Сабақтың оқу мақсаттары Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау



Дата01.06.2023
өлшемі307,94 Kb.
#178115
түріСабақ
Байланысты:
көлік түрлері ашық сабақ


Бөлімі: Әлеуметтік
Ұ.О.І.Ә: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Көлік түрлері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың оқу мақсаттары

Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау.

Күтілетін нәтижелер

Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырады, ажыратады. Көлік түрлерінің пайдасын біледі.

Ресурстар

Суреттер, слайд

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.


0-2 минут

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.


3-5 минут

ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.



Шаттық шеңбері
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай берсін қаламыз.
Педагог оқушыларға сурет қиықтарын беріп таңдатты, оқушылар суретті таңдап, сурет қиықтарынан бір-біріне қосып суреттер шығарады. Бірінші сурет кеменің суреті, екінші сурет ұшақтың суреті, төртінші сурет машинаның суреті болады. Сол кеме суретін шығарған оқушылар 1-ші «Кемелер» тобы боладыда, бір топқа отырады.
Ал екінші ұшақтар суретін құрастырған оқушылар 2топқа «Ұшақтар» тобы болады.
Машина құрастырған оқушылар 3-ші «Машиналар» тобы болып 3 топқа жайғасады. Осылайша оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Балалардың әр топ өз қолдарындағы суреттер бойынша әңгімелейді. Оларды бір сөзбен не дейміз?
-Жарайсыңдар көліктер.
Ендеше біз бүгін көліктер түрлерімен танысатын боламыз.
Көліктер 3 түрге бөлінеді, әуеде ұшатын, жерде жүретін, суда жүретін,
Слайдтан көрсету
Суретте көлік түрлері бейнеленген, әртүрлі көлік қозғалысы туралы білімдерін толықтыру. Көлік түрлерін сипаттап және ажыратып беру. Осы көлік түрлеріне мұқият қараңдар.
Олардың ортақ белгілері не?
Ал оларға дөңгелектер не үшін қажет?

-суда қандай көліктер жүреді?


-Ал әуеде қандай көліктер ұшады?
-ал жерде қандай көліктер жүреді?

– Мәшинені жүргізетін адамды кім деп атауға болады?


– Жүргізуші, ең бастысы, нені білуі керек?
– Жүргізуші жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы адамдардың өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі.
– Әртүрлі көлік түрлерін не үшін ойлап тапқан? (Жердің әр түкпіріне, қалаларға, басқа елдерге жету үшін)
-Ал арнайы көліктерді қалай түсінесіңдер?
Олар өрт болған жағдайда өрт сөндіргіш машинасымен өрт сөндіру қызыметкерлері келеді. Ал ауырып қалсақ дәрігерлер жедел жәрдем көлігімен тез жетеді. Полиция қызыметкерлеріде бар, адамдарды таситын автобустарда бар екен, бұлар арнайы көліктер деп аталады.
Топтық жұмыс:
3 топқа тапсырмалар беріледі:
1 топқа: Сәйкестендір, берілген суреттегі көлітердің жолдарын анықтау.

2топқа: Суреттегі арнайы көліктерді өз қызыметкерлерімен сәйкестендір
.
3топқа: Мына көліктердің қайсысы арнай көліктер деп аталады? белгілеп кет

Сергіту:
Ал, паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Піш-піш, піш-піш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Кәне, кімнің бойы ұзын?
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Тапсырма:
Көліктердің пайдасымен зияны туралы айту. Қай бала тез ойланып бірінші болып айтады сол бала бағаланды.
Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілген топтық ойын:
«Ашық микрафон»
Шарты: Үнтаспадан көлік түрлерінің (пойыздың гудогі, ұшақтың, кеменің, т.б.) дауыстары тыңдатылады. Қай топ көліктің дыбысын ажыратқан болса, сол топ микрафонды бірінші болып жоғары көтеріп айтуы тиіс.

-Көліктер

(Дөңгелектер)
(Жүру үшін).

-қайық, кеме, сүңгуір,


- ұшақ, самалет, зымыран,
-машина, мотоцикл, велосипед, камаз, поезд, арба, т.б.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Балалардан мәшинені кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
• ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
• түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Əліппе-дəптер



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет