Сабақтың тақырыбы : § 10, 11. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2017
өлшемі286,83 Kb.
#20880
түріСабақ

Сабақ жоспары

Пәні физика _ Сынып 7

Сабақтың тақырыбы:

§ 10, 11. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсінік қалыптастыру, бөліктің құнын анықтауды үйрету.

  1. Дамытушылық мақсаты:

Білімдерін пысықтау, бекіту, ойлау қабілеттерін және білімге деген құштарлығын арттыру

  1. Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:

Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бақылау, сарамандақ, зертханалық, қорытындылау, тексеру және бағалау, бекіту, қайталау.



Сабақтың Әдіс-тӘсілдері:

Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, демонстрация, видео әдісімен, жаттығулар орындау, лаборатория, танымдық ойындар, сынақ жүргізу.



Сабақтың кӨрнекіліктері:

Графопроектор, телевизор, видеомагнитафон, плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК. Білімді жан-жақты тексеру:


  1. Табиғат құбылыстары жайлы білімді біз қандай жолдармен аламыз?

  2. Қандай ғылымдар тәжірибе көмегімен білім алады (дамиды) ?

  3. Қандай ғылымдар бақылаулар көмегімен білім алады (дамиды) ?

  4. Тәжірибенің бақылаудан айырмашылығы неде?

  5. Галилей нені зерттеді?

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физикалық шамалармен танысу. Оларды өлшеуді үйрену.



V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Физикалық шамалар және оларды өлшеу


Ғалымдар жүзеге асыратын тәжiрибелерде (немесе эксперименттер) әдеттегiдей өлшеулер қосарлана жүргiзiледi. Денелердiң немесе процестердiң тәжiрибеде өлшенетiн сипаттамаларын физикалық шамалар деп атайды. Көлем, температура, жылдамдық, масса, салмақ және т.б. физикалық шамалар болып саналады. Әрбiр физикалық шаманың өз бiрлiгi бар. Мысалы, көптеген елдер қабылдаған бiрлiктiң Халықаралық жүйесiнде (қысқаша СИ, демек, жүйе интернационалдық) ұзындықтың негiзгi бiрлiгi метр (1 м), уақыт бiрлiгi секунд (1 с) болып есептеледi. Практикада сондай-ақ 10, 100, 1000 және т.б. есе үлкен еселiк бiрлiктер мен 10, 100, 1000 және т.б. есе кiшi үлестiк бiрлiктер пайдаланылады. Еселiк және үлестiк бiрлiктердi белгiлеу үшiн мега (М), кило (к), милли (м), санти (с) және т.б. арнайы қосымшалар пайдаланылады (1-кесте). 1-кесте

Қосымша

Көбейткiш

Қосымша

Көбейткiш

мега (М)

1 000 000

микро (мк)

0,000001

кило (к)

1000

милли (м)

0,001

гекто (г)

100

санти (с)

0,01

Мысалы: 1 км = 1000 м, 1 мс = 0,001 с .




 



4-сурет




5-сурет
Физиалық шамаларды өлшеу және тәжiрибелер жүргiзу үшiн әр түрлi физикалық аспаптар керек. Олардың кейбiреулерi жеткiлiктi түрде қарапайым. Мысалы, рулетка (4-сурет) мен сұйықтың көлемiн өлшеуге қолданылатын өлшеуiш цилиндр (мензурка) (5-сурет) осындай аспаптар. Бiрақ аса күрделi аспаптар да бар: секундөлшеуiш (6-сурет), термометр (7-сурет) және басқалары.

Физика мен техниканың дамуына қарай аспаптар жетiлдiрiлдi және күрделене түстi. Өлшеуiш аспаптардың көпшiлiгiнде шкала бар, яғни аспаптарға штрихтардың көмегiмен бөлiктер түсiрiлген де оларға сәйкес шамалардың мәндерi жазылған. Тұсына сандық мәндерi жазылған штрихтардың аралығы сандармен белгiленбеген қосымша бiрнеше бөлiкке бөлiнуi мүмкiн. Бiрақ әрбiр ең кiшi бөлiктер шаманың қандай мәндерiне сәйкес келетiнiн тағайындау күрделi емес.

Мысал үшiн ұзындықты өлшеуге арналған аспапты — сызғышты қарастырайық. Ара қашықтығы 1 см, 2 см, 3 см жән т.c.c. белгiленген штрихтардың арасы бiрдей 10 бөлiкке бөлiнген. 1 см/10 қатынасын тауып, әрбiр бөлiк, яғни қатар екi штрихтың ара қашықтығы 1 мм сәйкес келетiнiн тағайындаймыз. Бұл шама аспап бөлiгiнiң құны деп аталады. Қандайда бiр аспаппен физикалық шамаларды өлшемес бұрын осы асапап бөлiнiнiң құнын анықтап алу керек.



Бөлiктiң құнын анықтау үшiн тұсында сандық мәндерi жазылған шкаланың жақын екi штрихын анықтау керек. Содан кейiн үлкен мәннен кiшi мәндi алып айырымын анықтап ол айырым санды олардың арасында тұрған бөлiктердiң санына бөлу керек. Мысалы, 6-суретте бейнеленген секундөлшегiштiң бөлiгiнiң құнын анықталық. Тұсында өлшенетiн шаманың (уақыттың) мәнi көрсетiлген кез келген екi штрихты, мысалы 20 с және 25 с сандары бар штрихты пайдаланамыз. Осы штрихтардың арасындағы аралық 10 бөлiкке бөлiнген. Демек, бiр бөлiктiң құны:

бөлiктiң құны = 

25 c  –  20 c

 = 0,5 с.



10

Бөлiктiң құнын бiле отырып, бiз қарастырып отырған секундөлшеуiш қай уақытты көрсететiнiн анықтай аламыз: уақыт =20 с + 4 · 0,5 с = 22 с.

Сонымен, 6-суретте бейнеленген секундөлшеуiштiң тiлi 22 с көрсетедi.


VI. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:

  1. Физикалық шамаларға не жатады?

  1. Физикалық аспапқа не жатады?

  2. Шкаласы бар физикалық аспаптарды атаңдар?

  3. 7-суреттегі термометрдің көрсетуін анықта?

  4. 5-суреттегі мензурканың бөлігінің құнын анықта?

VII. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

1-жаттығудың 1,2,3 сыныпта орындау, 2-жаттығудың 1,2,3,4 сыныпта орындау.



VIII.ДК. Үй тапсырмасын беру: § 10,11 оқуға 1-жаттығудың 4,5; 2-жаттығудың 5

IX. ДК. Баға қою.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет