Оқушыларды жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрене білуге, дені сау, білімді, салауатты, қазақ азаматы етіп тәрбиелеу.
Білімділік
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушы-
лық
Тәрбиелік
Сабақтың түрі: өнеге сағаты
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, топтастыру, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа
“ Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. “
Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Қазақстан азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.
Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.
Ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Бақытым да байлығым да – денсаулық “тақырыбында өтеді.
1.Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін денсаулық жайлы ой бөлісті.Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша, денсаулықты сатып алуға болады,-деді.
Ал, Жандос бұл ойға келіспеді. Ол денсаулықты ақшаға сатып алуға болады,-деді.
Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
Жағдаятты талдау
2.Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, “Денсаулығыңды бұзасың ғой,-деді.
Отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер едің?”-деп кейіді.
Самат анасына “Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?-деп жүре берді.
Саматтың айтқаны дұрыс па?
Сендер қалай тамақтанасыңдар?
2-топ Денсаулыққа зиянды заттар?
1- топ Денсаулық үшін не қажет?
3-топ Денсаулық дегеніміз не?
"Топтастыру"
Шығармашылық жұмыс
1.Сіздің балаңыз бір баламен танысып, дос бола бастады.Кейін ол баланың денсаулығының ақауы бар екенін білдіңіз.Сіздің әрекетіңіз?
2.Балаңызбен дүкенге келдіңіз.Балаңыз ролтон, чипсы, фанта алып беруіңізді өтінді. Алып бермесеңіз балаңыз дүкеннің ішінде айғайлап шу көтереді. Не істейсіз?
3.Компьютердің денсаулыққа пайдасы мен зияны бар ма?
4.Балаңызға үйде компьютерді пайдалануға рұқсат бересіз бе?
5.Балаңыздың салмағы қанша? Қандай дәруменді көбірек алып бересіз? 6.Сіз бүгін жұмыстан басыңыз қатты ауырып, сұранып келдіңіз.Балаңызды дәріханаға жұмсадыңыз. Балаңыз дәріханаға барамын деп, ұмытып кетті. Біраздан соң ойнап, үйге келді.Не істейсіз?
7.Тоқсанның аяғы болатын, балаңыздың сабақ үлгерімі өте жақсы. Кенеттен балаңыз қатты ауырып қалды. Сіз сабақтан қалуды өтіндіңіз. Бірақ, балаңыз сабақтан қалмаймын, бақылау, диктант болады,-дейді. Сіздің әрекеттіңіз?