Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету. Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру



Дата24.04.2017
өлшемі57,25 Kb.
#14862
түріСабақ
№10 жалпы білім беру орта мектебі КММ-сі

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағы



«амандасу салты»

Сынып: 2 «Е»

Мұғалім: Тулеубаева Мұнара

Ақтау 2017жыл



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету.Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру.

2. Амандасудың түрлерімен таныстыру. Нақыл сөздердің мағынасына, тәрбиелік жақтарын талдап, саралау. Рөлдік ойындарға бейімдеу.

3. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, карточкалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу,рольдік ойын, түсіндіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Сыныпты ретке келтіру.

  3. Сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Мәнерлеп оқу

2. Ертегіде не жайлы айтылған? Суретке қарап  түсінгеңінді әңгімеле.

ІІІ.  Жаңа сабақ:


  • Ал, оқушылар біз өзімізге таныс адамдары немесе достарымызды көшеден немесе дүкеннен көріп қалсақ алдымен не істейміз? (амандасамыз).

  • Иә өте дұрыс айтасыңдар, яғни біз алдымен амандасып аламыз. Ал енді бүгінгі сабағымызда осы «амандасу, сәлемдесу» жайында болмақ. Білгенімізді ортаға саламыз, білмегенімізді үйренеміз.


  • Ал балалар тақтаға қараймыз ондағы мақалдарға көңіл бөлейік, кім маған оқып береді?

IV. Жаңа сабақты бекіту:

  • Сәлем беру де – парыз,

Сәлем алу да- парыз.

  • Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

  1. Мақалдарды түсініп оқу. Мағынасын ашу.

  • Ал, оқушылар мақалда не жайында айтылған?

Ертелі-кеш өзіңе таныс адамдарды көргенде немесе мұғаліміңді көргенде біз: «Сәлеметсіз бе?» дейміз. Олар да: «Сәлеметсіңдер ме?» деп бізге жауап қайтарады. «Сәлем – сөздің анасы» деп халқымыз осыған сүйеніп айтқан. Сәлем беру дегеніміз – адамдар жүрегіне бастайтын жол.

Сәлем бұл қасиетті ұғым, «Сәлем сөздің атасы» дейді қазақ халқымыз. Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру. Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек. Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет балалар.



  1. Дәптермен жұмыс.

1.Дәптерге күннің жадын жазғызу.

2.Тақырыпты жазу.

3.Сөздікпен жұмыс, Алдымен оқушыларға оқытып жазғызу.


  • Парыз – міндет.




  1. Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді оқушыларға оқыту

2. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Мағынасын түсіндіру.

3. Сұрақтармен жұмыс жасау.
«Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкум ассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады. Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар.Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

V. Сергіту сәті.

- Сергіту сәтін оқушыларға тапсырмалар жазылған карточкалар беру арқылы орындау. Әр халықтың амандасу түрлерін көрсету.

1-оқушы: Күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын тізесіне дейін апарып ,басын изеп, белін бүгіп жымия күледі.

2 – оқушы: Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған.

3 – оқушы: Ерте кезде Қытайда дос – жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты. Олар бір-бірінен «бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?»- деп сұрайды екен.

4 – оқушы: Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді.

5-оқушы: Олар бір-бірін көргенде, оң қолымен бас киімін алып, сол қолын құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен.

6- оқушы: Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол «Басымыз аман болсын» дегені.



VI. Жаңа сабақты пысықтау.

  • Ал оқушылар 9- тапсырманы мұхият тыңдап, ойланып жауап беріңдер.

  • Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді.Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі —  өз құрбысы Жанар.Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты.Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.


Қыздар бір – бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен – саусыз ба?» деп амандасады.

VII. Сабақты қорыту:

Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қандай жаңалық болды? Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай боды?



VIII. Үйге тапсырма:

  1. Мәтінді түсініп оқу.

  2. Сызбаны толтыру.

IX.Бағалау:

Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет