуінің массасы қалғандарынан ауыр, бесеуінің салмағы бірдей. Табақты таразыға екі рет қана өлшеп, ауыр  сақинаны қалай анықтауға болады?

  • 1.     Сәуледе 6 сақина бар оның біреуінің массасы қалғандарынан ауыр, бесеуінің салмағы бірдей. Табақты таразыға екі рет қана өлшеп, ауыр  сақинаны қалай анықтауға болады?
  • Жауабы: Екі табаққа үштен бөліп өлшейміз, біреуі ауыр болғандықтан сол табақтағы үш сақинаны өлшейміз. Екі сақинаны табаққа саламыз, тең болса, жердегі сақина іздеген сақина болады.Әйтпесе қай төмен тартылғаны болады./
  • 2.      Дүкендегі бұйымның бағасы 8  процентке арзандатылды. Бір айда уақыт өткеннен кейін тағы да 8 проценке арзандатылды. Ал екінші дүкенде алғашқы айда бірден 16 процентке арзандатылды. Қай дүкендегі бұйым арзан?
  • Жауабы: екінші дүкендегі арзан, себебі 16 процент 8 процентке қарағанда үлкен сан

3.Қоңыр қалтада 7 жасыл, 4 сары және 2 қызыл шар бар. Қалтадағы осы шарлардан ең болмағанда :

  • 3.Қоңыр қалтада 7 жасыл, 4 сары және 2 қызыл шар бар. Қалтадағы осы шарлардан ең болмағанда :
  • 1) 3 жасыл шар;
  • 2) 2 сары шар;
  • 3) 1 қызыл шар алу үшін , кем дегенде неше шар алу керек?
  • Жауабы: 1) 3 жасыл шар алу үшін , кем дегенде 9 шар алу керек. Өйткені жасыл шардан өзге шарлар саны 4+2 =6. Сонда 6+3=9.
  • 2) 2 сары шар алу үшін , кем дегенде 11 шар алу керек. Өйткені сары шардан өзге шарлар саны 7+2=9. Сонда 9+2=11.
  • 3) 1 қызыл шар алу үшін, кем дегенде 12 шар алу керек. Өйткені қызыл шардан өзге шарлар саны 7+4=11. Сонда 11+1=12.
  • 6.  «Математика  өмірде» атты постер қорғау.
  • Әр топ өздері математиканың өмірдегі қолданысы туралы, маңызы туралы постер жасап, қорғайды.
  • 7.  Әділқазыларға  сөз береміз.

Қорытынды.

  • Қорытынды.
  • Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспін.
  • Сау болыныздар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет