Сабақтың басы.
Қызығушылықты ояту.
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
“Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру
|
Оқушылар амандасады, бір-біріне жақсы тілек айту арқылы сабақты бастайды.
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
|
-Акт
-Биология 7 сынып оқулық
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Жоғары сатыдағы өсімдіктер – өсімдіктер әлемінің негізгі екі тобының бірі. Екінші тобы – төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді ұрықты өсімдіктер (Embryobіonta, Emlryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, Cormobіonta), түтікті (теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobіonta) деп те атайды.
Жер шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгілі. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге: риниофиттер, мүктәрізділер, плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер жатады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы – құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады. Спорофиттерінде қозғалмайтын спора түзілетін көп клеткалы спорангийлер дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичия туыстары) және барлық гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен. Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізінен жапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді.
|
-Оқушылар оқытушы айтқан мәліметтерді мұқият тыңдап, оқулықпен жұмыстанып тірек,термин сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
|
- Ксилема мен флоэманың құрылыстарын салыстырады, ерекшеліктерін табады;
|
-Акт
-Биология 7 сынып оқулық
-Оқушы дәптері
|
Сабақтың ортасы
30 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
1-тапсырма.
Кестені толтырыңыз «Ксилема мен флоэманың қызметтері мен құрылысы»
Ксилема
|
Айырмашылығы
|
Флоэма
|
|
|
|
2-тапсырма.
Модельдеу–Өсімдіктегі зат тасымалының моделі
Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында жетістіктер баспалдағын қолданады.
|
-Оқушылар берілген кестені орындайды.
-Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
-Оқушылар бүгінгі алған білімдерімен жетістіктер баспалдығына шығады.
|
Дескриптор
- Ксилема жасушаларының құрылысын, қызметтерін дұрыс сипаттай алады;
Дескриптор
- Судың қозғалу жолын дұрыс көрсете алады;
-Органикалық заттың қозғалысын дұрыс көрсете алады.
|
-Акт
-Биология 7 сынып оқулық
-Оқушы дәптері
|