Сабақтың мақсаттары: Білімділік: «Кванттық физика» тарауын талдай отырып, лазер және



бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі302,83 Kb.
#10362
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Лазерлер.
Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: «Кванттық физика» тарауын талдай отырып, лазер және

оның өмірде қолданылуы жайлы білім беру.


Дамытушылық: оқушылардың оқу материалын талдай білу, бақылау,

салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыта отырып,

ғылыми-техникалық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікті сезініп, ұйымшылдықпен шешім қабылдауға,

бір-бірінің пікірін тыңдауға, мақсатқа жетуге талпынуға

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап , есептер шығару,

баяндау, АКТ-ны қолдану, сәйкестендіру, талдау


Бағдарлама модульдерінің кіріктірілуі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда

АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту,

оқытуды басқару және көшбасшылық.



Сабақтың көрнекіліктері: презентация, ғаламтор, бейне материал, кесте,

үлестірме материалдар, слайд, лазер.


Пәнаралық байланыс: биология, химия, информатика, математика.

Болжамдап отырған нәтиже:

лазердің түрлері және оның қолданылу аясы, пайдасы мен зияны

жайлы теорияны меңгерген, кванттық физиканың заңдары мен

формулаларын практикалык есептер шығаруда қолдана алатын

білімді тұлға қалыптасады.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (отырыстары,оқу құралдары)

5. Сыныпты топқа бөлу



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Теориялық білімдерін тексеру.

2. Практикалық білімдерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты және жоспарымен таныстыру

IV. Сабақтың өтілуі

1. Бейне жазба көрсету

2. «Джиксо әдісі» арқылы мәтінмен жұмыс

3. Топпен жұмыс (постер қорғау)



4. Есептер шығару

V. Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

VІІІ.Рефлексия
Кешенді - сатылай сабақ жоспары:


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесемін

2. Оқушыларды түгендеймін

4. Сыныпты тақ және жұп сандар жазылған шариктер арқылы топқа бөлемін


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Теориялық сұрақтар:

  • Электромагниттік толқындар шкаласы

  • Жарық дегеніміз не? Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы

  • Жарықтың екі жақтылық қасиеті (Ньютон және Гюйгенс принципі)

  • Эйнштейн постулаттары

  • Бор постулаттары

  • Стефан-Больцман заңы

  • Винн заңы

  • Де Бройль толқындары

  • Гейзенбергтің анықталмағандық принципі

  • Люминесценция

  • Фотоэффект құбылысы. Фотон дегеніміз не?

  • Спектр дегеніміз не?

  • Жарықтың қысымы

  • Атомның моделі

Проблемалық сұрақтар

  • Неліктен транспорт қозғалысы кезінде тыйым салынатын белгіге,электр бағандарының төменгі бөлігіне қызыл түспен сызылады?

  • Шәкәрімнің : «Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса, көлеңке орнығады қайда барып» деген өлең жолдарында қандай физикалық заңдылық орындалады?

  1. Формулаларды сәйкестендіру кестесі :

Формуласы

Физикалық шаманың аты




Эйнштейн формуласы



Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы



Де Бройль толқыны



Гейзенбергтің анықталмағандық принципі



Стефан-Больцман заңы



Бальмер сериясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет