Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау жайлы білімдерін талдап, қорыту



Дата06.04.2020
өлшемі1,3 Mb.
#61686
түріСабақ
Байланысты:
БАНУ ЖОЛДЫБЕК


Зертханалық жұмыс №3 Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақтың мақсаты:
  • Оқушылардың өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау жайлы білімдерін талдап, қорыту.
  • Ойлау қабілетін, танымын дамыту, өмірде тиімді қолдана алуға баулу.
  • Оқушының ғылымға деген құштарлығын арттыру;
  • Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Үй тапсырмасы
  • Ток күші деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі.
  • Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады?
  • Электр кернеу деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі?
  • Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдарын, үтіктер, электр пештері, қыздырғыштарды қолданады.

Ал, енді өткізгіштерді жалғау тәсілдерін қарастырайық

Өткізгіштерді тізбектей жалғау


Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

Өткізгіштерді параллель жалғау


Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

Электр тогының қуаты мен жұмысын анықтау


Зертханалық жұмыстың мақсаты:
  • Оқушыларға өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру
  • Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштерді жалғауды өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру
  • Оқушының ғылымға деген құштарлығын арттыру;
  • еңбекке, ұжымшылдыққа , халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу

Электр тогының жұмысы ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісігн тең:

A= I² Rt

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек:

P= IU

Виртуальді зертханалық жұмыс

1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіштегі кернеудің төмендеуі . Кедергісі болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.

Бекіту сұрақтары

2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіш арқылы ток өтеді. ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет