ОҚО Ордабасы ауданы Бадам елді мекені
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих пәнінің мұғалімі:Қойжігіт Шолпан Нұржігітқызы
«Үздік мұғалімнің үздік сабағы» байқауы бойынша облыс көлемінде
таратылған жинаққа енген үлгілі сабақ
Қазақстан тарихы 11 «Ә» (қоғамдық – гуманитарлық бағыт)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ жерінде ежелгі сақ дәуіріндегі жазу – сызудан бастап, көне түркі әліпбиіне, орта ғасырлардағы түркі, араб, қыпшақ тілдеріндегі жазба әдебиетке талдау жасай отырып, XIV – XVғғ. қазақ тілінің түркі тілдерінің қыпшақ тобы, қыпшақ–ноғай тармағынан бөлініп шығуы туралы түсінігін қалыптастыру, Ресей отаршылдығы тұсындағы тіл мәселесін жіктей отырып, Кеңестік дәуірдегі тіл мәселесін тәуелсіздік жылдарындағы тіл мәселесімен салыстыру арқылы оқушылардың тарихи-танымдылығын арттыру.
Дамытушылық: Тақырыпты талдау, салыстыру, әсер етуші факторлар мен күрделі проблемаларды анықтау, жіктеу, жинақтау арқылы оқушы-лардың жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған тілге деген құрмет сезімі арқылы елжан-дылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық карталар, құрылымдық сызба–таблицалар, интерактивті тақта, БАҚ материалдары, анимациялық фильмдер.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, өнер, география, бейнелеу өнері.
Сабақтың түрі: Семинар сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелілік – құрылымдық тәсіл
Семинардың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (2минут).
ІІ.Семинар тапсырмасын тексеру:1.Сынып төрт топқа бірігіп, топтық жұмыс жүргізеді.Әр топ мүшелері құрылымдық сызба кестенің орталық бөлігіне (плакатқа маркермен) тірек сызбалар сызады (3минут). 2.Кестенің орталық бөлігіндегі (теориялық білім) тірек сызбалар арқылы әр топ мүшелері мәліметтерді талдайды, салыстырады, жіктейді (3минуттан 12 минут).
3.Әр топ жұптық жұмыс бойынша тақырыптағы әсер етуші факторлар мен күрделі проблемаларды анықтайды (2минуттан 8минут).
4.Құрылымдық кестенің зерттеу бөлігінде жеке жұмыс бойынша рефераттар қорғалып (4 оқушы), қосымша ғылыми деректемелерді, құжат материалдарды пайдалана отырып, тақырып бойынша алған білімдерін оқушылар жинақтайды (2минуттан 8минут).
ІІІ. Семинар сабағының проблемалы сұрақтары:
1.Үш тілді меңгеру тиімділігі қандай? (4 минут)
Жолдауда Елбасы үш тіл туралы тиімді ойлар айтқан. Үш тілді бірдей меңгеру азаматтардың тұлғалық қасиетін анықтайды. Орта ғасырларда түркітілдес халықтардың зиялылары үш тілде сөйлеген. Билікке қатысты түрікше, поэзияға қатысты болса – парсы, ал философияға, дінге, дүниетанымға қатысты әңгімелер болғанда, зиялылар араб тілінде сөйлеу дәстүрі болған. Бұл Абай өмір сүрген заманға дейін жеткен. Хакім Абай бес тілді: қазақ, түрік, орыс, парсы, араб тілдерін білген.
«Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгерту үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі.Ағылшын тілін меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады -деді Елбасы халыққа жолдаған Жолдауында.
2. 2025жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру мәселесі
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Біз 2025жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын.
Жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесу кезінде Елбасы: «Латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылыми – білімімен қарым - қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға және бізге экономикалық және ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады», -деп атап көрсетті.
IV.Семинар сабағын қорытындылау:«Ой – тұжырым» (4минут).
1-топ:Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы сақ тайпаларында ешбір жазу болмаған деген пікірді жоққа шығарса, екіншіден, олар үнді – иран тілдес болды деген пікірдің де қателігін дәлелдеді.
2-топ:Түріктердің әліпбиі өздерінің ру–тайпаларының таңбалары негізінде жасалған.Сондықтан да көне руналық жазу – түріктердің төл жазуы. Бұл пікір тарихта осы күнге дейінгі, түрік жазуы соғды жазуы негізінде жасалған деген пікірді жоққа шығарды.
3-топ: Қалыптасқан мемлекеттің «Қазақстан –2050» Стратегиясында Елбасы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша Қазақстандықтардың қолданыс тіліне айналады» - деп атап көрсетті.
4-топ:«Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз» - деді Елбасы Жолдауында.
V. Семинар сабағын қорытып, оқушыларды бағалау (3минут).
VI. Үйге тапсырма:Қазақ тілінің қалыптасу тарихы (1минут).
Тірек сызбаларды жетілдіру.
Қосымша материалдармен жұмыс жүргізу.
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 1-топ
Мәліметтерді талдау:
Көне жазулар
Көне түркі әліпбиі:
Орхон-Енисей таңбалары
|
Көне жазулар
Сақ дәуіріндегі жазу-сызу
1960ж. Ертіс өзеніндегі 1970ж. Есік қорғанындағы
тұмардағы жазу күміс тостағандағы жазу
(б.з.б.V-IVғғ) (26 таңба)
«Ақ сықын –Ақ марал» «Аға, саған (бұл) ошақ!
Бөтен (жат ел адамы)
«Талас» жазуы тізеңді бүк! Халықта
азық-түлік (мол болғай)!».
Турколог А. Аманжолов
Көне түркі әліпбиі
Орхон таңбалары Енисей
құлпытас
Н.М. Ядринцев (1889ж.) Д. Миссершмидт ,
(Солт. Монғ.,Орхон өз.) Ф.Страленберг
(XVIIIғ. 20ж.)
Руна жазуы 35таңба
В. Томсен (1893ж)
В. Радлов
Көне ескерткіштер: «Күлтегін», «Тоныкөк» жазбалары.
|
Күрделі проблемалар:
1.Сақ тайпалары үнді-иран тілдес болды деген қате пікірдің қалыптасуы.
2. Түрік жазуы соғды жазуы негізінде пайда болды деген қате пікірдің қалыптасуы.
|
Әсер етуші факторлар:
1.Өнердің дамуы.
2. Мемлекеттің қалыптасуы.
3. Көне түркілердің руналық жазуды ойлап табуы.
4. Ерте о/ғ мемлекеттер көне түркі әліпбиін қарым -қатынас құралы ретінде пайдалануы.
|
Зерттеу:
Рефераттар:
Сақ дәуіріндегі жазу-сызу
Көне түркі жазуы
Талас жазуы
|
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 2-топ
Мәліметтерді талдау:
Орта ғасырлардағы жазулар:
Соғды жазуы;
Түркі тіліндегі жазба әдебиет;
Қыпшақ тіліндегі жазба әдебиет;
Араб алфавиті;
|
Орта ғасырлардағы жазулар:а) Соғды жазуы /парсы жазуы/
ә) Түркі тіліндегі жазба в) Қыпшақ тіліндегі жазба
әдебиет /VIII – IXғғ./ әдебиет(XIII-XVғғ)
«Қорқыт ата» кітабы * «Кодекс куманикус»
«Оғызнама» дастаны * «Мухаббатнама»
* «Араб-қыпшақ сөздігі»
(1021-1075)
«Құтты білік» г) *XIV-XV ғғ түркі тілдерінің
Ахмет Иугінеки қыпшақ тобы,
«Ақиқат сыйы» қыпшақ – ноғай тармағынан
«Ақиқат сыйы»
қазақ тілі
б) IX-XIIғғ араб әліпбиі *Қ . Жалайыри(1530-1605)
М. Қашғари « Жылнамалар жинағы»
«Түрік сөздерінің жинағы» / қазақ тілінде/
«Даналық кітабы»
|
Күрделі проблемалар:
1.Түркілердің өз тілін қорсынып, араб, парсы сияқты жат елдің тілінде сөйлеуі, шығарма жазуы.
2. Араб жазуының қабылдан-уына /ислам діні/ байланысты түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылуы.
|
Әсер етуші факторлар:
1.Жазудың орта ғасырлық мемлекеттерде қарым-қатынас құралына айналуы.
2.Қыпшақ тілінің халық-аралық қатынастарда сөздік ретінде пайдалануы.
3. Ислам дінінің енуіне байланысты араб әліпбиін қолдануы.
|
Зерттеу:
Рефераттар:
Ж. Баласағұни
«Құтты білік»
Қ. А. Йасауи
« Даналық кітабы»
|
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 3-топ
Мәліметтерді талдау:
1.Патшалы Ресей
отаршылдығы
тұсындағы
тіл мәселесі
|
Патшалы Ресей тұсындағы тіл мәселесі.
Азиялық училище (1789ж.)
Омбы(1813), Орынбор(1825) әск. училищ.
(монғол,маньчжур, (Сібір кадет корпусы, Неплюев
қытай ,парсы) кадет корпусы)
Ірі медреселер Орынбор шекаралық
(араб тілі, орыс тілі) комиссиясы жанындағы
мектептер (1850ж)
(орыс,араб,парсы, татар)
Діни мектеп , медреселер
Орыс тілі міндетті XIXғ алдында бастауыш оқу
Орыс сыныптары орындары,қыздар, ер балалар
гимназиялары, приход мектептері
Ішкі Ордадағы мектеп
1841жылғы (татар, орыс тілдері) Орыс -қазақ аралас ауылдық
мектептер.
Семей, Өскемен училищелері Ы. Алтынсарыұлы (1841-1889)
. Қырғыз хрестоматиясы
Қырғыздарды орыс тіліне
үйретуге негізгі басшылық.
|
Күрделі проблемалар:
1.Патша үкіметінің отаршылдық саясаты: орыстандыру.
2. Отарлау саясаты
-білім беруді шектеу. Әкімшілік қысым.
3. Мұғалімдердің жетіспеуі.
4.Қаржының аздығы.
5. Оқу құралдарының жетіспеуі.
|
Әсер етуші факторлар:
1.Капитализмнің дамуы, маман кадрлар қажеттілігі.
2. Патша үкіметінің отаршылдық басқару жүйесіне тілмаштарды даярлау қажеттілігі.
3. Шенеунік әкімшілік мұқтаждығына қызметкерлердің жетіспеуі.
|
Зерттеу:
Рефераттар:
XIXғасырдағы халық ағарту ісі
XXғасыр басындағы халық ағарту ісі
|
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 4-топ
Мәліметтерді талдау:
Кеңестік дәуірдегі тіл
мәселесі
Тәуелсіздік
жылдарындағы
тіл мәселесі
|
1.Кеңестік дәуірдегі тіл мәселесі.
Араб әліпбиінен Латынданған қазақ жазуы
латын әліпбиіне орыс графикасына
көшірілді көшірілді /1940 ж/.
(1928-1932жж.)
. «Қазақ КСР-ындағы тілдер туралы
Қазақ КСР-ының» Заңы (1989ж. 22.09.)
Тәуелсіздік жылдарындағы тіл мәселесі.
Ата Заң «Тілдердің үштұғырлығы»
1995ж.30тамыз жобасы.
Елбасы жолдауы:
ҚР-дағы тіл саясатының «Қазақстан-2050»
Тұжырымдамасы 1996ж стратегиясы -қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси
«Қазақстан Республикасындағы бағыты» (2012ж. 14.12)
Тілдер туралы» Заңы
1997ж.11шілде
2025 жылы латын
әліпбиіне көшіру
Тілдерді қолдану мен дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасы
1.2001-2011жж
2.2011-2020жж
|
Күрделі проблемалар:
Кеңестік дәуірде қазақ тілінің қолданыс аясының тарылуы.
2. Іс -қағаздардың орыс тілінде жүргізілуі.
3.Қазақ жастарының өз тілін шұбарлап сөйлеуі белең алуы.
|
Әсер етуші факторлар:
Кеңес үкіметінің жазу-сызуға реформа жасауы.
Қазақстанның
мемлекеттік тілі-қазақ тілінің Ата Заңмен бекітілуі.
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуы.
Қазақ тілін кеңінен
қолдану жөніндегі
кешенді шаралар.
|
Зерттеу:
Рефераттар:
«Тіл тағдыры- ел тағ-дыры»
«Тілдердің үштұғырлығы»
|
«Тілдердің үштұғырлығына» байланысты
11 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен өтілген ашық сабаққа
рефлексиялық есеп
Мектебімізде өтілген «Тілдердің үштұғырлығы» бойынша аудандық семинарға байланысты 11 «Ә» сынып оқушыларымен «Қазақ тілінің қалыптасу тарихы» тақырыбында семинар сабағын өттім.Бұл сабақтағы еркін тақырып қайталау сабағының орнына өтілді.Оқушылардың қызығушылықтары ескеріле отырып, тақырып таңдап алынды.Оқушылар бұл сабаққа қатысты дайындық жұмыстарын жүргізді.Олар ежелгі дәуірдегі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі замандағы тіл мәселесіне, жазудың қалыптасуы, оқу-ағартуға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізді.Семинардың проблемалы сұрақтары «Үш тілді меңгеру тиімділігі қандай?», «2025жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру мәселесі» бойынша оқушылар БАҚ материалдарымен танысты.
Сынып 4 топқа бірігіп, берілген тапсырма бойынша топтық жұмыста құрылымдық сызбаның орталық бөлігіне тірек сызбалар сыза білді.Олар топтық жұмыста ұйымдаса отырып, өздері сызып келген тірек-сызбалардың ең үздіктерін құрылымдық сызбаның орталық бөлігіне түсірді.Содан кейін әр топтан топбасшының ұйғаруы бойынша баяндамашылардың 3 минуттан тақырыпты салыстырып, жіктеп, талдай білуі табысты болды.Келесіде оқушылардың жұптаса отырып, тақы-рыптағы сұрақтар бойынша әсер етуші факторлар мен күрделі проб-лемаларды нақты анықтауы олардың тақырыппен жете жұмыс жасағандары байқалды. Құрылымдық кестенің зерттеу бөлігінде жеке жұмыс бойынша рефераттар қорғауы (4 оқушы), қосымша ғылыми деректемелерді, құжат материалдарды пайдалана отырып, тақырып бойынша алған білімдерін жинақтауы табысты болды. 3-тапсырма бойынша семинар сұрағының проблемалы сұрақтарын талдауы, өз ойларын еркін жеткізе білулері, белсенділік танытулары сабақты жақсарта алды.Оқушылардың көзқарастарынан тілдерді білуге деген құштарлықтары, елімізде үш тілді меңгертуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайтындықтары, сондай-ақ, ана тіліне деген құрмет сезімдері байқалды.«Ой-тұжырым» бойынша оқушылардың семинарды қорытындылауы сабақты жақсарта түсті.Өйткені, оқушылар тақырып бойынша ой-қорытуларында тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білді.Жалпы оқушылар семинар сабағына үлкен дайындықпен, ізденіспен келгені маған да, ашық сабаққа қатысушыларға да ұнады.Оқушылар тақырып бойынша мәтіннен алған білімдерін қолдана отырып, тірек-сызбалар сыза білді.Әсер етущі факторлар мен күрделі проблемаларды анықтап, мәліметтерді, сұрақтарды талдады. Зерттеу жұмыстары бойынша рефераттар қорғап, тақырыпты жинақтақтады. «Ой-тұжырым» бойынша тақырыпқа өздерінің бағаларын берді.
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 1-топ
Мәліметтерді талдау:
Көне жазулар
Көне түркі әліпбиі:
Орхон-Енисей таңбалары
|
Көне жазулар
Сақ дәуіріндегі жазу-сызу
1960ж. Ертіс өзеніндегі 1970ж. Есік қорғанындағы
тұмардағы жазу күміс тостағандағы жазу
/б.з.б.V-IVғғ/ (26 таңба)
«Ақ сықын –Ақ марал» «Аға, саған (бұл) ошақ!
Бөтен (жат ел адамы)
«Талас» жазуы тізеңді бүк! Халықта
азық-түлік (мол болғай)!».
Турколог А. Аманжолов
Көне түркі әліпбиі
Орхон таңбалары Енисей
құлпытас
Н.М. Ядринцев (1889ж.) Д. Миссершмидт ,
(Солт. Монғ.,Орхон өз.) Ф.Страленберг
(XVIIIғ. 20ж.)
Руна жазуы 35таңба
В. Томсен /1893ж/
В. Радлов
Көне ескерткіштер: «Күлтегін», «Тоныкөк» жазбалары.
|
Күрделі проблемалар:
1.Сақ тайпалары үнді-иран тілдес болды деген қате пікірдің қалыптасуы.
2. Түрік жазуы соғды жазуы негізінде пайда болды деген
қате пікірдің қалыптасуы.
|
Әсер етуші факторлар:
1.Өнердің дамуы.
2. Мемлекеттің қалыптасуы.
3. Көне түркілердің руналық жазуды ойлап табуы.
4. Ерте о/ғ мемлекеттер көне түркі әліпбиін қарым -қатынас құралы ретінде пайдалануы.
|
Зерттеу:
Рефераттар:
Сақ дәуіріндегі жазу-сызу
Көне түркі жазуы
Талас жазуы
|
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 2-топ
Мәліметтерді талдау:
Орта ғасырлардағы жазулар:
Соғды жазуы;
Түркі тіліндегі жазба әдебиет;
Қыпшақ тіліндегі жазба әдебиет;
Араб алфавиті;
|
Орта ғасырлардағы жазулар:а) Соғды жазуы /парсы жазуы/
ә) Түркі тіліндегі жазба в) Қыпшақ тіліндегі жазба
әдебиет /VIII – IXғғ./ әдебиет(XIII-XVғғ)
«Қорқыт ата» кітабы * «Кодекс куманикус»
«Оғызнама» дастаны * «Мухаббатнама»
* «Араб-қыпшақ сөздігі»
(1021-1075)
«Құтты білік» г) *XIV-XV ғғ түркі тілдерінің
Ахмет Иугінеки қыпшақ тобы,
«Ақиқат сыйы» қыпшақ – ноғай тармағынан
«Ақиқат сыйы»
қазақ тілі
б) IX-XIIғғ араб әліпбиі *Қ . Жалайыри(1530-1605)
М. Қашғари « Жылнамалар жинағы»
«Түрік сөздерінің жинағы» / қазақ тілінде/
«Даналық кітабы»
|
Күрделі проблемалар:
1.Түркілердің өз тілін қорсынып, араб, парсы сияқты жат елдің тілінде сөйлеуі, шығарма жазуы.
2. Араб жазуының қабылдануына /ислам діні/ байланысты түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылуы.
|
Әсер етуші факторлар:
1.Жазудың орта ғасырлық мемлекеттерде қарым-қатынас құралына айналуы.
2.Қыпшақ тілінің халық-аралық қатынастарда сөздік ретінде пайдалануы.
3. Ислам дінінің енуіне байланысты араб әліпбиін қолдануы.
|
Зерттеу:
Рефераттар:
Ж. Баласағұни
«Құтты білік»
Қ. А. Йасауи
« Даналық кітабы»
|
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 3-топ
Мәліметтерді талдау:
1.Патшалы Ресей
отаршылдығы
тұсындағы
тіл мәселесі
|
Патшалы Ресей тұсындағы тіл мәселесі.
Азиялық училище (1789ж.)
Омбы(1813), Орынбор(1825) әск. училищ.
/монғол,маньчжур, /Сібір кадет корпусы, Неплюев
қытай ,парсы/ кадет корпусы/
Ірі медреселер Орынбор шекаралық
/араб тілі, орыс тілі/ комиссиясы жанындағы
мектептер (1850ж)
/орыс,араб,парсы, татар /
Діни мектеп , медреселер
Орыс тілі міндетті XIXғ алдында бастауыш оқу
Орыс сыныптары орындары,қыздар, ер балалар
гимназиялары, приход мектептері
Ішкі Ордадағы мектеп
1841жылғы /татар, орыс тілдері/ Орыс -қазақ аралас ауылдық
мектептер.
Семей, Өскемен училищелері Ы. Алтынсарыұлы (1841-1889)
. Қырғыз хрестоматиясы
Қырғыздарды орыс тіліне
үйретуге негізгі басшылық.
|
Күрделі проблемалар:
1.Патша үкіметінің отаршылдық саясаты: орыстандыру.
2. Отарлау саясаты
-білім беруді шектеу. Әкімшілік қысым.
3. Мұғалімдердің жетіспеуі.
4.Қаржының аздығы.
5. Оқу құралдарының жетіспеуі.
|
Әсер етуші факторлар:
1.Капитализмнің дамуы, маман кадрлар қажеттілігі.
2. Патша үкіметінің отаршылдық басқару жүйесіне тілмаштарды даярлау қажеттілігі.
3. Шенеунік әкімшілік мұқтаждығына қызметкерлердің жетіспеуі.
|
Зерттеу:
Рефераттар:
XIXғасырдағы халық ағарту ісі
XXғасыр басындағы халық ағарту ісі
|
Тақырып: Қазақ тілінің қалыптасу тарихы 4-топ
Мәліметтерді талдау:
Кеңестік дәуірдегі тіл
мәселесі
Тәуелсіздік
жылдарындағы
тіл мәселесі
|
1.Кеңестік дәуірдегі тіл мәселесі.
Араб әліпбиінен Латынданған қазақ жазуы
латын әліпбиіне орыс графикасына
көшірілді көшірілді /1940 ж/.
(1928-1932жж.)
. «Қазақ КСР-ындағы тілдер туралы
Қазақ КСР-ының» Заңы /1989ж. 22-қыркүйек/
Тәуелсіздік жылдарындағы тіл мәселесі.
Ата Заң «Тілдердің үштұғырлығы»
1995ж.30тамыз жобасы.
Елбасы жолдауы:
ҚР-дағы тіл саясатының «Қазақстан-2050»
Тұжырымдамасы 1996ж стратегиясы -қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси
«Қазақстан Республикасындағы бағыты» (2012ж. 14.12)
Тілдер туралы» Заңы
1997ж.11шілде
2025 жылы латын
әліпбиіне көшіру
Тілдерді қолдану мен дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасы
1.2001-2011жж
2.2011-2020жж
|
Күрделі проблемалар:
Кеңестік дәуірде қазақ тілінің қолданыс аясының тарылуы.
2. Іс -қағаздардың орыс тілінде жүргізілуі.
3.Қазақ жастарының өз тілін шұбарлап сөйлеуі белең алуы.
|
Әсер етуші факторлар:
Кеңес үкіметінің жазу-сызуға реформа жасауы
Қазақстанның
мемлекеттік тілі-қазақ тілінің Ата Заңмен бекітілуі
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуы
Қазақ тілін кеңінен
қолдану жөніндегі
кешенді шаралар
|
Зерттеу:
Рефераттар:
«Тіл тағдыры - ел тағдыры»
«Тілдердің үштұғырлығы»
|
Достарыңызбен бөлісу: |