Үшқат әсерлі шығуы үшін дұрыс пішім таңдаудың маңызы зор.
Фанера- жабдықтау, беттестіру деген мағынаны береді. Екі не одан да көп жұқа ағаш тақтайшаларды бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын ағаш материал. Фанера жасау үшін көбіне қайың, қандыағаш, қарағай, т.б. ағаш түрлері қолданылады. Фанера тақтайшаларының қалыңдығы 1-19 мм, ұзындығы мен ені 725-2440 мм шамасында болады.
Фанераның арнаулы түрлеріне: бакелиттендірілген фанера, сәндік фанера, профильденген фанера жатады.
Фанера көбінесе құрылыс, кеме, жиһаз,автомобиль, вагон, ұшақта кеңінен пайдаланылады. Фанердің 5 түрі бар. Оларға: FBA парақтары, FSF парақтары, FSF-теледидар парақтары, FC парақтары, BS,BV және FB парақтары жатады.
Фанердің ағаштың әртүрлі түрлеріне қарай жіктелуі- аралас, қайың, қылқан жапырақты.