6 - сынып I тоқсан Сабақтың нөмірі: 3
Сабақтың тақырыбы: §3. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ;
§4. ЗЕРТТЕУДІ ҚАУІПСІЗ ЖҮРГІЗУДІҢ 5 ҚАДАМЫ
Мақсаты: 6.1.3.1 жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу
6.1.3.2 қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау
Қысқаша конспект Зерттеудің мақсаты және міндеті. Зерттеудің мақсаты – жұмыс аяқталғанша міндетті түрде шешімі шығарылуы қажет болатын соңғы нәтиже. Алға қойған зерттеудің мақсаттары: ... анықтау, ... білу, ... дәлелдеу, ... нақтылау, ... түсіндіру, ... айқындау, ... дайындау және т.б. Зерттеу нысаны және пәні арқылы зерттеудің мақсаты анықталады. Алға қойған мақсатқа жету үшін, келесі кезеңде зерттеудің міндеттері айқындалуы тиіс. Міндетті дұрыс және нақты қоя білу керек. Сол арқылы зерттеудің жүйелі жоспары құрылады (6-сурет)
Зерттеуді қауіпсіз жүргізудің 5 қадамы. Табиғатта, үйде, сыныпта әртүрлі зерттеу, тәжірибе мен сынақ жүргізген кездегі 5 қадамды ретімен қарастырайық (9-суретті анықтау,зерттеу).
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Атамұра» баспасы, 11-13 беттер
Оқушыларға арналған тапсырмалар: 1. Тапсырма : 6-суретті салу
2. Тапсырма:7-сурет. Квинтилианның жеті сұрағының сызбасы арқылы қандайда бір зерттеу жоспарын құрастыру
Дескриптор.
Зерттеу жүргізудің ретін білу, Квинтилиан кез келген міндетті шешуге болатын жеті сұрақтың сызбасы арқылы жоспар құрастыра білу
Рефлексия: .. Мен үйренген 4 мәлімет..... Мен білген 3 мәлімет.... Менің көбірек білгім келген 2 мәлімет.... Есте сақтау керек 1 маңызды мәлімет...