Бөлім: 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырыбы: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
Мерзімі:
|
Мектеп:
Мұғалім:
|
Сынып: 10
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты
|
10.3.2.4 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды графикалық түрде жіктеу және ұсыну
10.3.2.5 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсыну
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар антропогендік факторлардың табиғатқа тигізетін әсерін зерттеу
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
мәтіндерді талдау арқылы табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді;
географиялық деректерді шығармашылық түрде визуализациялайды;
табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсыну
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттар: Оқушылар антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсерін зерттейді (жергілікті компонент негізінде) (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары).
Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер: Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсері ... Әсіресе, ... кері әсері көбірек.
Пәнге қатысты лексика мен терминология: антропогендік табиғат кешендері, қышқыл жаңбыр, озон, шөлейттену, ғаламдық жылыну, ластану
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Құндылықтар:
Оқушылардың бойында коллаборация дағдылары, әлем азаматы ретінде сезімнің, жауапкершіліктің дамуы
|
Пәнаралық байланыс
|
Оқушылар биология пәніндегі биоалуантүрліліктің азаюы, биомдарға адамның кері әсері; химия пәніндегі қышқыл жаңбырдың қалыптасуы мен кері әсері туралы білімдерін пайдаланады
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ғаламтордан қажетті мәліметтерді іріктеп, Жамбыл облысындағы адамның географиялық қабыққа әсеріне қатысты ақпаратты таба алады
|
Бастапқы білім
|
8 сыныпта географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде сызып, түсіндірді; құрлықта аумақтық табиғи кешені (АТК), ал мұхитта аквалық табиғат кешендері қалыптасатынын анықтады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың қезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс - әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Басы
0-3
|
Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша). Оқу мақсаттары (ОМ), сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері жарияланады.
| Презентация |
Ортасы
3-5
5-7
7-10
10-15
15-20
20-30
30-35
|
Оқушылардың қызығушылығын тудыру мақсатында «Білімленд» оқыту сайтынан «Табиғатты қорғайық, аялайық» оқыту фильмінен үзінді көрсетіледі (1 мин. 45 сек. дейін).
Ой қозғау: Адам қоршаған ортаға қалай ықпал етеді?
Оқушылар жеке ойланады, қалаулары бойынша бірнешеуі жауап береді.
(Т) Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсерін зерттейді (жергілікті компонент негізінде).
Оқушылар оқушы санына байланысты 3 немесе 4 топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды.
Мұғалім оқушыларға жеребе бойынша әр топқа 1 мәтін материалдарын ұсынады:
Антропогендік әсер:
атмосфераға;
гидросфераға;
литосфераға;
биосфераға.
1-тапсырма. Мұғалім нұсқаулық береді.
Оқушылар мәтінді Insert «түртіп алу» әдісі арқылы жеке оқиды. Мәтін парағының шетіне немесе мәтін жолдарына төмендегідей белгілерді түсіре отырып оқиды:
Мен үшін жаңа ақпарат (+)
Мен олай ойламаймын, келіспеймін ( – )
Сұрағым бар (?).
Уақыты: 3-5 минут.
Топтың бір мүшесі жергілікті компонентті қамту мақсатында ғаламтордан ноутбуктің көмегімен (немесе ұялы телефон) топқа берілген тақырып бойынша Жамбыл облысына қатысты 1-2 ақпарат табады, топ мүшелерін таныстырады. Топта сыныптасының Insert әдісін қалай қолданғанымен танысып, мәтіннің негізгі мазмұнын бір біріне баяндайды.
Сабақ тақырыбының негізгі идеялары алдыңғы оқу жылдарында география және биология, химия пәндерінде қарастырылатындықтан 2-тапсырма орындалады.
2-тапсырма. Географиялық деректерді шығармашылық түрде визуализациялай отырып, топта мәтіннің негізгі мазмұнын сөзжұмбақ түрінде (кроссворд, сканворд, ребус, шарада, анаграмма т. б.) сыныпқа таныстыру ұсынылады.
Сөзжұмбақ критерийлері таратылады.
Дифференциация: сөзжұмбақ құрастыру барысында іске асады – ойлау дағдылары жылдам оқушылар тірек сөзді ұсынады, баяуырақ оқушылар тірек сөздің анықтамасын мәтіннен тауып, ұсынады, басқалары презентация парағына орналастырады, суретін салады, бояйды.
Уақыты: 8-10 минут.
Сөзжұмбақты презентациялау.
Уақыты: 3 минут
Кері байланыс. Мұғалім сыныпқа сұрақ қояды: Адамның әсерінен табиғаттың қай кешеніне көбірек әсер етеді екен?
Әр топтан бірнеше оқушының өз еріктерімен жауап беруіне мүмкіндік беріледі.
|
«Табиғатты қорғайық, аялайық» оқыту фильмі, «Білімленд» сайты
https://bilimland.kz/kk#lesson=11881
Презентация
Мәтіндер
1-тапсырма
Ноутбуктер
2-тапсырма
Презентация парақтары, А3
|
Соңы
35-40
|
Оқушылар «PISA оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бағдарламасы» талаптарына сай құрастырылған «Қышқыл жаңбырлар» тапсырмасын орындайды.
Жауаптары арқылы өзара бағалау іске асады.
«Дұрыс»- «бұрыс» тесті орындалады.
Тақтаға дұрыс жауабы шығарылады, өзін-өзі бағалау.
Қорытындылау. бойынша негізгі ұғымдар пысықталады.
Оқу мақсаттарына қайта оралу ұсынылады.
Үй тапсырмасы: «кахут» сайтында 3-5 сөзден тұратын тест құрастыру.
Кері байланыс:
«Бес саусақ» әдісі арқылы: әр оқушы дәптерге өз саусағының сұлбасын сызып, толтырады. Еріктерімен 1-2 оқушы оқиды.
|
3-тапсырма (PISA форматында құрылған)
Тест
Дәптер
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
|
Қауіпсіздік ережелері
|
Оқушылардың барлығы антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне тигізетін әсерін зерттей алады, мәтінмен жұмыс істей, сөзжұмбақ шеше алады. Көпшілігі сөзжұмбақ құрастырады, АКТ-сын, биология, химия пәндеріндегі білімдерін пайдалана алады. Кейбіреулері ғылымның басқа салаларындағы теорияларды, концепцияларды пайдалана алады.
|
Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай жұптар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.
Калыптастырушы бағалау.
Бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау.
|
Сыныпта қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық (инструктаж) беріледі.
|