Тақырыбы: «7 санына көбейту және бөлу кестесі»
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты–жөні: Қонысбекова Аружан.
|
3-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.1.2.4. 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.
3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
7 санына көбейту мен бөлу кестесін құрады, біледі және қолданады.
|
Бірқатар оқушылар:
|
Есептерді шығаруда шамалардың арасындағы тәуелділікті пайдаланады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Тұжырымдар, пікір, ақиқат, жалған
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-Бір заттың бағасын қалай білеміз?
-Заттардың саны мен жалпы массасын біле отырып, бір заттың массасын қалай анықтаймыз?
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
-Көбейту және бөлу кестесін біледі, есепті шығарады.
-Өмірде қолдана алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият қадамын басшылыққа алу және адал болуға, денсаулықты сақтай білуге тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Музыка,
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
|
Бастапқы білім
|
Сандар жүйесін түсіну және заңдылықтар мен тізбектерді зерттеу тәжірибесі.
|