Сабақтың мақсаты: Оқушыларды күздің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру



Дата02.11.2019
өлшемі18,11 Kb.
#51014
түріСабақ
Байланысты:
берекелі куз



Cабақтың тақырыбы: «Берекелі алтын күз»                                
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды күздің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Күз-береке,қуаныш.Отан қоймасына миллиондаған пұт астық тапсыратын кез.Оны ысырапқа ұшыратпай жинап алу-баршамыздың міндетіміз екендігі туралы ұғым беру.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, үлестірме қағаздар, плакат.
Сабақтың барысы: Күзгі табиғат көрінісі жайында мұғалімнің әңгімесі.
Күз –береке бастауы,қуаныш кезеңі,бүгінгі тәрбие сағаты сол «Берекелі алтын күзге» арналады.

Күз де келді, алтын дәнін сапырып


Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті оқушылар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі алтын күз, құтты болсын!
Бүгін, оқушылар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен былай жеткізеді.

Темірхан: Қарашы күз келді, күз келді


Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуенін түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді

Даулет: Береке бақ дарыған


Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне, алтын күз
Балалар !Күз. Алтын күз.Жылдың осы бір маусымында мектептерде оқу басталады.Бау –бақша жемістері піседі.Мал семіртіліп ,күзде мал қыстататын қораны даярлайды. Бұл кезде:қарлығаш,тырна ,үйрек,қаздар жылы жаққа кетіп ,тек қысап қалатын құстар ғана қалады.Ағаш жапырақтары жерге түсе бастайды.Сондықтан да бұл мезгіл 
«Алтын күз» деп атаймын .
Өсімдік-өмір кілті бұрыннан
Тіршілік те өсімдіктен құралған .
Бар әлемде өсімдіксіз өмір жоқ
Барлығы да содан барып тараған
1-оқушы:Ерте ,ерте,ертеде
Егінді көп өлкеде
Дабыл біткен толыпты
Ұлы жиын болыпты
2-оқушы Қандай қызық мереке
Сабан тойда –береке
Дақылдардың сыйлары
Даламызға сыймады.
3-оқушы Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға 
Шақырады біздерді.
«Алтын күз» әні
«Ағаштар айтысы» көрініс
Жұмбақтар шешу ( 2 командаға бөлу)
1.    «Бидай»
2.    « Мақта»
Би. « Мақта»
Виктариналық сұрақтар.
А) Қант қандай өсімдіктен алынады?
Ә) Ең ірі жеміс?( асқабақ)
Б) Көп ағаш өскен жерді қалай атайды?( орман)
В) Сый-құрмет ретінде сыйланатын өсімдік?( гүл)
Г) Су ақылы таралатын өсімдік?( жалбыз)
Қалың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өсті-өсті
Көрінбей жердің топырағы 
Құлпырған жасыл жер жүзі-деп
Абай атамыз айтқандай бүгінгі кеште жер беті көк масатыдай жауып жатқан біраз өсімдіктер әлемінің сырлары және өздеріңе таныс емес өсімдіктердің біз үшін қандай маңызы бар екені айтылады.Қазіргі уақытта өсімдікті қорғау және оны қалпына келтіру-маңызды іс болып отыр.Сондықтанда бұл жұмысқа сендердің яғни мектеп оқушыларының көмегі өте зор болуға тиіс.
Сонымен, балалар қыркүйек,қазан, қараша айлары күз маусымы деп аталады.Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.
Күз дегеніміз-қауыр еңбек кезіңі
Күз дегеніміз-байлық,молшылық .
Олай дейтін себебіміз бұл мезгілде,жеміс-жидек,астық пісіп жетіледі.Күзде мал да, аң мен құстарда қамданып семіреді.Күзде қыс қамы жасалады.Сондықтанда адамдар да, жануарларда, өсімдік атаулының барлығы дерлік қысқа әзірлік жасайды.Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз-береке.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет