Сабақтың тақырыбы : Қазақ даласында туған тарихи шығармалар. Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі43,13 Kb.
#25691
түріСабақ
Пән:Қазақстан тарихы Сыныбы:10

Сабақтың тақырыбы: Қазақ даласында туған тарихи шығармалар.

 Сабақтың мақсаты

-Орта ғасырлардағы ғылым мен әдебиеттің дамуын, қазақ даласынан шыққан даналарды,олардың еңбектерін түсіндіру.

- Жаңа мәліметтерді жинақтап тұжырымдауға, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

-Елін, жерін, құрметтеп қорғауға,іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Сұрақ –жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, баяндау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (сергіту сұрақтары)

2. Үй тапсырмасын тексеру

(карточка, тақтамен жұмыс,картамен жұмыс, мәлімет тексеру)



3.Үй тапсырмасын бекіту :

.1. Орта ғасырлардағы ерте және орта кезіндегі рухани мәдениеттің дамуы қандай бағыттарда жүрді?

2.Ежелгі жазба ескерткіштері мен ерте орта ғасырлардағы жазба ескерткіштердің арасында қандай байланыс бар?

3. «Қорқыт ата», «Оғызнама», «Кодекс Куманикус» ескерткіштері туралы не білесіңдер?

4.Әл-Фарабидің ғылым мен білімге , әсіресе математика ғылымына қосқан қандай жаңалықтары болды?

5.Ахмет Йүгінеки жастарға қандай өсиет айтты?

6.Сайрам мен Түркістан қалаларынан шыққан қандай даналар белгілі?



4. Жаңа сабақ.

Жоспар:

1. «Тарихи-иРашиди».

2. «Жылнамалар жинағы».

3. «Шыңғыснама».

4. «Әбілғазы шежіресі».

Топқа бөлінеді 4-ке,топ атын қорғайды.

1. Тапсырма. Тақтада 4 сан шығып тұрады әр топ бір санан таңдайды,ішінде 2 сұрақтан болады.

1- Әль-Фараби, Отырар

2-М.Қашғари, 1030-1090 ж. «Түрік тілдерінің сөздігі», Шайқы Баба 1187 ж.Хорезм өлкесінде туған.

3.Қ.А.Йассауи, Кесенесі

4- Ж.Баласағұн 1021-1075 ж, «Құтадғу білік » А.Йүгінеки 12ғ.«Ақиқат сыйы»

2.Тапсырма. Сиқырлы сандықша. Ішінде сұрақтар беріледі.

1-М.Х.Дулати 1499-1551ж. «Тарих-и Рашиди»

2.Қ.Жалайыри 1555-1607 ж. «Жылнамалар жинағы»



3.Өтеміс қажы 16 ғ. «Шыңғыснама»

4.Әбілғазы Бахадүр 1603-1664 ж. «Түркімен шежіресі » , «Түрік шежіресі»



3. Тапсырма.Әр топқа сұрақ беріледі.

1-Музыка өнері 2-Айтыс 3-Музыкалық аспаптар 4-Қолөнер

4.Тапсырма. «Тұлғаны таны»

1.Астроном, математик, тарихшы, дәрігер, ақын. 22 жасында әйгілі ғалым ретінде танылып, парсы,араб,грек,үнді тілдерін меңгерген.150-ден астам еңбек жазған.Тұңғыш рет жердің күнді айналып қозғалатыны жөнінде болжам айтты. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын айтқан. Денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютонан 600 жыл бұрын айтқан.Бұл қай тарихи тұлға?Райхан әл Әбу Бируни.(973-1050 ж)

2. «Қазақ сөзінің мағынасы-өз алдына ел болып, еркін жүрген халық»деп жазады. Бұл кім? Ш. Құдайбердіұлы.

3.Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын» деп жазады. Бұл қай тарихи тұлға?

Қ.Жалайыри ( 1555-1607 ж.)

4. «Егер мен Аристотельмен сол заманда өмір сүрсем және онымен кездесіп, дәрісін тыңдасам,онда оның таңдаулы шәкірті болар алар едім»,-деп жауап береді бұл кім?



Әль-Фараби 870-950ж.

5. Сөз есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тілбасыңа сор әр тұста.

Есепті сөз-ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста,- деп, көп сөзді,мылжың болмауға шақырады. Бұл қай тарихи тұлға? А.Йүгінеки.



4. Бекіту: Орта ғасырлық шығармалар

Ғалымдар Өмір сүрген жылдары Шығарманың аты

Әбу-Насыр әл-Ф Әл-Фараби 870-950 ж.ж. «Жұлдыздар бойынша

болжаулар».«Ғылымдардың шығуы» т.б Ж.Баласағұн 1021-1075 ж. «Құтадғу білік»

М.Қашғари 1030-1090 ж. «Түрік тілдерінің сөздігі»

Қ.А.Йасауи 1103-1167 ж. «Даналық кітабы»

Қ.Жалайыри 1555-1607ж. «Жылнамалар жинағы»

М.Х.Дулати 1499-1551 ж. «Тарих и-Рашиди»

А.Йүгінеки 12 ғ. «Ақиқат сыйы»

Өтеміс қажы 16 ғ. «Шыңғыснама»

Ә.БаҺадүр 1603-1664 ж. «Түрік шежіресі»



5. Бағалау: оқушылардың сабаққа қатысуы мен араласуына байланысты тиісті бағасын қою.

Кестемен жұмыс.





Аты-жөні

Еңбектері

1







2







3







4







9. Бекіту сұрақтары

10. Қорытындылау.

Үй тапсырмасы: Қазақ даласында туған тарихи шығармалар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет