Мусабаева Эльмира Хасенқызы
Қостанай облысы
Амангелді ауданы
Амантоғай жалпы білім
беретін орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Өзеннің адам өміріндегі маңызы. Табиғат туралы білімдерін кеңейту.Оқушыны өзін ортада еркін ұстап, ойын ашық айтып, жолдастарының ойын тыңдай білуге үйрету.
Өлеңдегі негізгі ойды түсіну.
Міндеттері:
І. Барлық оқушы: 1. Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
2. Өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
ІІ. Оқушылардың көпшілігі:
1. Өз ой-пікірін жеткізе алады.
2. Өлең құрылысына талдау жасай алады.
ІІІ. Кейбір оқушы:
1. Ойын дәлелді пікірмен жеткізе алады.
Күтілетін нәтиже:
|
Тақырып жайлы ұғым, білімнің алғашқы негізін қалау.
Жаңа білімді өмірде байланыстыра пайдаланудың мүмкіндіктерін білу және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
|
Сабақ кезеңдері:
І. Ұйымдастыру.
ІІ: “Ой ашар” Үй тапсырмасын пысықтау.
ІІІ “Қызығушылықты ояту” жаңа тақырыпты ашу.
ІV. “Мағынаны тану” жаңа сабақ.
V. “Ой дамыту” “Алтын қақпа” ойыны.
VІ. “Ой түйіндеу”.
VІІ. Рефлексия “Аралдар” әдісі.
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Көңіл-күйді анықтау.
Психологиялық дайындық
«Жетістіктер ағашы»
Жасыл жапырақ –мен бүгінгі сбақта жетістікке жетемін.
Қызыл жапырақ -мен бүгін өз пікірімді айтамын.
Сары жапырақ -мен бүгінгі сабақта белсенділік танытамын.
ІІ. “Ой ашар” үй тапсырмасын сұрау:
“Қағаздағы диалог” әдісі
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
“Жұмбақ шешу” әдісі
Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.
(Өзен)
ІҮ. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
Ыбырай Алтынсарин –қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде қайтыс болды да, Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балғожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады. Жеті жылда Ыбырай мектептен жақсы білім алып шығады. Ендігі жерде өзі алдған білім нұрын халқына шашқысы келіп, мектеп ашуды армандайды. Көп жылдар аңсап, өз өмірінің арманы болған мектебі тек 1864 жылы ашылады. Бала оқытқанына қатты қуанған Ыбырай: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға тиген аш қасқырдай тиістім. Балалар да менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» деп жазған екен бір хатында.
Ыбырай Алтынсарин –халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, өзінің бар өмірін сол жолға арнаған адам. Сонымен қатар ол балаларға арнап әртүрлі тақырыпта көптеген өлең, шағын әңгімелер жазды. Орыс әдебиетінен балаларға лайық көркем шығармаларды аударды. Сол көркем шығармалардың бәрінде де ол балаларға білім, тәрбие, үлгі-өнеге беру мақсатын көздеді.
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы
Өлеңдері
«Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Жаз», «Өзен», «Ананың сүйюі» және т.б. өлеңдері бар.
Оқулықтары
«Қазақ хрестоматиясы»,
«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»
Әңгімелері
"Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" , «Екі жолдас», «Бір уыс мақта», «Қисық ағаш», «Таза бұлақ», «Шеше мен бала», «Ақымақ дос», «Тазша бала», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Талаптың пайдасы», «Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Байұлы», «Мейірімді бала», «Дүние қалай етсең табылады», «Жиренше шешен», «Бай мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. әңгімелері бар.
Тапсырмалар:
Мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы.
Ү. «Ой дамыту» “Алтын қақпа” ойыны.
1. «Тас қақпа» сұрағы.
Ыбырай Алтынсарин кім?
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Кімнің тәрбиесінде болған?
2. «Темір қақпа» сұрағы.
Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
3. «Күміс қақпа» сұрағы.
Өлеңді талдау: «Өзен»
Өлең неше шумақ? (4 шумақ)
Неше жол?(18 жол)
Неше буын бірінші жолы? (11 буын)
Неше бунақ? (3 бунақ)
Ұйқас түрі: сарқыраған, жарқыраған, арқырған. (а, а, б, а) қара өлең.
4. «Алтын қақпа» сұрағы.
«Пікірлер кестесі» әдісі.
Пікірлер
|
Неліктен “ИЯ”
|
Неліктен “ЖОҚ”
|
Сусыз тіршілік жоқ.
|
|
|
Табиғатта ең көп таралған зат –су.
|
|
|
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды.
|
|
|
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта.
|
|
|
ҮІ. Ой түйіндеу.
5. Алтын сандық. (Оқушылар төмендегі сөздерді басшылыққа ала отырып, өз ойларын ауызша айтады).
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған“Қазақстан - 2050” жолдауы болашағымыздың бағдары. Жолдаудың негізгі бағыттарының
бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.
«Табиғат әзілді сүймейді, ол әрқашан әділдікті қорғайды, ол қатал, оныкі ақиқат, оныкі дұрыс. Қателік пен адасу адамнан шығады» (Гете)
VІІ. Рефлексия “Үш арал” әдісі.
Жаңалықтар аралы
Зерігу аралы
Қуаныш аралы
ҮІІІ. Бағалау.
Тапсырмалар.
|
Толықтай жеттім
|
Жартылай жеттім
|
Талпындым
|
Мәнерлеп оқу
|
2
|
1
|
0
|
Тас қақпа тапсырмалары
|
2
|
1
|
0
|
Темір қақпа тапсырмалары
|
2
|
1
|
0
|
Күміс қақпа тапсырмасы
|
2
|
1
|
0
|
Алтын қақпа тапсырмасы
|
2
|
1
|
0
|
Үйге тапсырма:
«Өзен» өлеңін жаттау.
«Жер - Анаға» хат жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |