Сабақтың оқыту мақсаттары Т/Ж4 Цитаталармен жұмыс Сабақтың мақсаттары



Дата05.11.2016
өлшемі70,66 Kb.
#1011
түріСабақ

САБАҚ: Қазақ әдебиеті Т1

Тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы

Зар заман

             Ақтөбе қаласы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

1-сабақ


Оқытушы аты-жөні: Камбарова Рысгүл Берекетқызы

СЫНЫП:

Қатысқан оқушылар саны:    ______

Қатыспағандар:

Сабақтың оқыту мақсаттары

Т/Ж4 Цитаталармен жұмыс


Сабақтың  мақсаттары

Прозалық, драмалық шығармадан, поэзиядан кең көлемді өлең, үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады


Алдыңғы сабақта

 

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздері

Сабақтың басы

3-5 минут

Сабақтың ортасы

30 минут



«Ой шақырайық!» Бұл сөз тіркесі туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Бүгінгі сабақтың тақырыбына қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?


Зар заман




  1. Зар заман ақындары және Ш. Қанайұлы туралы мағлұмат.

Зар Заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері т.б.

М.Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды.

Зар заман өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы. Ақынның өмірбаяны туралы мәліметтер аз. Бұл жөніндегі деректердің көбі шашырап жеткен үзінді. Бір алуан деректерге қарағанда, осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан өңіріндегі Қаратау деген жерде туылған. Екінші бір деректе Ақмешіт қожасы делінеді, бірақ өмір сүріп, ақындық құрған жері Қарқаралыдағы Бесата деген ел. Алғашқы кезде Жамантай төренің маңында болған, кейін Жанғұтты бидің қолына барып, сонда өлген.

Шығармалары ХІХ ғасырдың 70-жылдары жарық көріп, «Бала зары» деген атпен Қазан қаласында бірнеше рет басылып шықты.

Ақын қазақ даласына отаршылдық алып келген қайғылы хал-ахуалды, заман зарын, дін мен діл, имандылық иірімдерін өз шығармаларына өзек етті.
2. Жұбыңмен талқыла. Берілген ақпарат бойынша сұрақтар:


  1. Мәтін не туралы?

  2. Зар заман ақындары туралы не білдіңіздер?

  3. Ш. Қанайұлының өмірі туралы қандай деректер алдыңыздар?


3. Ш. Қанайұлының өлеңін мәнерлеп оқу және оның «Зар заман» аталу себебіне мән беру.

1-жұп мәнерлеп оқиды.

2-жұп бағалайды.
Бағалау парағы

Бағалаушы оқушының аты-жөні

Бағаланушы оқушының аты-жөні

Мәнереп оқу деңгейі

Актерлік шеберлігі

Мәнерлеп оқу әдістерін сақтауы (екпін, дауыс ырғағы, жылдамдық)


Шығарма

ның мағынасын түсініп оқуы



1.

2.















4.Түсініксіз сөдермен жұмыс.

Дүрия-


Биқасап-

Жөргем –

Дуан –

Зада -


5. «Зар заман» өлеңі қандай сөздермен басталады? Неліктен деп ойлайсыз? Ойыңызды жеке жазып, жұбыңызбен талқылаңыз.

-------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------------------------------



6. «Менің есімде...» тапсырмасы

1. «Зар заман» сөзі не себепті кейінгі біртұтас дәуірдің атына айналды деп ойлайсыздар?

2. Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?

3. Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?

4. Шортанбай өлеңдерінің негізгі сарыны қандай болды?

Хрестоматия



Сабақтың соңы

5- 7 минут



Бағалау. Жетістік критерийі


ОБ сілтеме

Оқыту мақсаты

Т/Ж4 Цитаталармен жұмыс


Прозалық, драмалық шығармадан, поэзиядан кең көлемді өлең, үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады

Дағдылар

Жетістік критерийі

Егер төмендегі жетістік

талпынады

жетті

Коммуникация және рефлексия


Ұзақ өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады, мазмұнын түсінеді, автор ойын ұғады








Рефлексия

Мен үшін жеңіл болған 2 нәрсе

Мен үшін қиын болған 2 нәрсе

Ұсыныс.


Үйге тапсырма: Өлеңнен үзінді жаттау.

 

Қосымша ақпарат

Ажырату – мен оқушылардың пікірін дұрыс немесе бұрыс деп ажыратпай қолдауды жоспарлаймын.

Бағалау –

Оқушылардың жұмысын төмендегі жетістік критерийлері арқылы бағалаймын:

1.Топта белсенді жұмыс жасағаны үшін.

2.Өз пікірін толық, нақты айта алғаны үшін.

3.Топ ережесін бұзбағаны үшін.

4.Шығармашылық танытқаны үшін.



Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі Денсаулық және қауіпсіздік тексеріс

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланыстары



Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді

Нәтиже бойынша ажырату, себебі кейбір топтардың басқаларға қарағанда мәтін жайлы ақпараты аз болуы мүкін



Меңгеруді бақылау

Сұрақ және жауап

Өзара кері байланыс


Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Сұрақтарға жауап беру үшін кезек алу және жаңа топтарға баяндау үшін жазбалар жасау арқылы басқаларды тыңдау



Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?


Төмендегі бөлікті сабағым туралы өз ойымды жазуға қолданамын. Сол жақ бағанадан өз сабағыма ең орынды келетін сұрақтарға жауап беремін



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастыруым мүмкін)?

1.


2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырамын)?

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар туралы нені білдім?

1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет