Сабақтың тақырыбы: Атауыш, көмекші, одағай сөздер
Күні:19қазан
Сабақтың тақырыбы: атауыш, көмекші, одағай сөздер
|
6-сынып
|
Уақыты 9.00-9.45
|
Басқару жоспары
|
Жоспардың мазмұны
|
Сыныппен қалай сәлемдесемін?
Мен сыныппен кабинетке кіргенде сәлемдесемін.
Мен жұмысты қалай бастаймын?
Мен сабағымды психологиялық дайындықтан бастаймын.
Биік-биік таулар бар,
Терең- терең көлдер бар,
Суда жүзетін балықтар бар,
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Сабаққа сәттіліктер тілеу, жылы лебіздер білдіру.Психологиялық дайындықтан кейін үйде дайындап келген тапсырмаларын тексеремін.
Үй жұмысын тексеру:
«Ұлттық аспаптар» тақырыбына шығарған өлеңдерің және эсселерін тексеру.
Жаңа тақырып:
Интерактивті тақтадағы тірек-сызба арқылы оқушылар жаңа тақырыпты ашып, бір – бірімен пікір алысады.
Жаттығулармен жұмыс:
1,2-топ ребус шешуге берілді,ол ребуста атауыш сөздер болды. 3,4-топ одағай сөздерге байланысты жұмбақ жасырылды. Оқушылар бірігіп шешеді.
2/Оқулықпен жұмыс.
100- жаттығуды орындаймыз. Мәтінді көшіріп, мысалдардағы атауыш сөздің астын бір сызықпен, көмекші сөздің астын екі сызықпен, ал одағай сөздерді ирек сызықпен сызу.
3/Интерактивті тақтадағы семантикалық кестені толтыру.
4/Деңгейлік тапсырмалар:
Мен оқушыларды қалай топқа бөл- дім?
Қима суреттер арқылы топқа бөлінді. Әр топтың басшысын тағайындадым.
|
Мақсаты:
1/Атауыш, көмекші, одағай сөздердің ерекшіліктері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.
2.Сыни тұрғыдан модулін негізге ала отырып, оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың топтық жұмыс арқылы бірін –бірі тыңдай білуге,еркін сөйлеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды қалай топтастырамын?
Қима суреттер арқылы топқа бөлінді.
|
«Тәртіпсіз» оқушылармен не істеу керек?
Мұғалім сыпайы, нақты және кәсіпқой болуға тиіс. Мұғалім тарапынан тәртіпке шақыру.
|
Оқушылар нені біледі?
Атауыш, көмекші және одағай сөздердің түрлерін біледі.
|
Сыныпта оқушылар мақсаты бірдей болып табыла ма?
жаңа тақырыпқа байланысты оқушылар дың алдына қойған мақсаттары бір болады.
|
Оқушылар сабақ соңында нені жасай алады және нені үйренеді?
оқушылар өздігінен тірек –сызба, кесте арқылы сабақты талдай алады, топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді
|
Бағалау процесінде оқушыларды қалай тарта аламын?
Бағалау парағын әр оқушыға жеке беру ( өзін – өзі бағалау)
|
Сабақтың сәтті өткенін қалай білемін?
оқушылар жаңа тақырыпты өздері талдап ашуынан. Белсенділік пен қызығушылық танытуы мен
берілген жауаптарына және іс-әрекетіне қарап
|
.
|
Осы тақырыпта қандай тұжырымдамалық қиындықтар бар?
уақытты үнемдеу және дарынды оқушылардың менмендігін жою,
Білім деңгей төмен оқушының шеттеп қалмауы.
|
Менің мақсатым: Жаңа сабақты меңгергенін тексере отыра пысықтау.
|
Қандай келесі жұмыстарды оқушыларға беремін?
Өткенді қайталау сабағында тестік жұмысқа дайындалу.
|
Уақыты:9.00-9.45'>Сабақ мақсаты: Атауыш, көмекші, одағай сөздер
Күні: 19 қазан 3-ші сабақ Уақыты:9.00-9.45
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық және т.б. қажет?
|
2 мин
2 мин
|
Психологиялық дайындық жасалды.
Оқушылардан қаншалықтан дайын- далып келгенін сұралады.
Қима суреттер арқылы топқа бөлу, ережені ұстану
|
Оқушылар жауап береді
Қима суреттер арқылы топқа бөлінді.
Әр топқа топ басшы тағай- ындалып алдына бағалау парағы беріледі.
|
Бағалау парағы
|
10 мин
|
Үй жұмысы:
«Ұлттық аспаптар» тақырыбына шығарған өлеңдерін тексеру.
|
Әр топтан дарынды және талантты оқушылар «Ұлттық аспаптар» тақырыбына шығарған өлеңдерін оқиды.
|
|
7 мин
|
Жаңа тақырып:
Тірек сызба, кесте арқылы тақырыпты ашу.
|
Төрт топтың оқушылары бірлесіп тақырыпты ашады.
|
Тірек-сызба, кесте
|
20мин
|
Жаттығулармен жұмыс:
1/ Ребус, жұмбақтарды шешу.
1,2-топ ребус шешуге берілді ребуста атауыш сөздер жазу керек.
3,4-топ одағай сөздерге байланысты жұмбақ жасырылды.
2/Оқулықпен жұмыс.
100- жаттығуды орындау. Мәтінді көшіріп, мысалдардағы атауыш сөздің астын бір сызықпен, көмекші сөздің астын екі сызықпен, ал одағай сөздерді ирек сызықпен сызу.
3/Интерактивті тақтадағы семантикалық кестені толтыру.
4/Деңгейлік тапсырмалар:
|
Төрт топтың оқушылары бірлесіп жылдам жауап береді
Оқушылар бірігіп, шешеді.
Екі топ жұмбақтардың шешімін табады.
Оқушылар топпен бірігіп жұмыс істейді, өздерінің жұмыстарын талдайды.
Оқушылар бір-бірден шығып семантикалық кестені толтырады
|
Оқулық, плакат, маркер
Интерактивті тақта
|
2 мин
|
Үйге:
ереже жаттау, суреттерден атауыш, көмекші сөздері бар болғандай сөйлем құрастыру.
|
|
|
3 мин
|
Бағалау:
Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалау парақшасына бағалап отырады.
Соңында мен жиынтық баға шығарамын.
|
Топ басшысы бағалау парағы арқылы бағаның қорытындысын айтады
|
Бағалау парағы
|
2 мин
|
Рефлексия өткізу.
|
Стиктерге жауап жазады
|
стиктер
|
Кері байланыс парағы.
Оқушының аты-жөні_________________________________________
Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды
|
Не ұнамады, немесе жаман болды
|
Сабақта нені өзгерткің келеді,сенің қалауың
|
|
|
|
Сабақ соңындағы нәтижелер:
Бүгінгі сабағым маған өте ұнады. Мен сабақты психологиялық дайындықтан бастадым.Үй жұмысына «Ұлттық аспаптар» деген тақырыпқа (қосымша тапсырма ретінде)өз қалаулары бойынша өлең жазып келуге берілді. Осы жерде маған ұнағаным – үлгерімі төмен оқушылар берілген тапсырманы дұрыс болса да, бұрыс болса да жауапкершілікпен орындады. оқыды.Өте жақсы өлең жазып келгендер: Шаткенова Зариат, Халмаан Бұлбұл, Оралова Әсел.Оқушылардың қалаулары бойынша Шаткенова Зариаттың өлеңін газет
Оқушылар жаңа тақырыпты тірек - сызба, кесте арқылы аша білді, бір – бірімен пікір алысып, өз ойын ашық көрсете білді .Әсіресе дарынды оқушылар Шаткенова Зариат пен Халмаан Бұлбұл өз ойын дәл, нақты жеткізіп, білім деңгейлері төмен оқушыларға бұл тақырыпты түсіне білуіне көмектесті. Сабақта оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту модуліне сүйене отырып, деңгейлік тапсырмалар бердім.Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өз қалаулары бойынша таңдап, дәптерлеріне үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен орындады.
Оқушылар өздігінен жұмыс жасады, ұйымшылдық танытып, бірігіп жауап берді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Әсіресе ребус, жұмбақ жасырғанда қызығушылық танытты. Негізінен сабақ сәтті өтті деп айтуға болады. Оқушылардың сабақ барысында қарқынды жұмыс жасауына байланысты уақыт үнемделді. Әр оқушыны топ басшысы бағалап кетті.Оқушылар арасында ешқандай келіспеушілік болған жоқ.
Сабағым сәтті өтті. Оқушылар өте белсенді жұмыс жасады.
Сіз нені дамытар едіңіз? Сабақта мінезі тұйық оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын, топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын, өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай білуін,оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін және сыныптынң ұйымшылдығын, қызығушылығын дамытар едім.Білімдерін әрі қарай дамытар едім.
Сіз нені өзгерткеңіз келеді? Оқушылардың сабақта өзін еркін сезінуі, топтық жұмыста ойларын ашық айтуын , тұйық оқушыларды ашу. Әр сабаққа өздерінің қорытынды ойларын жазуды дағдыға қалыптастырғым келеді.
Сабақты бағалау: 19 қазан
45 минутқа қарастырылған сабақ.
Бәрі қалай өтті?
Сабақтың жағымды сәттері.
Оқушылардың көңіл-күйлері психологиялық ахуал кезінде көтеріңкі болды. Сабақ сәтті деңгейде өтті деп айтуға болады. Өйткені үлгерімі төмен оқушылар белсене қатынасты.
Тапсырмалар орындаған кезде де ұйымшылдық танытып, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындады. Өздерін топтық жұмыста көрсетіп, өз жұмыстарын жақсы қорғап шықты.
Оқушылар критерийге сәйкес бағаланды. Бағалаудың әдістерін пайдалана отырып, сабақта топ басшысы алған бағаларын критерий бойынша талдап, өзім жиынтық баға шығардым. Сабақ сәтті деңгейде өтті деп айтуға болады. Өйткені үлгерімі төмен оқушылар белсене қатынасты.Жалпы алғанда оқушылар сабақты түсінді және белсенділік көрсетті. Осы сабақта ұнағаным оқушылар өзін-өзі бағалаған кезде, бағаларын әділ қойы, өздерінің жіберген қателіктерін таба білді.
Сіз қандай күшті жақтарға сүйенесіз?
Жұмыс қарқынды жүрді, уақытты тиімді пайдаландым. Осы жүргізілген тәжірибиемде бағалаудың критериалды түрі болды. Критерий бойынша бағалау, әр топ формативті бағалайды, мұғалімнің бағасын бағалауымен қоса суммативті баға шығарылады.
Өз мақсатыңызға жетуіңізге не қажет?
Сабақты сапалы жоспарлау және түрлендіріп өткізу. Ақпараттық технологияларды жетік пайдалану. Оқушылардың өткен тақырыпты ұзақ есте сақтаулары.
Достарыңызбен бөлісу: |