Сабақтың мақсаты: Отбасындағы әлеуметтік рөлдерді орындау қабілетін, отбасы құндылықтарын қалыптастыру



Дата25.08.2017
өлшемі332,04 Kb.
#26658
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымдағы міндетім.

Сабақтың мақсаты: Отбасындағы әлеуметтік рөлдерді орындау қабілетін, отбасы құндылықтарын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылығы: Отбасындағы әйел мен ер адам рөлінің айырмашылығы туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

2.Баяндама:



«Отбасының берекесі,әкенің беделін өсіруші әйел-ана.»

Баяндама бойынша сауал:

1.Отбасының берекесі кімнің қолында?

2.Отбасындағы әрбір қыз бала-болашақ келін,

отбасының ұйытқысы дейді,ойыңыз қандай?

3.Ер балаға тәрбие қалай беріледі?

Отбасындағы адамдардың міндеті:

Ананың міндеті Әкенің міндеті

1.Дүниеге сәби әкелу. 1.Отбасын асырау.

2.Бала бағу. 2.Балаларының қамқоры.

3.Ер азаматқа қамқор болу. 3.Ақша табу.

4.Балаларды тәрбиелеу. 4. Ақыл айту.

5.Ақшаны үнемдеп жұмсау. 5.Сөзін жүргізе білу.



Менің міндетім

1.Оқып білім алу.

2.Үй шаруасына көмектесі

3.Ананы сыйлау.

4.Әкені қадірлеу.

5.Кішіге қамқор болу

1.Отбасы деген---------------------------------------------------------------

2.Менің ойымша,әрбір отбасы--------------------------------------------

3.Менің ағам------------------------------------------------------------------

4.Менің апам------------------------------------------------------------------

5.Аналар кейде---------------------------------------------------------------

6.Отбасындағы әке----------------------------------------------------------

7.Ал мен-----------------------------------------------------------------------

8.Менің ойымша,менің отбасым-----------------------------------------



Қорытынды:

Қадірменді,ата-аналар!

«Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып,жерге қаратпасын десең,балаға түзу тәрбие бер»деп ата-бабамыз мұра қалдырғандай,бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп,еліміздің инабатты,адамгершілігі мол,білімді,саналы ұрпақтарын тәрбиелейік.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы және ұрпақ тәрбиесі.

Сабақтың мақсаты: Отбасындағы ұрпақ тәрбиесі туралы ата-аналармен пікірлесу,ойын ортаға салу,тәрбие мәселесі жөнінде ой өрбіту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: дөңгелек үстел.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сыныпты оқушылар,ұстаздар, ата-аналар деп үш топқа бөлу.

«Бала тәрбиесі толғантады?»

Ата-аналарға сауал:

1.Үйде балаңыздың сабағын қадағалайсыз ба?

2.Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?

3.Балаңыздың досын білесіз бе?

4.Балаңыз «екі» алса,қандай шара қолданасыз?

5.Қызық кино болып жатыр.Балаңыз сабаққа байланысты көмек сұрады.Не істейсіз?

6.Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?

7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?



Оқушыларға сауал

1.Ата-анаңыз сабағыңызды қадағалай ма?

2.Қай пәнді жақсы көресіз?

3.Досың кім?

4. Қандай түсті жақсы көресіз?

5.Қандай тағамды жақсы көресіз?

6.Сыныптағы досың кім?

7. «Екі» алсаң,не істейсің?



Кездейсоқ жағдайдан шығу.

Ата-аналарға:

-Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз.Балаңыз түсініспеушіліктен туған керісуге тап болды.Балаңызды қалай қорғап шығасыз?

Ұстаздарға:

-Үзілісте сіздің құнды затыңыз немесе ақшаңыз жоғалды.Өзіңіздің жауапсыздығынан көресіз бе,әлде оқушыларға сенімсіздік танытасыз ба?

Оқушыларға:

-Би кешіне баруға достарыңмен уәделесіп келдің.Бірақ ата-анаң рұқсат бермеді. Бұл жағдайдан қалай шығасыз?



Ситуациялық сауал.

Ұстаздарға:

Бала тәрбиесіне отбасында көбірек көңіл белетін кім? Әке тәрбиесінің жетіспеушілігінен ер балалар ұсақталып бара жатқан жоқ па?



Ата-аналарға:

1.Қыздар тәрбиесіне қалай қарайсыз? Қызыңызға тәрбиені қалай бересіз?

2.Ер бала тәрбиесіне көп көңіл бөлесіз бе?

3.Балаңыз мектептен өте көңілсіз келгені соншалық,тамақ ішпестен жатып қалды.Балаңызға қалай көмектесіп,қалай көңілдендіресіз?



Бәріне ортақ сауал:

Қызды қылықты,ұлды ұятты етіп қалай тәрбиелеуге болады?



Триненгтер.

1 «Біз біргеміз»

Қазір оқушылардың көзі байланады. Олар өз аналарын қолынан сипап көріп тауып алуы тиіс.



Тренингтен соң қойылатын сауалдар:

-Саған анаңды табу қиын болған жоқ па? Қобалжыдың ба?

Таба алмай қаламын ба деген қорқыныш болды ма?



2. «Айтпасаң да сеземін»

Оқушылар анасының арқасына парақ қойып,сурет салады. Анасы ненің суреті екенін табу керек.



Ой толғаныс кезеңі.

Мына тақтада көріп тұрған шеңберіміз-күн. Біздің күніміз – «Бала» Осы бала жарқырап айналасына шуақ шашу үшін не қажет?Сіздерге қажетті ұсыныс,пікірлеріңізді бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жазып, күн сәулесінің шуақ шашуына көмектесіңіз.



Қорытынды.

Сөкпей сөйле ұлыңа,

Күлмей сөйле қызыңа.

Жіберіп алып еркіне,

Күлкі болма жұртыңа,-деп айтпақшы тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған,өзіндік пікірі бар,ата-анасын,

ұстаздарын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық!




2013-2014 оқу жылына арналған

Ата-анамен жүргізілетін жұмыстардың жоспары:



Айы

Жұмыс түрі

Т а қ ы р ы б ы

Қыркүйек

Ата-аналар

жиналысы


Баяндама

«Бала тәрбиесі толғантады»




Қазан

Ата-анамен жұмыс

Пікірталас

«Менің отбасындағы міндетім»




Қараша


Ата-аналар

жиналысы


Баяндама

«Әдеп-адамгершіліктің алтын діңгегі»



Желтоқсан

Ата-анамен жұмыс

Триненг

«Менің жанұям»




Қаңтар

Ата-аналар

жиналысы


Баяндама

«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»




Ақпан

Ата-анамен жұмыс

Сайыс

«Шаңырақ шуағы»






Ата-анамен жұмыс

Диспут

«Тамырынан нәрлі,

құндағынан адал болса...»


Наурыз

Ата-аналар

жиналысы


Баяндама

«Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі қандай?»



Сәуір

Ата-анамен жұмыс

Дөңгелек үстел

«Отбасы және ұрпақ тәрбиесі»




ХАТТАМА № 1

15 қыркүйек 2011 жыл



Қатысқандар: 8

Қатыспағандар: -

Тақырыбы: «Ата-ананың үш парызы»

Күн тәртібінде:

2.Ата-аналарға арналған сауалнама

3.Ағымдағы әр түрлі мәселелер

Баяндаманы сынып жетекшісі Қалиева Гүлдана Жұмабайқызы жасады.

Баяндамада ата-ананың бала алдындағы үш парызы: ата-ананың ұл-қызына үйлесімді ат қоюы,ер баланы дер кезінде сүндетке отырғызуы,өскелең ұрпақты кейінгі күн көрісіне қажет белгілі бір кәсіпке баулу туралы сөз қозғалды.Баяндамадан соң ата-аналардың пікірі тыңдалды.

Жарыссөзге қатысушылар:

1.Жұмабаева Зулвира-ата-ана,әрі оқу ісінің меңгерушісі:

Баламға ұнамды есім қою дегенге келісемін. Ұстаз ретінде маған көп кездескені,кейбір оқушылар өз есімім өзіме ұнамайды деп жатады. Менің баламның аты -Сейітзада. Естіген адам таң қалып жатады. Өйткені сирек кездесетін есімнің бірі.Оны қайын сіңілім қойған болатын. Бір батырдың

аты болса керек. Ал мамандық таңдауда әлі ойлена қойған жоқпыз,әлі кішкентай тәрізді.

2.Дүзелбаева Жадыра-ата-ананың бірі:

Баламды дер кезінде сүндатке отырғыздым.Ал атын қоярда түсімде атам

аян беріп,солай деп атадық. Ал мамандыққа келсек,болашақта әртіс болам деп жүр. Оған таланты бар сияқты,мектепте өтілетін шаралардан қалмайды.Әсіресе,қойылымдарды жақсы көреді.

3.Егізбаева Мейрамгүл-ата-ана:

Маған да аян бергендіктен,қыз бала болса да,атын Ақжол деп қойған болатынбыз. Болашақта дәрігер болам деп жүр.Оған деген құлшынысы

5-сыныптан басталды.

Ағымдағы мәселелер:

1.Оқушылардың кітаппен толық қамтамасыз етілгені туралы мәлімдеме жасалды.

2.Балалардың мектеп формасымен келуі талап етілді.

3.Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеуді тапсырды.

4.Жеке тазалыққа қарау туралы айтылды.

5.7-сынып туралы мәліметтерді толықтыру үшін ата-аналардан сауалнама алынды.



Қабылданған шешім:

1.Баланың мамандықты таңдауына ата-аналар бағыт-бағдар бергені жөн.

2.Ата-аналар комитетінің құрамы былтырғыдай болып қала берсін!

3.Ата-аналар балаларының тазалығын үнемі қадағаласын.


Сынып жетекшісі: (Қалиева Г.Ж)

Хатшысы: (Сапенова.А)

ХАТТАМА № 2

15 қараша 2011 жыл



Қатысқандар: 7

Қатыспағандар: -

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі отбасынан басталады»

Күн тәртібінде:

1.Баяндама.

2. Денім сау болсын десең... (Ауыл дәрігерімен кездесу)

3.Ағымдағы әр түрлі мәселелер

Баяндаманы сынып жетекшісі Қалиева Гүлдана Жұмабайқызы жасады.

Баяндамада ата-ананың отбасында атқаратын рөліайтылды. Ата-ананың сүйіспеншілігіне бөленбеген бала-тірі жетім.Сондықтан бала өзіне үнемі қамқорлық жасауды қажет ететіні,отбасындағы адамдардың қарым-қатынас жасауы да балаға әсер ететіні туралы сөз қозғалды.Баяндамадан соң ата-аналардың пікірі тыңдалды.



Жарыссөзге қатысушылар:

1.Жұмабаева Зулвира-ата-ана,әрі оқу ісінің меңгерушісі:

Дұрсы айтады,отбасы балаға көп әсер етеді. Отбасында болған әрбір ұрыс-керіс,дау-дамай балаға кері әсерін тигізеді,сондықтан одан аулақ болуымыз керек.Біздің отбасында Сейітзадаға жөн сілтеп,көп нәрсені үйрететін әжесі.

Қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей балам жақсы тәрбие алып жүр деп ойлаймын.

2.Смағұлова Анар-ата-ананың бірі:

Қыз бала болғандықтан,Гүлмарал менімен сырласады. Әкесі де ақылын айтқанымен,үйде көбіне мен қадағалаймын. Кішілерге қамқор болу,ата-ананың айтқанын тыңдау,ағаларын сыйлау-бәрін үйретіп отырамын. Ал отбасымызда айқай,ұрыс-керіс болған емес.



Денім сау болсын десең...

Жиналысқа ауыл дәрігері Төлениязова Бибі қатысты.Себебі әр ата-ана өз баласының денсаулығына жауап береді. Бибіге сапалы тамақтану,балалар-дың тамағы,олардың қайсысы пайдалы,қайсысы зиянды екендігі туралы сұрақтар қойылды.



Ағымдағы мәселелер:

Ата-аналарға 7-сынып оқушыларының тоқсандық қорытындысы айтылды. Бұл тоқсанды Өтебаев С,Серікова А,Бүркітова Г,Жолдығарина А «жақсы» деген бағамен бітірді. Осы оқушылардың ата-аналарына алғыс айтамыз.



Қабылданған шешім:

  1. Отбасындағы тәрбиеге әр ата-ана немқұрайлы қарамасын.

  2. Балаларының дұрыс тамақтануына көңіл аударсын.

  3. Балаларының сабағын бір мезгіл қадағаласын.


Сынып жетекшісі: (Қалиева Г.Ж)

Хатшысы: (Сапенова.А)

ХАТТАМА № 3

15 қаңтар 2012 жыл



Қатысқандар: 6

Қатыспағандар: -
Тақырыбы: «Ата-ана,ұстазым және мен»

Күн тәртібінде:

1. Ата-анамен тренинг

2.Ұстаздармен тренинг

3.Ағымдағы түрлі мәселелер



Жарыссөзге қатысушылар:

1.Жайсаңбаева Манат-тәрбие ісінің меңгерушісі:

Оқушылар мен ұстаздар арасындағы қайшылықты жою үшін осындай тренингтер қажет.Кейде ата-аналар сабаққа қатысты жайттарды балалары-нан емес,ұстаздарынан көреді.Ал негізінен ұстаздар мен ата-аналар арасында да сенім болуы керек деп ойлаймын.



2.Мекенаева Нұрсұлу-ата-ананың бірі:

Біз үйде балалардың ұстаздарымен қаншалықты жақын екенін ұғына бермейміз.Осы ойындар арқылы ұстаздардың жақсы,барлық балаға

мейірімді екенін білдік.

3.Сапенова Айгүл:

Мектепте оқушылар ұстаздарымен жақсы қарым-қатынас жасауы көбіне-

се ұстаздарға байланысты. Балалармен жұмсақ,сыпайы сөйлессе дейміз.
Ағымдағы мәселелер:

Ата-аналарға 7-сынып оқушыларының жылдық қорытындысы айтылды.

Бұл тоқсанда Өтебаев С,Бүркітова Г,Жолдығарина А «жақсы» деген бағамен аяқтаса,Серікова Аружан «үздік» деген бағамен бітірді.Осы оқушылардың ата-аналарына алғыс айтамыз.
Қабылданған шешім:

1.Отбасындағы тәрбиеге әр ата-ана немқұрайлы қарамасын.

2.Балалардың ұстаздарымен қарым-қатынасына ата-аналар көңіл бөлсін.

3.Мектепте Ашық есік күні өтеді,сондықтан ата-аналар балаларының сабағына кірсін.


Сынып жетекшісі: (Қалиева Г.Ж)

Хатшысы: (Сапенова.А)

«Адамның адамгершілігі жақсы ұстазынан»



Абай.

Мақсаты: Ұстаздар мен оқушылар арасындағы сенімсіздікті жою,

қайшылықты жағдайдан алып шығу.



Сабақ басталмас бұрын әр оқушы «өз ұстазын» тауып алады.

«Айтпасаң да сеземін» атты тренинг. Әр оқушы ұстазының арқасына парақ қойып, сурет салады қаламмен.Ал ұстазы оқушының қандай сурет салып жатқанын сезіну керек. Оқушыға сөйлеуге болмайды. Ұстаз да алдындағы параққа оқушының салғанын қайталап салу керек.

«Ұстаздар мен оқушылар арасындағы байланыс атты тренинг. Ұстаздардың алдына түрлі тапсырмалар берілген.Ал алдында жеті оқушы тұрады,соларға түсіндіру керек. Әр ұстаз өз оқушысмен жұмыс жасайды.

1-тапсырма. Бала сенімсіздігін жоюға көмектесу. Сынып КВН-ге шыққысы келмейді. Сіздің міндетіңіз оқушылардың сол кешке қатысуына ықпал ету. Өз оқушыңыз сіздің жағыңызда.

2-тапсырма. Жағымсыз жағдайдан шығу. Оқушы мектепке көңілсіз

келді. Оның неге мұңаятынын анықтап,көңілін көтеріп жіберу керек. Сіздің әрекетіңіз.



3-тапсырма. Қайшылықты жағдайдан алып шығу.Оқушың мектеп терезесін екінші рет сындырып алып тұр. Оған бәрі ұрысуда,ренжуде.

Сіздің міндетіңіз оқушыны класс жиналысы,мектеп әкімшілігі алдындағы қайшылықтан алып шығу. Оқушысы көмектесуге болады.



4-тапсырма. Қажеттілікті түсіндіру. Мысалы сынып дене шынықтыру,

спортпен айналысқысы келмейді.Оларға салауатты өмір салтымен өмір сүруге көз жеткізу. Оқушыңыз көмекші бола алады.



5-тапсырма. Ыммен түсіндір. Қазір мектепке санитарлық-эпидемиялық қызметкерлер келеді.Қасақана сыныбыңызға су әкелінбеген,тақта,терезе сүртілмеген.Сіз жаңа ғана тіс жұлдырып келіп едіңіз,сөйлей алмайсыз.

Сіздің әрекетіңіз. Оқушыңызға түсіндіріңіз.



6-тапсырма. Сіздің әрекетіңіз. Сізге қазір ашық сабақ болуы керек.

Сыныпқа келсеңіз сынып дайын емес.Сіз не істер едіңіз?



7-тапсырма. Оқушы мен ұстаз арасындағы байланыс.Сіздің оқушыңыз сабақ беретін жас маманмен сөзге келіп қалыпты.Сіз оны оқушылардан естідіңіз. Сіз екеуін татуластырып,арадағы жағымсыз жағдайды жоюыңыз керек.Сіздің әрекетіңіз.Сізге оқушыңыз көмектеседі.

«Біз біргеміз» атты тренинг. Қазір оқушылардың көзі байланады. Олар өз ұстазын қолынан сипалау арқылы тауып алуға тиісті.

Тренингтен соң қойылатын сұрақтар:

-Саған апайыңды табуға не көмектесті?

-Апайыңды іздеу кезінде қобалжыдың ба?

-Таба алмай қаламын ба деген қорқыныш болды ма?



Қорытынды. Ұстаздың жеке басының әсері жас балаға күн сәулесімен бірдей,мұны ешбір нәрсемен ауыстыруы мүмкін емес дей келе,құрметті ұстаздар сіздердің баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,

бала көзімен қараңыз дейміз.



ШАҢЫРАҚ ШУАҒЫ

(Семинар-тренинг)

ХХІ ғасырда отбасы тату,өнерлі болуы тиіс

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.Ата-анамен бірлесе отырып,бала тәрбиесіне байланысты мәселеге көңіл аудару. Ата-ананың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру.

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық.

Қане,қане,тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық!

2.Психологиялық сәт. Ата-аналар өздерінің еркелеткен сөздерін айту.

-Балалар,біз неге шеңберге тұрып,сабақты бастадық?

-Шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп

қарап,бақыт,қуыныш,жылылық тілейміз.Шеңбер,сонымен қатар,қандай әріпке ұқсайды?

Ендаша, «о» әрпәне ұқсайтын сөздер айтайық.

Кіріспе. Бала десеелжіреп,еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіру-

де ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең,баға біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді,тәрбиелеп,баптап жетілдіреді» -деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігін,тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығын білдіреді.



Түске байланысты адамның мінез-құлқын ажырату.

Қызыл сары-энергия түсі,ол адамды іс-әрекетке итермелеп,үнемі жігерлендіріп отыра-ды. Жоғары сезімді,жігерлі,күшті,мінез-құлқы батыл тұлға.

Сары түс-көңілді,адамдармен тез араласуға көмектеседі.Іскер,мінез-құлқы мықты,

жаратылыстану пәніне жақын.



Қызғылт сары-шығармашылық түс.Жауапкершілігі мол.өз сезімене мықты жандар.

Жасыл түс-адамдардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырады,жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Мейірімді,ақ көңіл жандар,табиғатты сүйеді.

Көгілдір түс-сенімділік,үйлесімділік,тыныштық түсі.Олар өз-өзіне сенімді,рухани байлығы мол жандар.

Қоңыр түс-еңбекшіл,мейірімді,қолынан бәрі келеді.

Қара түс-ақкөңіл және шыншыл жандар.

Ақ-өз мақсатына жетеді,дарынды,әрі мәдениет саласынды қызмет етуге лайық,

өнерлі жан.

Қағазға екі жүрекше салып,оған өздеріңідің ұнататын тұстеріңіз бен есімдеріңізді жазыңыздар.Әр түске қарап отырып сіздің қандай қабілет,қасиеттеріңіз бар екенін білу-

ге болады.



Тест. Сіз қандай ата-анасыз?

Ата-аналарға кеңес.

-Балаға мектепке барар алдында сәттілік тілеңіз.

-Бала мектептен келгенде,бірден сұрақ қойып қарсы алмау керек.

-Егер бала бірдеңе айтқысы келсе,қарсы болмай тыңдаңыз.

-Егер бала ренжеп отырса,онда себебін өз айтқанша асықтырмаңыз.

-Балаңызға қатты дауыс көтермеңіз.



Қорытынды. «Бала тәрбиесі-бесіктен» деп тегін айтылмаған.Оларды жақсы тәрбиелеуге,өнегелі еңбекке баулу,еліне пайдалы азамат етіп өсіру парыз.Отбасы-бала тәрбиелеудегі алғашқы ұя.Ерте ме,кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.
Үйінде ұл-қызы бардың көгінде жұлдызы бар.

Мақсаты: оқушыларды әдептілік пен имандылыққа,мейірбандық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата-аналарға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қызыд қорғау қажеттігі туралы ой салу,ортаға ой тастау арқылы бала тәрбиесәне көңіл бөлу.

Кіріспе.

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бүгінгі «Үйінде ұл-қызы бардың көгінде жұлдызы бар» атты ата-аналарға арналған пікір алмасу кешіне қош келдіңіздер!

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы,көз қуанышы-бала. Бала-дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер,адамгершілік құндылықтары отбасында,мектепте,әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы-ата-анасы. Десек те бала тәрбиесіне қоғамның бар мүшесі жауапты екені анық.

Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек,отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп етек жиғанша негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады.



Пікірталастың сұрақтары:

  1. «Қыз бала тәрбиесіндегі ананың орны ерекше» дегенге көзғарасыңыз қандай?

  2. Мектептің балаға әсері қандай деп ойлайсыз?

  3. Бала мен анаға байланысты қандай мақал-мәтел айта аласыздар?

  4. Отбасы тәрбиесінде ата ме әженің рөлі қандай?

  5. Отбасындағы сыйласым дегеніміз не?

  6. Отбасындағы ұлттық тәрбиенің рөлі және пайдасы туралы айта аласыз ба?

  7. Отбасында көбінесе бала тәрбиесі анаға жүктеледі. Осы пікірге көзғарасыңыз?

Көркем сөз оқылады.

  1. Ақұштап Бақтыгереева «Ана жүрегі»

  2. Мұқағали Мақатаев «Тоқта,ботам,атаң келеді артыңда»

Тренинг «Жүректен жүрекке» (Оқушылар шеңберге тұрып,өз жанұяларының жақсы бір қасиетін айтып,осы шеңбердің ішімен жүреді.)

Мақсаты: жанұядағы сыйластыққа,адамгершілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу,кішіні мақтан етуге,үлкенді үлгі тұтуға,отбасы бірлігін сақтауға,ата-ананың парызын өтеуге,жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Қорытынды.

Қазіргі жас өркен-мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан да балаға бір отбасының ұрпағы деп емес,бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты. «Баланы ең алдымен ата-анасы,ұстазы,содан соң қоршаған ортасы тәрбиелейді»,-деген екен. Сонымен әрбір ата-ана өз баласының саналы,

тәрбиелі,мәдениетті,жүрген ортасында сүйкімді болуы үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн.Жас кезінде дұрыс тәрбие бере алмағандықтан кейін өкініп қалып жүрмейік.

«Күннің шуағы жылы,Ананың құшағы жылы»

атты Аналарға арналған мерекелік кеш


Мұғалімнің сөзі: -Қымбатты ұстаздар мен аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша,шуақты мейрамдардың бірі-8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын аналар!

Сіздерге 7-сынып оқушыларының дайындаған мерекелік сыйы бар,қабыл алыңыздар Кешті жүргізуді сыныбымыздаға қос ұлымыз Мұратбек пен Сейітзадаға беремміз бермекпіз.



Сейітзада: -Армысыздар,асыл аналар,ұлағатты ұстаздар мен аяулы арулар! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

Мұратбек: -Бүгінгі «Күннің шуағы жылы,Ананың құшағы жылы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Ән: «Ана туралы жыр»

Сейітзада: Мұратбек,дәл осы күн негеХалықаралық әйелдер мерекесі болып белгіленді?

Мұратбек: 1908 жылы 8-наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясында 8-наурыз Әйелдер күні болып белгіленді.

Сейітзада: Ана! Осы жалғыз сөзде талай сыр,талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты,адамдарға даган мейірімі,ақ тілегі.

Мұратбек: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі,адамдық қасиет,ақ тілек,мейірбандалық қасиеттің бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Сейітзада: Мұратбек,келесі сөзді қыздарымызға берейік. Аналарға қандай өлең жолдарын дайындады екен.

Аружан:

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Гүлмарал:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың,ардақтысың,данасың.!

Қарайтыным-қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме,анашым!

Әсел:

Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең,таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

Ақжол:

Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезілер әр ісінен даралығы.

Ана-Өмір,Ана-Бақыт,Ана-Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даралығы.

Айдана:

Ана деген-өмірдің кәусар бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Мұратбек: Құрметті аналар,келесі орындалатын ән тағы да сіздерге арналады.

Ән: «Аналарым алтын»

Би: «Адай биі»

Айдана:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге соғасың,

Сен асқарсың,сен аспансың,биіксің,

Сен дархансың,сен жомартсың,данасың.

Ақжол:

Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,

Күш-қуат боп өн бойыңа таралған.

Әсел:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты,ар-намысты сақтаға,

Мен анамның сонысына мақтанам!

Ән: «Аналарым алтын»
Сейітзада: -Жарайсыңдар,қыздар! Адамзат баласы ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлуді,ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық бақыттың керегі жоқ.

Мұратбек: Анаға арнап айта берсең,сөз жетпес,ол дегенің-өмірдегі асыл жан,-демекші келесі кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Жаңылмай тап» Шарты: Аналар балаларының

құлақтарын сипалау арқылы өз баласын тауып алуы керек.



Мұратбек:

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,

Борышты оған небір дархан,дана да.

Сейітзада:

Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,

Ей,адамдар,жол беріңдер анаға!

Мұратбек:

О,аналар,осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасыңдағы кәрің де.

Сейітзада:

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйыныңдар ана деген тәңірге

Ән: «Асыл ана»

Мерекелік үстелге отырады.

Аналарына арнаған сыйлықтарын береді.

Мұратбек: -Ақ тілеулі,кең пейілді аналарымыз-өмірдің бастауы,тіршіліктің сәні. Адамзат мекен еткенжер шарының әр түкпірінде мейірім мен мерейдің,достық пен татулықтың негізін салатын да-ана.Ендеше,ақ жаулықты аналарымыздан бата алайық.

Сейітзада: Құрметті: Аналар мен ұстаздар! 8-наурыз Халықаралық аналар күніне орай 7-сынып оқушыларының ұйымдастырған «Күннің шуағы жылы,Ананың құшағы жылы» атты мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Ән: «Анашым»
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді талап етеді.Себебі-қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Отбасы-қоғамның бір бөлшегі.Ал отбасының қазығы -әйел адам.Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала келін болғанда да әдетін сақтайды ғой.

Әдептілік,инабаттылық,сыйласу,қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған.Бір өкініштісі.уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқан сияқтымыз.Ұлтық ізгі дәстүрімізге мұрын шүйіре қарамай міндеті.,осы заманға лайықтысын таңд Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.Себебі қыз баланы ап алып,әдепті,адамгершілігі мол,сыпайы қыз тәрбиелеу-мектептің және ата-ананың міндеті.

Қыз бала той-томалақ,адам көп жиналғанорындарда көзге түседі,сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен,жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы,ширақ жүріс-тұрысымен,ептілігімен, өнерпаз,әрі сөзге ұсталығымен көзге түседі. Ал мұндай жақсы атақ қыз болашағы үшін маңызы зор.Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде: «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды»,-делінген.

Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға,келінге жарасатын қымсыну,қызару,тартыну,имену деген ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана,туған-туыстарына сөз келтіріп, жерге қаратады.Сондықтан қыз бала тәрбиесі, қыз ибасы,қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға болмайды.Олай болмаса,Пайғамбарымыз: «Кемінде 2 қыз перзент бағып,тәрбиелеп,бой жеткізушімен бейішке барамын»,-дер ме еді? Демек қыздың,болашақ келіннің қолынан іс келуі-міндетті жағдай. «Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмас». Қыз еркем-кестесімен көркем» мақалдары соны білдіреді.Киім тіге білу,дәмді тамақ пісіру, түйме қадау,жыртықты жамай білу-келген жері үшін келіннің қадірін артады.Бұларды ұсақ-түйекке санаған адам қателеседі.

Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым-тәлімді,өнегелі қыздың ер жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» атты еңбегінде: «Қызға үлгі көрсетерлік ізгілікті тәрбиеші,әдеп үйрет,сұрағанын бер,көз алдыңнан таса қылма,мықтап күзет,мезгілі жеткенде тұрмысқа бер»,-дей келе қыз баланың барлық талап-тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттейді.

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт-қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымыз «Қыз»деген сөздің өзі әдеміліктің,әдептіліктің жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз баланың әлем-жәлем киініп,орынсыз боянуы ерсі болады.Сонымен қатар киім сәніне немқұрайлы,салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігін,мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Ендеше, қыз тәрбиесіне қалай болса солай қарамайық.


Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.

Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы жақсы қасиеттердің барлығы алдымен анадан тарайды.

Ана болу-бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек.Өз баласын бағып-қағуда өзін-өзі ұмытып,барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды,оның жанын байытып,нәрлендіре түседі.Баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз,оны барынша құрметтеп,сыйлау парыз.Оны қалыптастыратын ананың өзі,үйдегі басқа ересек аға-апа,іні-қарындас,ағайын,туыс т.б.Осы мәселеде аналардың өздері де қате жіберіп қояды.Мұның себептері де сан алуан.Мәселен,баланың жайын табам деп, «буынсыз жерге пышақ салып»,жанын қинап,әр түрлі машақатқа түсетін аналар да жоқ емес.Балалар да аналарының бастан кешірген қайғы-қасіретін жете түсіне бермейді. Анаға деген құрмет,оған деген шексіз махаббат тарихи түрде қалыптасып,ыстық сезімге айналуы тиіс.Өйткені,адамгершілік қасиет адамда алдымен жүрекке,сезімге соқпай кетпейді.

Қазіргі кейбір оқушылар арасында өз аналарын жөндеп сыйламайтын,олардың еңбегін қадірлеуді білмейтін,айтқанын жөндеп тыңдамайтындары да кездесіп қалады. Өзін әлпештеп өсірген анасына немқұрайлы қарап,қиянат жасаған ұл мен қыздан келешекте жақсы азамат өсіп шығады дегенге,әрине,сену қиын.

Дүниеде ананың көз жасынан салмақты,одан ауыр,таразы басын басатын ештеңе жоқ.Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.

Қанша жерден ренжеп,көңіліне қаяу түссе де, күле қараған ананың жүзінен әр күн сайын қуат алып, көкке самғағандай боламыз. «Ақ сүтімен бүкіл дүниені асыраған шексіз махаббат иесі-ананы ардақтайық!,-деп Горкий қалай тауып айтқан десеңші.Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас,сірә.

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Ана деген теңдесі жоқ жақсы адам.




Қалиева Гүлдана Жұмабайқызы.

Ақтөбе облысы,Темір ауданы,Еңбекші ауылы.



Өнеге сағаты: Қыз-қызғалдақ.

Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрін қазақ қызының бойына сіңіре отырып,қыз баланың өзіндік орны бар екенін ұғындыру.

Тәрбиелілігі: Қыз баланы әдептілікке,инабаттылыққа,қылықты қыз болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қызғалдақ бейнесі,шар,конверт,нақыл сөздер.плакат-таблица,сынып қыздарына арналған қабырға газеті.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші:

О,жарандар,жарандар!

Тамашадан қалмаңдар.

Құс-қанатты көңілмен,

Жер-әлемді шарлаңдар.

Оятып шың мен асқарды,

Ерітіп мұз бен ақ қарды.

Нұрландырған даланы,

Наурыз думан басталды.

2-жүргізуші: Ана! Осы бір аяулы сөз бәрімізге ерекше жақын,әрі қымбат.Ақ сүтіңнен айналайын,жан ана! Сенің түн ұйқыңды төрт бөліп,бесікке сүйене қалғып тербеткен шақтарыңды өтеу,сірә,қиын-ау! Жөргекте жатқан кезде ана сүтімен бойымызға дарыған ізгілік атты асыл қасиет бізді алысқа жетелейді.

Сынып жетекшісі: 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған

«Қыз-қызғалдақ» атты өнеге сағатын ашық деп жариялаймыз.

Сыныптың қыздарын екі топқа бөліп,дөңгелек үстелге орналастыру.

1-жүргізуші:

Беу,қыздар-ай,құтты болсын тойларың,

Сабақта әркез алғыр болсын ойларың.

Бойжетіп кәмелет жасқа кеп қалып,

Білім менен тәрбие алмай қоймағын

2-жүргізуші:

Тапқан батыр бойына сеніп берен,

Тал қармасаң теңізде көлік кемең.

Бірге жаса аналар мен ару қыздар,

Мол жігер бойға біткен көрікпенен.

1-шарт. «Сәлем-сөздің анасы»

«Қызғалдақ» және «Ару қыздар» тобы өздерін таныстырады.



2-шарт. «Шешен болар ма екенсің?»

1.Қыз баланың бойында қандай қасиеттер басым болуы керек?

2. «Шешеге қарап қыз өсер,әкеге қарап ұл өсер» деген мақалдың мағынасын

түсіндіріп беріңдер.

3. «Қызға қырық үйден тию» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Неліктен қызды елдің көркі дейміз?



1-жүргізуші:

Ана деген-бақыттың алтын күні,

Сен бірге бол,анашым, күні-түні.

Жақсы сөздің бәрін де саған айтам,

Құтты болсын мерекең,8-март күнгі.

2-жүргізуші:

Кеудемнен сезім күйі ақтарылсын,

Болармын күндіз-түні мақтанышың.

Білім алып,тер төгем,еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін,-демекші аналарға арнап жыр шумағын шашайықшы.

3-шарт. «Жыр жазамын жүрегімнен».

Аналарға арнап өлең шығарады.



1-жүргізуші:

Көктем келді бұлттар көшіп аспанда,

Мұз еріген күн сәулесін шашқанда.

Жан-жануарлар,құс-өсімдік жаңарған,

Бәйшешектер алғаш гүлін ашқанда.

4-шарт. «Кім көп біледі?» сұрақтар тізбегі.

1.Шығыстың қос шынарын ата.

2.Төле бидің сөзге шешен келіні кім?

3.Желтоқсандық батыр қыздарды ата.

4.Әнұран жазған қыз кім?

5. «Бөбек» қорының президенті кім?

6.Ауылымыздағы көп балалы ана, «Алтын» белгі иегерін білесің бе?

7.Қазақстандық ақын қыздарды ата.

8.Сөзге шешен,әрі Жиреншенің жары.

9.Алпымастың аяулы жары кім?

10.Қазақтың атақты суретші қызын білесің бе?

2-жүргізуші:

Қыз емес,қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген салт-дәстүрін,-дегендей мақалдар беріледі жалғасын табу керек.

5-шарт. «Мақалдың жалғасын тап.»

1.Астың дәмін тұз келтірер,...

2.Ананың көңілі балада,...

3.Ата-асқар тау,...

4.Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,...

5.Ұлдың ұяты әкеге,...

6.Алты ұл тапқан ананы,ханым десе болады,...

Қыздарға тілек.

Байқа,қыздар,өте нәзік жаның да,

Аңқау болма,қызыққа көп салынба.

Кір келтірме,қыз атыңа,арыңа,

Шалыс басып,түсіп кетпе жалынға.

Аналарға тілек.

Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Керемет қой,керемет.

Құтты болсын,ардақты анам

Асыл анам,мерекең.

Құтты болсын,теңдік алған,

Қуанышты мерекең,-деп бүгінгі өнеге сағатын «Анашым» әнімен аяқтаймыз.

Аналарға дайындаған сыйлықтарын тапсыру

«Тамырынан нәрлі,құндағынан адал болса» атты пікірталас
Музыка ойналып тұрады да ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші:

Ана-өмірдің қуанышы тірегі,

Бала-оның жұбанышы тірегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тілейді,-дегендей аналарды бүгінгі пікірталасқа шақырудағы мақсатымыз: сіздермен бала тәрбиесі туралы ой бөліссек деген ой болатын.Қош келдіңіздер!

Аналарды үш үстелге бөліп отырғызу. Әр үстелдегі аналарға сауалдар қойылады.

Жүргізуші:

Әкеден артық орман жоқ,

Әкеден артық қорған жоқ.

Әкеден артық дана жоқ,

Әкеден артық пана жоқ,-демекші сіздерге қойылатын сауалдар әке туралы болмақ.Өйткені бала тәрбиесінде әкенің рөлі айрықша.Сондықтан мына сауалдарға жауап іздеп көрейік.

1-үстелдегі аналарға аналарға қойылған сауалдар:

1. «Шаңырақтың мықтылығы уығынан» демекші сендердің отбасыларыңда әкенің рөлі қандай болды?

2. Әке парызы дегенді қалай түсінесің?

3. Жалпы тәрбиедегі әкенің рөлі қандай деп ойлайсыңдар?

4. «Басшысы әлсіз болса,елден береке кетеді,

Отбасы әлсіз болса,үйден береке кетеді» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

5. «Әкеге қарап ұл өседі» дейді қазақ балаңыз әкесіне тартқан ба?

Жүргізуші: «Баланың білегі ауырса,ананың жүрегі ауырады»,-дейді қазақ халқы.

Біздің ұлдарымыз қазір қыз мінезді,нәзік,осыған аналар кінәлі тәрізді.Өйткені үйде ер бала әкеден гөрі шешеге жақын.Сондықтан ұл балаларымызда батылдық,қайсарлық көп кездеспейді,сіздер қалай ойлайсыздар? Осы пікірге келісесіз бе?



2-үстелдегі аналарға аналарға қойылған сауалдар:

1. Сендердің отбасыларыңдағы ананың рөлі қандай?

2. Қыз балаларды қалай тәрбиелейсіз? Сенің тәрбиеңе енелердің көңілі тола ма?

3. «Баланы қақпай өсірсең не басын жарады,не басыңды жарады» деген мақалды қалай түсінесің?

4. «Әкеге қарап сөйлеген ұлдан без,

Анаға қарап сөйлеген қыздан без» дейді қазақ халқы. Кейде балаңыздың тыңдамай сізге немесе әкесіне қарсы сөйлеген кездері болды ма?

5. Отбасында болған түсінбестікті сіз кішкентай балаңызға қалай түсіндіресіз?

3-үстелдегі аналарға аналарға қойылған сауалдар:

1. Бала тәрбиесіне мектептің рөлі бар ма,қалай түсінесіздер?

2. Мектептегі балаңыз туралы жаман пікір айтқаны үшін мұғаліммен жанжалдасып қалған күндеріңіз болды ма?

3. Бала тәрбиесінде мұғалімді кіналайтын к ездер де болады,себебі неде?

4.Сіз мектептегі ұстазымен немесе балабақшадағы тәрбиешісімен кездесіп балаңыз туралы үнемі сұрап тұрасыз ба?

5. «Болашақ ұрпақты тәрбиелеу бүгіннен басталады» дейміз оны қалай тәрбиелеуге болады?

6. «Тамырынан нәрлі,құндағына адал болу үшін қандай тәрбие беруіміз керек?

Жүргізуші: Аналармен болған пікірталасымызға Еңбекші мектеп-балабақшасының психологы Дастанова Қарлығаш келіп отыр. ОЛ аналардан анкеталық сұрақ алып,тренинг ұйымдастырмақшы.


1-үстелге:

«Мен балама қуаныш сыйлаймын,дұрыс тәрбие бере аламын» деп үндеу,насихат түріндегі ойларын плакатқа жазады.

Музыка жіберіледі.

2-үстелге:

«Ана-баланың мақтанышы» деген тақырыпта өлең шумақтарын құрастырып жазу керек.

Музыка жіберіледі.

3-үстелге:

«Бүгінгі кездесуден алған әсерім» Не ұнады? Не үйрендіңіз? Алған әсеріңіз? Өз ойларын жинақтап қағаз бетіне түсіреді.

Музыка жіберіледі.
Жүргізуші:

Ана-жұмақ,мен-шуақ,саябағы.

Ана-шырақ,мен-сұрақ санадағы.

Ана-теңіз,мен-қайық тербетілген.

Ана-бұлақ,мен-құрақ жағадағы,-демекші бала отбасында не көрсе,соны іледі.Сондықтан бала тәрбиелеуде сақ болайық.Ертеңгі күні өзіміз өкініп жүрмейік.

Тығырықтан шығу. (Ситуациядан шығу) «Ақ босаға» газетінен «Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада», «Қарттығыңды ойласаң,ата-анаңды сыйла» (№5,2012 ж) атты мақалаларды оқып,әр ана өз пікірін білдірді.

Жүргізуші:

Ата-аналық үлкенсын,

Бала өсіру ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл ерер,-демекші өсірген ұлдарыңыз ұлықты,қыздарыңыз қылықты болсын!

Жанұяға қарап бала өседі,

Қарағайға қарап тал өседі,-дейді халық. Бәріңіздің жанұяларыңыз бақытты,бақуатты болсын! Балаңыздың тамырынан нәрлі,құндағынан адал болып өсуі сіздерге байланысты,аналар.

8-сыныптың ата-аналарының арасында ұйымдастырылған «Тамырынан нәрлі,құндағынан адал болса» атты пікірталасымызды жабық деп жариялаймыз. Келіп қатысып,ой бөліскендеріңіз үшін көп-көп рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын!



Ән: «Анашым»

Қыз бен ер баланы тәрбиелеуде халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз бен ар баланы құрметтеп,олардың алдында дөрекі сөйле-

мей ізетті болуды,ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына,

қарындастарына мінгізуді,киімнің сәндісін қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен келіндер қайын сіңілерін,қайныларын атамай еркелетіп,ат қойған. Жалғыз келе жатқан қыз көрсе,оған қорған болып,

баратын жеріне шығарып салу-әрбір ер адамның парызы болып келген. «Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі» деп қызғалдақтай өсіп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.

Міне,біздің ата-бабаларымыз осындай тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып келеді.Қыз бен ер баланың тәрбиесіне бүкіл ел болып,сонымен бірге ата-анасы да үлкен мән берген. Олар қыздары-

ның тұрмыстық мүліктерін даярлауға үйретіп,жүн түту,жіп иіру,кесте төгу,

құрақ құрау, киіз басу,кілем тоқу,арқан есу,көрпе көктеу сияқты өнерді олар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен.



Қыз емес,қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлеме,

Халқының сақтай білген ізгі салтын,-деген өлеңдегідей қыздарымыз аналарының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз.

Бұрын оқымаған,тіпті хат танымайтын қыздарымыз асыл қасиетті,жан дүниесі нәзік,адал махаббат иесі болғандықтығын,ешқандай байлыққа қызықпағанын жыр-дастандардан білеміз.

Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Оны адам етіп тәрбиелейді,ана тілінде сөйлетеді. Халқымыз «Қызға қырық үйден,қала берсе қара күңнен тый» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған.

Адам табиғатында өзіне түсініксіз көптеген сұрақтар бар. Ол сұрақтарды кімнен сұрарын білмейді де көптеген қателіктерге ұрынады.

Мектеп жасындағы қыз балалар мен ер балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:


  1. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа,

ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып,баланың көп білуге

құштарлығын арттыру.



  1. 5-8-сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі.Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін анасына немесе әкесіне айтып келеді.Сол шыншылдық пен ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік,ілтипаттық,үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптас-

тыру-басты парыз.

  1. 9-11-сыныптарда әрбір қыз бала мен ер бала ата-анасын,туыстарын,

ұстаздарын сыйлап қадірлей білуді үйренсе,,болашақта одан елін,

жерін,халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын,балаларын жақсы

көретін мейірімді ана,әке шығары сөзсіз.

Ал қазіргі жастардан жасыратын не бар,түрлі келеңсіз жағдайлар бой көтеруде.Соңғы кезде бала тәрбиесіне «қоғам кінәлі» деген пікір жиі айтылып жүр.Ал осы қоғам сіз бен бізден,ата-аналар мен ұстаздардан,

тәрбиешілерден құралмай ма? Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана мен әке емес,радио,теледидар,газет-журнал,кітаптар мен кинолар жан-жақтан әсер етуде. Бұд тәрбиенің жағымды да,жағымсыз да жақтары бар.

Ата-аналары жұмыста,бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен күнге азайып барады.

«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген сияқты теңеулер қыз баланың ұқыптылығын,шеберлігін көрсетеді. «Қыз-елдің көркі,гүл-жердің көркі» деген мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен,жанының нәзіктігінен,іске талапты да алғырлығынан,өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек.Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды,оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсіреді.

Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі бүгін отбасында еркелеп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң өзге шаңырақтың түтінін түтетіп,ошағының отын жағатын ана болатын айтсақ та жеткілікті.

Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз баланың бойына қыз балаға тән қасиеттерді сіңіретін ең бірінші-ол анасы.Қыз баланы жастайынан үйді таза ұстауға,ас пісіруге,шәй құю,кесте төгу,тағы басқа үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

Ал біздің халқымыз ер баланы да ертеңгі мұрагер санағанмен қыз баланы олардан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген ата-аналар тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын жақсы көрген. Қазақ отбасында ұлды жазалау,шектен шығып бара жатқанда әкесінің немесе ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап,қайырып алған кездері жиі кездессе де,қыз баланы жазалау кездеспейтін құбылыс десек те болады.

Иә,бүгінгі мектеп партасында отырған ұл бала-ертеңгі жігіт,ер азамат. Ал азаматтың жүгі ауыр,себебі «Мен қазақпын» дейтін азамат өзінің шыққан тегін,кіндік кескен ата жұртын қастерлеп,жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» деп қазақ тегін айтпаған.

Өткенімзге қарап отырсақ,ел бастаған көсем де,ділмар шешен де,ақиық ақын да,ел қорғаған батыр да осы жігіттерден шыққан.Алысты жақын тұтқан,жақынды бауыр тұтқан,туыстық желіні үзбеген,береке-бірлікті бұзбаған, «қыздың жолы жіңішке» деп қарындасын хан көтеріп сыйлай білген де қазақтың қара домалақ ұлдары.

Бүгінгі бозбала-ертеңгі қамқор әке,баланың панасы,әулиеттің тірегі,бүгінгі бойжеткен-ертеңгі аяулы ана,ақылшы әже,әулиеттің ұйытқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін,ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін дейміз.

ХАТТАМА № 1

15 қыркүйек 2012 жыл



Қатысқандар: 8

Қатыспағандар: -
Тақырыбы: «Қызым-қызғалдағым,ұлым-ізгі арманым»

Күн тәртібінде:

1. Баяндама. «Қызым-қызғалдағым,ұлым-ізгі арманым»

2. Оқушылар мен ата-аналардан сауалнама алу.

3. Ағымдағы түрлі мәселелер



Жарыссөзге қатысушылар:

1. Смағұлова Бибігүл-тәрбие ісінің меңгерушісі:

2. Дүзелбаева Жадыра-ата-ананың бірі:

3. Егізбаева Мейрамгүл:
Ағымдағы мәселелер:
Қабылданған шешім:

1.Отбасындағы ұл мен қыз тәрбиесіне ата-ана немқұрайлы қарамасын.

2.Оқушылардың мектеп құралдарының түгелденуіне әр ата-ана жауап берсін.

3. ата-аналар балаларының сабағына кірсін.


Сынып жетекшісі: (Қалиева Г.Ж)

Хатшысы: (Мекенаева Н.)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет