Сабақтың тақырыбы : «Баскетбол. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар»



Дата18.03.2017
өлшемі94,92 Kb.
#11953
түріСабақ
142 орта мектеп

Тақырыбы: Баскетбол. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар

Сыныбы: 6–сынып

Пән мұғалімі: Көшербаев Б.

2015-2016 оқу жылы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Баскетбол. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дене тәрбиесі мен спорт саласында қажетті білімдер беру. Оқушылардың жылдамдық, күш, шыдамдылық қасиеттерін дамыту. Саламатты өмір салтын ұстанып, дені сау тұлға тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушыларға сабақтағы қимыл-қозғалыс сәттерін орындап көрсету, техникасын шеберлеп жасауды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың шапшаңдыққа, төзімділікке,қайсарлыққа, жылдамдыққа баулу, жалпы спорттық ойындардағы техникасын дамыту

Тәрбиелілік: Жаттығу жасау барысында жаттығуды мұқият асықпай жасауға, басқа оқушыға кедергі жасамай орындауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Алған білімдерін жетілдіру

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Ойын сабақ

Өтілетін орны: спорт зал

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырық, плакат, маркер.

І. Ұйымдастыру бөлімі: 15-минут
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, мәлімет қабылдау, сабаққа даярлау.


Жүру жаттығулары:

  1. қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру;

  2. қол белде, өкшемен жүру;

  3. қол алда, жартылай отырып жүру;

  4. қол желкеде, толық отырып жүру;

Жүгіру жаттығулары:

  1. Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру;

  2. Қолды артқа ұстап, өкшені қолға тигізіп жүгіру;

  3. Қол белде, алға еңкейіп жүгіру;

  4. Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

  5. Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

  6. Қолды еденге қойып, алдыға жүгіру;

  7. Қолды еденге қойып, аяқты алдыға қойып жүгіру;

  8. Отырып жүру (қыздар);

  9. Сап бойынша жүру;

  10. Тынысты қалыпқа келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ұлттық ойындарды атау

  2. Тоғызқұмалақта құмалақ салатын шұңқырды не деп атайды?

  3. Арқан тартуға пайдаланылатын арқан ұзындығы қанша?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Баскетбол ойынының аумағы 26х14 м болатын алаңда өткізіледі. Себет 260 см биіктікте болуы тиіс. Әр команда құрамында 5 ойыншы болады. Бір команда екіншісінің торына доп салуға ұмтылады, ал екінші команда өз кезегінде бұған кедергі келтіреді. Допқа ие болған команда – шабуылдаушы, ал добы жоқ команда – қорғаушы деп аталады. Допты ұстап жүгіруге болмайды. Баскетбол ойынында қорғану дегеніміз – допты ыршытып алып келе жатқан қарсыластың алдынан шығып, екі қолды жоғары көтере оның алдамақшы болған қозғалысын аңду және оның қозғалысын үнемі бақылауға алу. Ойында қорғану әдістерінің ең негізгісі – ұшып келе жатқан допқа таласа білу және допты алып келе жатып қорғана білу. Ұшып келе жатқан допқа таласу бір орында тұрып ойыншы қандай биіктікке секіре алатынына да байланысты. Қорғанудың екінші әдісі – торға лақтырылған допқа таласа білу. Ойын ережесін тез меңгеру үшін қосымша жаттығулар жасау керек.



 
Негiзгi бөлiм:

Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

1-ші топқа арналған тапсырма:

  1. Допты еденге домалату арқылы белгіленген межеге барып қайту;

  2. Допты кеуде тұста лақтырып, межеге бару, қайтарда жерге ұрып қайту;

  3. Допты кеуде тұстан мұғалімге беріп, рет-ретімен ауысып отыру.

2-ші топқа арналған тапсырма:

  1. Допты оң қолмен еденге ұру арқылы межеге барып, қайтарда сол қолмен ұрып қайту;

  2. Қарама-қарсы тұрып, допты кеуде тұста ұзақтан лақтыру;

  3. Домаланып тұрып, допты қабылдау.

Баскетбол ойынын ойнау









ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Оқушыларды бағалау.

  2. Жеңген топты марапаттау.

  3. Үйге тапсырма беру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет